Асхаби кирамға мойынсұну
Сұрақ: Тирмизиде білдірілген хадис шәрифте: «Асхабыма (сахабаларыма) және оларға бағынғандарға (табиинге) мойынсұныңдар!» делінген. Расулуллаһ неліктен «Құранға және маған бағыныңдар!» демей, «Асхабыма, тіпті асхабыма бағынғандарға мойынсұныңдар!» деген? Жауап: Асхаби кирамға мойынсұнғандарға Табиин делінді. Бір аяти кариманың мағынасы: «(Сахабалардан) Мухажир және Ансардың ізімен жүргендерден (оларға бағынғандардар) Аллаһ разы. Олар да Аллаһтан разы. Аллаһ оларға жәннатты дайындады.» (Тәубе 100) Бұл аяти каримада Асхаби кирамға және олардың ізімен жүрген Табиин деп аталатын мұсылмандарға бағыну керектігі білдірілген. Бір хадис шәрифтің мағынасы: «Сахабаларым аспандағы жұлдыздар сияқты. Қайбіріне ерсеңдер де хидаятқа (тура жолға) жетесіңдер.» (Табарани, Бәйһақи, И.Асакир, Хатиб, Дәйләми, Дарими, И.Мунауи, И.Адий) Жоғарыдағы аяти карима және хадис шәриф табиин деп аталатын мұсылмандарға бағынған адам Асхаби кирамға бағынған болып саналатындығын көрсетіп тұр. Асхаби кирам Расулуллаһқа, ал Расулуллаһ Аллаһу та’алаға бағынғандықтан осылай айтылған. Сонымен қатар Бұхаридегі хадис шәрифте де: «Менен кейін сүннетіме және Хулефа-и рашидиннің сүннетіне мойынсұныңдар!» делінген. Бұл жерде де Хулефа-и рашидиннің (алғашқы төрт халифаның) Расулуллаһтың жолында екендігі білдірілген. Аллаһу та’ала да: «Тек маған бағыныңдар, тек маған мойынсұныңдар» демеген, «Аллаһқа және Расулына мойынсұныңдар» деп бұйырған. (Али Имран 32) Расулуллаһқа бағынған адам да Аллаһу та’алаға бағынған болып саналады. Бір аяти кариманың мағынасы: «Расулға мойынсұнған адам Аллаһқа мойынсұнған болады.» (Ниса 80) Демек, Расулуллаһтың жолы Аллаһ білдірген жолдан өзгеше емес. Асхаби кирамға бағынған адам Расулуллаһқа бағынған болады. Өйткені Асхаби кирамның жолы Расулуллаһтың жолынан өзгеше емес.Табиинге бағынған адам да Асхаби кирамға бағынған болады. Имам Ағзам хазреттері табииннен еді. Демек имам Ағзамның мазһабында болған адам шежіре жолымен Асхаби кирамға, Расулуллаһқа және Аллаһу та’алаға бағынған болады. Бірақ Құраннан түсінгеніне бағынған адам Аллаһқа емес, өз түсінгеніне бағынған болады. Құран кәрімді сүйікті пайғамбарымыз түсіндірген. Оның сөздерін Асхаби кирам түсіндірген. Бұл нәзіктікті түсініп әркім өз шегін білу керек, аяттан және хадистен үкім шығаруға кіріспеу керек. |