19 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     21 - Қараша, 2024 жыл.   


Бисмиллаһтың қасиеті

Сұрақ: «Әузу» мен «Бисмиллаһ»-тың мағынасы қандай?

Жауап:

Әузу биллаһи минашшайтанир ражим дегеніміз – Аллаһтың мейірімінен ұзақ болған және ашуына ұшырап, дүние мен ахиретте құрыған шайтаннан Аллаһу та’алаға сиынамын, қорғанамын, жәрдем күтемін.

Ал Бисмиллаһир рахманир рахим дегеніміз – әр бар болған болмысты оны жарату арқылы, болмыста ұстап тұру арқылы, жоқ болудан сақтау арқылы жақсылық жасаған Аллаһу та’аланың жәрдемімен бұл ісімді бастай аламын деген сөз.

(«Әузу» дегеніміз – «Әузу биллаһи минашшайтанир ражим» сөзі, ал «Бисмиллаһ» дегеніміз – «Бисмиллаһир рахманир рахим» деген сөз.» Төменде Бисмиллаһ деп өткен сөздер «Бисмиллаһир рахманир рахим» деген мағынаны береді.)

 

Бисмиллаһтың қасиеті

Сұрақ: Бисмиллаһтың қасиеті қандай?

Жауап: Ең алғаш жазылған жазу Бисмиллаһ. Адам алейһиссаламға алғаш келген уахи Бисмиллаһ. Мүминдер Бисмиллаһтың жәрдемімен Сырат көпірінен өтеді. Жәннат шақыруының қолтаңбасы Бисмиллаһ.

Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Ұстазы балаға Бисмиллаһты (яғни«Бисмиллаһир рахманир рахим» сөзін)  оқыса, бала да айтса, Аллаһу та’ала баланың, оның ата-анасының және ұстазының Жәһаннамға кірмеуі үшін құжат жаздырады.» (С.Әбәдийа)

«Құран кәрімнің кілті – Бисмиллаһ.» (С.Әбәдийа)

«Бисмиллаһ – бүкіл кітаптардың кілті.» (Хатиб)

«Бисмиллаһпен желінген тамақ берекетті болады.» (Ибн Мажа)

«Бисмиллаһпен басталмаған әрбір маңызды іс нұқсан болып қалады.» (Бәйһақи)

«Үйге кірерде Бисмиллаһ айтылса, шайтан “Бұл үйге кіруіме мүмкіндік жоқ” деп, бұрылып кетіп қалады.» (Тибйан)

«Амал дәптерінде жеті жүз Бисмиллаһ бар болған адамды Аллаһу та’ала тозақтан шығарады.» (Тәрғиб-ус салат)

«Бисмиллаһпен жазу жазған адамның қажеттіліктеріне жету оңай болады, Аллаһу та’ала да разы болады.» (Дәйләми)

«Ісін Бисмиллаһпен бастаған адамның күнәлары кешіріледі.» (И.Рафии)

«Тамақтануды Бисмиллаһпен бастап, соңында Әлхамдулиллаһ деген адамның әлі дастарханнан тұрмай-ақ күнәлары кешіріледі.» (Табарани)

«Бисмиллаһпен желінген тамақ берекетті болады.» (Ибн Мажа)

«Қиыншылыққа түскен адам “Бисмиллаһиррахманиррахим уә лә хаула уә лә қууата илла биллаһил алийил азим” десе, әртүрлі қиыншылықтардан құтылады.» (Дәйләми)

«Мың рет Бисмиллаһ оқыған адамның төрт мың үлкен күнәсы кешіріледі.» (Тәрғиб-ус салат)

«Бисмиллаһ жазылған бір қағазды жерден көтерген адам сыддықтардан жазылады.» (Тәрғиб-ус салат)

«Бисмиллаһсыз иіссу себінген адам шайтандарға да иіссу сепкен болады.» (Ибн Сүнни)

«Шайтаннан қорғану үшін тамақтануды Бисмиллаһпен бастаңдар!» (Табарани)

«Су ішерде Бисмиллаһ айтыңдар, болғаннан соң Әлхамдулиллаһ деңдер және үш демде ішіңдер!» (Ибн Сүнни)

«Тамақтануды бастарда Аллаһу та’аланың есімін еске алыңдар, яғни Бисмиллаһ айтыңдар! Басында Бисмиллаһ айтуды ұмытқан адам, есіне түскен кезде “Бисмиллаһи алә әууәлиһи уә ахириһи” десін!» (Әбу Дауд, Тирмизи, Хаким)

«Тамақтануды бастаған адам Бисмиллаһи десін. Бисмиллаһ деуді ұмытса, есіне түскен кезде “Бисмиллаһи алә әууәләһу уә ахираһу” десін.» (Ибн Мажа)

«Шайтаннан қорғану үшін тамақтанғанда, демалғанда және түнде ұйықтарда Бисмиллаһ айтыңдар!» (Табарани)

«Дәретханаға кірерде айтылған Бисмиллаһ жындардың көзіне перде болады, әурет жерлерді көре алмайды.» (Тирмизи)

«Есігін Бисмиллаһпен жапқан адам шайтаннан қорғанады. Бір шыбықпен болса да ыдыстарды Бисмиллаһпен жабыңдар!» (И.Хиббан)

«Шайтан Бисмиллаһ айтылмай желінген тамақты өзіне халал деп біледі.» (Мүслим)

«Шайтаннан қорғану үшін үйге кіргенде сәлем беріңдер және тамақты Бисмиллаһпен жеңдер!» (Табарани)

«Үйден шығарда “Бисмиллаһи, тәуәккәлту аләллаһ, лә хаула уә лә қууата илла биллаһ” деген адам қауіптерден қорғанады және шайтан одан ұзақтайды.» (Тирмизи)

«Йа Расулуллаһ, көп тамақ жесек те тоймаймыз, тамақтың берекеті болмайды» делінген кезде, Расулуллаһ: «Тамақты жеке емес, бірге жеп, Бисмиллаһ айтылса, берекетті болады» деп жауап берді. (Ибн Мажа)

Сүйікті пайғамбарымыз Бисмиллаһ айтып суды үш демде ішетін, болғанда Әлхамдулиллаһ дейтін еді. (И.Сүнни)

 

Сұрақ: Істерімізді бастағанда қысқаша Бисмиллаһ деп айту жеткілікті ме?

Жауап: Жеткілікті. «Һ» әрпі анық белгілі болу үшін «Бисмиллаһи» деу дұрысырақ.

Бисмиллаһпен басталған істі бітірген кезде де «Әлхамдулиллаһ» деу керек, яғни Аллаһу та’алаға шүкір ету керек!

Ибрахим сүресінің «Шүкір етсеңдер әлбетте ниғметімді арттырамын» мағынасындағы жетінші аяти каримасы мен «Кіші немесе үлкен ниғметке қауышқан адам "Әлхамдулиллаһ" десе, Аллаһу та’ала ол адамға бұл ниғметтің жақсырағын береді» және «Ішіп-жегеннен кейін "Әлхамдулиллаһ" деген адамнан Аллаһу та’ала разы болады» хадис шәрифтері ниғметке шүкір етілетін болса, әрі қолдағы ниғметтің жоқ болудан сақталатыны, әрі жаңа ниғметтерге де қолжеткізілетініне себеп болатындығы білдірілуде. (Т.Ғафилин)

 

Бисмиллаһпен бастау

Сұрақ: Барлық жақсы істерді Бисмиллаһпен бастау керектігіне қарағанда, хаттарды, электрондық хаттарды Бисмиллаһпен бастау қажет емес пе?

Жауап: Бисмиллаһты Ислам әріптерімен жазу керек. Алайда Бисмиллаһты қазіргі хаттардың аяқасты болып кетуі мүмкін болғандықтан, хаттарда жазбаған дұрысырақ болады. Электрондық хаттарда және қол хаттарда Ислам әріптерімен жазылған түрін латын немесе кирилл әріптерімен сәйкестендіріп жазбау керек. Ислам әріптерімен жазылған қол хаттарды және Ислам әріптерімен жазылған электрондық хаттарды Бисмиллаһпен бастау сүннет. Ұлы Ислам ғалымы Дост Мұхаммед Кандихари хазреттері 29-шы хатында былай деген:

Сүйікті пайғамбарымыз хаттардың басында Бисмиллаһир рахманир рахим деп жазатын еді. Мысалы Дыхия Кәлби арқылы Рим императоры Гераклға жіберген хатын Бисмиллаһпен бастады. Хатты, кәпірге жазылса да, Бисмиллаһпен бастау сүннет. Худәйбийа жорығында хазреті Әлиге Бисмиллаһ жазуын әмір етті.

Барлық жақсы, қайырлы істерді Бисмиллаһпен бастау керек.