20 - Жамазиәл-ахир, 1446 жыл.
     21 - Желтоқсан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Әдеп-ахлақ / Ислам ахлақы / ХАЙЗ ЖӘНЕ НИФАС БАБЫ

ХАЙЗ ЖӘНЕ НИФАС БАБЫ

Хайз мерзімінің ең азы үш күн, ең көбі он күн. Нифастың ең азында шектеу жоқ, қай кезде тоқтаса, ғұсыл алып, намаз оқуы және ораза ұстауы қажет. Ең көбі қырық күн. Егер хайз қаны үш күннен бұрын тоқтаса, хайз деп санап намазын оқымаған болса, онда қазасын өтейді. Ғұсыл қажет емес. Және егер үш күн болған кезде тоқтаса, ғұсыл алып, уақыт намазын оқиды. Он күн болған кезде тоқтаса да, тоқтамаса да ғұсыл алып, намазын оқиды. Хайз бен нифас күндерінде әр түрлі ағынтының бәрі қан үкімінде болады. (Сары болса да, бұлыңғыр болса да).

Хайздың он күнінің немесе нифастың қырық күнінің ішінде бір-екі күн қан келмесе, тоқтады деп ойлап, ғұсыл алып ораза тұтса, кейіннен қайтадан мерзім ішінде қан келсе, сол оразалардың қазасын өтеу қажет. Тоқтаған кезінде қайтадан ғұсыл алуы қажет болады. Егер әдетінен бұрын тоқтаса, бірақ үш күннен кейін болса, ғұсыл алып намазын оқиды. Алайда әдет күндері толмағанша күйеуімен жима жасауға (қосылуға) болмайды. Нифас та осындай. Егер әдеттен кейін тоқтаса, бірақ он күнде немесе одан бұрын тоқтаса, мұның бәрі хайз болады. Егер он күн өтсе де тоқтамай ақса, әдетінен кейінгісі хайз болмайды, бұл күндерінің намазын қаза етеді. Нифастың қырық күні де хайздың он күні сияқты.

Рамазанда таң атқаннан кейін хайз және нифас тоқтаса, сол күнді ешнәрсе ішіп-жемей өткізуі керек. Бірақ, бұл ораза болып саналмайды. Кейін қазасын ұстауы қажет болады. Сондай-ақ, егер таң атқаннан кейін қан келсе, екіндіден кейін көрсе де, сол күні жұрттан жасырып ішіп-жейді. Жалпы әрбір әйел қан көрсе, намаз бен оразадан бас тартады. Және егер үш күн өтпестен тоқтаса, намаздың соңғы уақытына дейін күтеді, қан көрінсе, намаз оқымайды. Егер келмесе, дәрет алып намазын оқиды, егер қайтадан қан келсе, қайтадан намаз оқуды тоқтатады. Егер қайтадан тоқтаса, намаздың соңғы уақытына дейін күтіп, келмесе дәрет алып намазын оқиды. Үш күнге дейін осылай жасайды, ғұсыл алу қажет емес. Тек қана дәрет алуы жеткілікті болады. Үш күннен кейін тоқтаса, қайтадан намаздың соңына дейін күтеді, келмесе ғұсыл алып намазын оқиды, келсе намаздан бас тартады. Өткен айдағы күндерімен салыстырғанда он күнге жеткен болса, одан кейін ғұсыл алып намазын оқиды, қан ақса да оқиды. Нифаста да осындай. Бірақ, нифаста әр тоқтағанда ғұсыл алу қажет. Тіпті бір күнде тоқтайтын болса да. Рамазанда егер таң атпай тоқтаса ниет етіп, оразасын ұстайды. Егер сәске уақыты немесе екіндіден кейін қайтадан қан келсе, бұл ұстағаны ораза болмайды. Сол күнімен бірге кейін қаза етеді.

Егер түсік түсетін болса, саусағы, шашы, аузы немесе мұрны белгілі болса, бүтін бала туғандай үкімде болады. Егер ешбір мүшесі белгілі болмаса, нифас болмайды. Бірақ, үш күн немесе одан да көп ағатын болса хайз болады. Егер хайздың тоқтағанына он бес күн немесе одан көп болып түскен болса және үш күннен бұрын тоқтайтын болса немесе хайздың тоқтағанына әлі он бес күн толмаған болса, бұл хайз болмайды. Мұрыннан қан аққандай үкімде болады. Намазын оқуы керек. Және оразасын да ұстайды. Күйеуімен қосылудан бұрын ғұсыл алу қажет емес.

[Ұлы Ислам ғалымы Мұхаммед Биргиуи “рахметуллаһи алейһ” әйелдердің хайз және нифас жағдайларын Ханафи мазһабы бойынша баяндаған «Зухр-ул-мутәәһһилин» деп аталатын өте құнды кітап жазған. Кітап араб тілінде жазылған. Аллама-и Шами Сәйид Мұхаммед Әмин ибн Абидин “рахимә-һуллаһу та’ала” бұл кітапты біраз ауқымдырақ етіп жазып«Мәнһәл-ул-уәридин» деп атаған. Имам Биргиуи 981 [м.1573] жылы оба ауруынан қайтыс болды. Қабірі Түркияда Өдемиш ауданының Бирги ауылында. Ибн Абидин 1252 [м. 1836] жылы Шамда қайтыс болды.«Мәнһәл»-да былай делінген: "Әр мұсылман еркектің және әйелдің илмихал үйренуі парыз екендігін фиқһ ғалымдары ауыз бірлігімен білдірген. Сондықтан, әйелдердің және күйеулерінің хайз бен нифас мәселелерін үйренулері қажет. Күйеулері әйелдеріне үйретуі керек, өздері білмесе, білетін әйелдерден үйренуіне рұқсат беруі керек. Күйеуі рұқсат бермеген әйелдің күйеуінің рұқсатынсыз барып үйренуі қажет. Әйелдерге қатысты болған бұл ілім қазірде ұмытылған, білетін дін адамы қалмағандай. Қазіргі заманның дін адамдары хайз, нифас және истихаза қандарын ажырата алмайды. Бұл жөнінде егжейлі-тегжейлі жазып түсіндірілген кітаптары да жоқ. Кітабы бар болғандар да оқып түсіне алмайды. Себебі, бұл ілімді түсіну қиын. Алайда дәрет, намаз, Құран кәрім, ораза, итикаф, қажылық, балиғатқа толу, үйлену, ажырасу, әйелдің иддет уақыты, истибра және тағы да басқа көптеген діни амалдар үшін қан ілімдерін үйрену қажет. Осы ілімді жақсылап түсіну үшін, өмірімнің жартысын кетірдім. Үйренгендерімді дін бауырларыма қысқа әрі нұсқа түсіндіруге тырысамын:

«Хайз» – сегіз жасқа толған, дені сау бір қыздың немесе әдет уақыты соңғы минутынан толық тазалық мерзімі өткен әйелдің алдынан шығатын және ең азы үш күнге созылатын қанға айтылады. Бұған «Сахих қан» да делінеді. Әдет уақытынан кейін басталған он бес немесе одан да көп күн ішінде мүлдем қан көрінбесе және басы мен соңы хайз күндері болса, бұл таза күндерге «Сахих тазалық» делінеді. Он бес немесе одан да көп таза күннен бұрын немесе кейін, не болмаса екі сахих тазалық арасында фасид қан күндері бар болса, бұл күндердің барлығына «Хукми тазалық» немесе«Фасид тазалық» делінеді. Қан көрілмеген он бес күннен аз күндерге де«Фасид тазалық» делінеді. Сахих тазалыққа және хукми тазалыққа«Толық тазалық» делінеді. Толық тазалықтан бұрын және кейін көрініп, үш күн жалғасқан қандар екі бөлек хайз болады. Ақтан басқа барлық түсті болғанына және бұлыңғыр болған ағынтыға хайз қаны дейді.

Бір қыз хайз көре бастаған кезінде «балиғатқа» толады. Яғни әйел болады. Қан келген сәттен тоқтаған кезге дейінгі күндердің мөлшері «әдет уақыты» деп аталады. Әдет уақытының ең көбі он күн, ең азы үш күн. Шафии мен Ханбали мазһабтарында ең көбі он бес, ең азы бір күн.

Хайз қанының тоқтамай ағуы қажет емес. Алғашқы көрінген қан тоқтап, бірнеше күннен кейін қайта көрінсе, арадағы үш күннен аз болған тазалық ғалымдардың ауыз бірлігімен үздіксіз ақты деп қабыл етіледі. Үш күн және одан да көпке созылған тазалық хайздың оныншы күнінен бұрын бітсе, Имам Мұхаммедтің “рахимә-һуллаһу та’ала” имам Ағзам Әбу Ханифадан “рахимә-һуллаһу та’ала” риуаят еткені бойынша, он күн ішінде үздіксіз ақты деп қабылданады. Имам Мұхаммед білдірген басқа риуаят та бар. Ал имам Әбу Юсуфтың “рахимә-һуллаһу та’ала” айтуынша, он бесінші күнінен бұрын біткен бүкіл тазалық күндерінде үздіксіз ақты деп қабыл етіледі. Бір қыз бір күн қан, кейін он төрт күн тазалық, кейін бір күн қан көрсе және бір әйел бір күн қан, он күн тазалық, бір күн қан көрсе, немесе үш күн қан, бес күн тазалық, бір күн қан көрсе, имам Әбу Юсуф “рахимә-һуллаһу та’ала”  бойынша қыздың алғашқы он күні хайз болады. Бірінші әйелдің әдет күніндей мерзімі хайз болып, кейінгі күндерінің барлығы истихаза болады. Екінші әйелде тоғыз күннің барлығы хайз болады. Имам Мұхаммедтің “рахимә-һуллаһу та’ала” бірінші риуаяты бойынша, тек екінші әйелде тоғыз күні хайз болады. Имам Мұхаммедтің екінші риуаяты бойынша, тек екінші әйелде алғашқы үш күні хайз болып, қалғандары хайз болмайды. Біз кітабымызды «Мултәқа»-дан аударып, төмендегі мәліметтердің бәрін Имам Мұхамедтің бірінші риуаяты бойынша жаздық. Бір тәулік – толық жиырма төрт сағат деген сөз. Күйеуге шықпаған әйелдердің тек хайз кездерінде ғана, үйленгендердің болса барлық уақытта алдыңғы әдеп мүшелерінің алдына «Күрсуф» деп аталатын мата немесе мақта қоюлары және оған иіссу жағулары мүстаһаб болып табылады. Күрсуфті толығымен әдеп мүшенің ішіне кіргізіп қою мәкрух. Күрсуфінде айлар бойы күнде қан дағын көрген қыздың, алғашқы он күні хайз болып, кейінгі жиырма күні истихаза болып қабылданады.«Истимрар» деп аталатын бұл тамшылап тұратын қан тоқтағанға дейін осылай жалғаса береді. Бір қыз үш күн қан көріп, бір күн көрмесе, кейін бір күн көріп, екі күн көрмесе, бір күн тағы көріп, бір күн көрмесе, қайтадан бір күн көрсе, осы он күннің барлығы хайз болады. Әр айда, бір күн қан көріп, бір күн көрмесе, осылай он күн бойы бір күн көріп, бір күн көрмесе, қан көрген күндерінде намаз бен оразаны тәрк етеді. Ертеңгі күндерінде ғұсыл алып намаздарын оқиды (Мәсәил-и шәрһи уиқайя). Үш күннен, яғни жетпіс екі сағаттан бес минут болса да аз болған және жаңадан басталған әйелде он күннен көп созылса, оныншы күннен кейін және жаңадан болмағандарда әдеттен көп болып, он күннен де асып кетсе, әдеттен кейінгі күндерде келген, екіқабат, аисә (кәрі) әйелдерден және тоғыз жастан кіші болған қыздардан келген қандар хайз болмайды. Бұған «Истихаза»немесе «фасид қан» делінеді. Әйел адам елу бес жасынан асқанда «аисә»болады. Әдеті бес күн болған әйел, күннің жартысы шыққанда қан көріп, он бірінші таңда күннің үште екісі шыққанда қан тоқтаса, яғни он күннен бірнеше минут асқан болса, әдет уақыты болған бес күннен кейін келгендері истихаза болады. Себебі, күннің шығу уақытының алтыдан бірі шамасында он күн мен он түнді асқан болады. Он күн толық өткеннен кейін ғұсыл алып, әдеттен кейінгі күндерде оқымаған намаздарының қазасын өтейді.

Истихаза күндеріндегі әйел зәрін ұстай алмайтын немесе үнемі мұрны қанайтын адам сияқты кешірімді-үзірлі жағдайда болады. Ондайлардың намаз оқуы, ораза тұтуы қажет болады және қан келіп жатқан болса да қосылу (жыныстық қатынас) жаиз болады.

Имам Мұхаммедтің “рахимә-һуллаһу та’ала” бір қаулысы бойынша, бір қыз өмірінде алғаш рет бір күн қан көрсе, кейін сегіз күн көрмесе және оныншы күні қайтадан көрсе, он күннің барлығы хайз болады. Бірақ, бір күн көрсе, тоғыз күн көрмесе, он бірінші күні қайтадан көрсе, ешбірі хайз болмайды. Қан көрілген екі күн истихаза болады. Себебі, оныншы күннен кейін көрілген қаннан бұрынғы таза күндерінің хайз болып саналмайтыны жоғарыда айтылды. Оныншы және он бірінші күндері қан көрсе, арадағы тазалықтар да хайз болып саналып, он бірінші күні истихаза болады.

Истихаза қаны – аурудың белгісі. Ұзақ уақыт бойы ағуы қауіпті болады. Дәрігерге көріну қажет болады. Сангдрагон-(айдаһар қаны) деп аталатын қызыл сағызды домалақтап, таңертең-кешке бір грамнан сумен жұтылса, қанды тоқтатады. Күніне бес грам қабылдауға болады. Әйелдің хайз және тазалық мерзімі көбінесе әр айда белгілі бір күнде болады. Бұл жердегі бір бір ай дегеніміз – бір хайздың басынан, екінші хайздың басына дейін өтетін уақыт деген сөз. Әр әйелдің өзінің хайз бен тазалық күндер мерзімін және сағаттарын, яғни әдеттерін жаттауы қажет. Әдеттері жылдар бойы өзгермейді. Өзгеретін болса, жаңа әдетін, яғни жаңа хайз және тазалық күндерін жаттауы қажет.

Әдеттің өзгеруін «Мәнһәл» кітабы былай түсіндірген: Әйел алдыңғы әдетінің уақыты мен сағатына сай қан көрген болса, хайздың өзгермегені аңғарылады. Сай болмаса, әдетінің өзгергені аңғарылады, мұның түрлері төменде білдірілді. Бір рет сай болмаса, әдет өзгерді деп қабыл етіледі. Пәтуа да осындай. Әдеті бес күн болған әйел сахих тазалықтан кейін алты күн бойы қан көрсе, бұл алты күн жаңа хайзы және жаңа әдеті болады. Тазалық күндер мерзімі де бір реттен өзгереді. Бұл өзгерген болса, әдет уақыты да өзгерген болады. Әдеті бес күн қан және жиырма бес күн тазалық күндері болған кезде, уақытында үш күн қан және жиырма бес күн тазалық күндері болса немесе бес күн қан және жиырма үш күн тазалық болса, біріншісінде қан, екіншісінде таза күндердің мөлшері өзгерген болады. Осы сияқты, он күннен асып фасид болған қан болса және бұның соңғы үш немесе одан да көп күні алдыңғы әдеті болған күндеріне сай болса және алдыңғы әдетінен қалған соңғы бөлімі жаңа сахих тазалыққа сай болса, әдеті болған күндерге сай келген күндер жаңа әдеті болады. Әдеті өзгерген болады. Әдеті бес күн болған кезде, тазалық мерзімі бітпестен жеті күнге ерте қан басталса және он бір күн жалғасса, бұл қан он күнен асқандықтан фасид қан болады. Мұның үш күннен көбі, яғни төрт күні, алдыңғы әдет күндерінің ішінде болады, алдыңғы әдетінен асқан бір күні жаңа сахих тазалық ішінде болады. Әдет уақыты өзгермеген, мерзімі төрт күн болған. Осы екі түрде әдеттің өзгеруін тағы да түсіндірейік:

Алғашқы мөлшерінен өзгеше болған кейінгі қан күндері он күннен көп болады және мұның үш немесе одан көп күні, алдыңғы әдет күндерінің ішінде болмаса, әдеттің мерзімі өзгереді. Мөлшері өзгермей, алғаш көрген күннен бастайды. Әдеті бес күн болған әйел, кейінгі айда осы бес күнде мүлдем қан көрмесе немесе басындағы үш күнінде көрмей, кейін он бір күн көрсе, алғашқы көрілген күннен бастап хайзы бес күн болып, уақыты өзгерген болады. Үш немесе одан да көп қан күндері алдыңғы әдет күндері ішінде болса, тек осы күндері ғана хайз болып, қалғаны истихаза болады. Әдетінен бес күн ерте қан көрсе, әдеті уақытында көрмесе және әдетінен кейін бір күн көрсе, арадағы бес таза күн Имам Әбу Юсуф бойынша хайз болады, әдеті өзгермейді. Әдетінің соңғы үш күні және кейін сегіз күн қан көрсе, мұның алғашқы үш күні хайз болып, мөлшері өзгерген болады. Кейінгі қан күндері он күннен аспаса және кейіннен сахих тазалық болса, барлығы хайз болады. Кейінгі тазалық фасид болса, әдеті өзгермейді. Әдеті бес күн болып, алты күн қан, кейін он төрт күн тазалық және бір күн қан көрсе, әдеті өзгермейді. Жоғарыда баяндалғандар түсінікті болу үшін, әдеті бес күн хайз және елу бес күн тазалық болған әйелмен он бір мысал келтірейік:

1) Бұл әйел бес күн хайз, он бес күн тазалық және он бір күн қан көрсе, әдет қаны елу бес күннен кейін болғандықтан, алдыңғы әдеті ішінде қан кездеспейді. Әдеттің уақыты өзгеріп, саны өзгермейді. Он бір күннің алғашқы бесеуі де хайз болады.

2) Бес күн қан, қырық алты күн тазалық және он бір күн қан болса, он бір күннің соңғы екеуі алдыңғы әдет уақыты ішінде болса да, үштен аз болғандықтан, әдеттің саны өзгермейді. Тек уақыты өзгереді.

3) Бес күн қан, қырық сегіз күн тазалық, он екі күн қан болса, он екі күннің жетеуі тазалық және бесеуі әдет ішінде болып, ешқандай өзгеріс болмайды.

4) Бес күн қан, елу төрт күн тазалық, бір күн қан, он төрт күн тазалық, бір күн қан болса, ортадағы бір қан күні тазалықтың соңғы күні болады. Он төрт күн нұқсан тазалық болғандықтан, қан күндері болады. Мұның басындағы бес күні хайз болады. Әдеттің уақыты мен саны өзгермейді.

5) Бес күн қан, елу жеті күн тазалық, үш күн қан, он төрт күн тазалық, бір күн қан болса, үш күн қан әдет уақытынан болады. Бұдан кейінгі он төрт күн қан болып саналып, он бір күннен асқандықтан, әдеттің тек саны ғана өзгереді.

6) Бес күн қан, елу бес күн тазалық, тоғыз күн қан болса, тоғыз күннен кейін сахих тазалық болса, тоғыз күн хайз болады. Тек саны ғана өзгереді. Әдет уақытында да, кейінірек те үш күннен артық бар.

7) Бес күн қан, елу күн тазалық, он күн қан болса, он күні хайз болады. Тазалық әдеті елу болады. Қан күндері әдет уақыты мен санында болады.

8) Бес күн қан, елу төрт күн тазалық, сегіз күн қан болса, сегіз күн хайз болып, үш күннен көбі әдет ішінде болады. Хайз және тазалық сандары бір күнге өзгерген болады.

9) Бес күн қан, елу күн тазалық, жеті күн қан болса, жеті күн хайз болып, мұның нисаб мөлшері әдеттен бұрын, үш күннен азы әдеттің ішінде болады. Хайздың уақыты мен саны, ал тазалықтың тек саны өзгерген болады.

10) Бес күн қан, елу сегіз күн тазалық, үш күн қан болса, үш күн тағы да хайз болып, мұның екі күні әдет күндерінің ішінде, ал біреуі кейін болады. Хайздың саны мен уақыты, ал тазалықтың саны өзгерген.

11) Бес күн қан, алпыс төрт күн тазалық, жеті күн немесе он бір күн қан болса, біріншісінде жеті күн хайз болып, сан мен уақыт өзгереді. Екінші жағдайда он бір күннің басындағы бес күні хайз болып, алты күні истихаза болады. Әдеттің тек уақыты ғана өзгереді. Саны он күннен асқандықтан өзгермейді. Тазалық әдетінің саны өзгереді.

Имам Фахруддин Осман Зәйлаи “рахимә-һуллаһу та’ала” «Тәбйин-ул-хақаиқ» кітабында және Ахмед Шилбидің “рахимә-һуллаһу та’ала” хашиясында былай делінген: «Әдетінен бір күн бұрын қан, он күн тазалық, бір күн қан көрсе, имам Әбу Юсуф бойынша “рахимә-һуллаһу та’ала” қан көрмеген он күн мен хайз басталып әдетінің мөлшеріндей жалғасады. Жаңа хайздың әуелгі және соңғы күндері қансыз болуда. Өйткені әдеттен бұрын және он күннен кейін қан көрілген болып, арадағы фасид тазалық қан болып саналады. Имам Мұхаммед “рахимә-һуллаһу та’ала” бойынша мұның ешбір күні хайз болмайды. Әдеті бес күн қан және жиырма бес күн тазалықта болған әйел:

1) Бір күн бұрын қанды, бір күн таза болса, кейіннен қан жалғасса және он күннен асса, Әбу Юсуф бойынша бес күн әдеті хайз болады. Алдыңғы және кейінгі күндер истихаза болады. Имам Мұхаммед бойынша әдетіне сай түскен үш қан күні хайз болады. Бұлар да әдетінің екінші, үшінші және төртінші күндері болады. Себебі, әдетінің бірінші күні қан көрмеген болады. Көрген күндерінің бесінші күні болса әдеттің сыртында болады.

2) Әдетінің бірінші күнінде қан көрсе, кейіннен бір күн тазалық, содан соң қан жалғасып он күннен асса, сөз бірлігімен бес күн әдеті хайз болады. Өйткені алғашқы және соңғы күндері қанды болды.

3) Әдеттің алғашқы үш күнінде қан көрсе, басқа екі күні таза болса, кейіннен жалғасып он күннен асса, Әбу Юсуф бойынша әдеті болған бес күн хайз болады. Имам Мұхаммед бойынша әдетінің алғаш үш күні хайз болады. Себебі, Имам бойынша хайздың алғашқы және соңғы күндерінің қанды болуы қажет.»

«Бахр»-да және «Дуррул-мунтақа»-да былай делінген: «Қан әдет уақытынан асып, он күннен бұрын тоқтайтын болса, тоқтағаннан кейін он бес күннің ішінде мүлдем келмесе, артық келген күндердің хайз болатыны сөз бірлігімен білдірілді. Бұл жағдайда әдет күні өзгерген болады. Он бес күн және түн ішінде бір рет қан келсе, әдетінен асқандар хайз емес, истихаза болады. Истихаза екендігі мәлім болғанда, сол күндерде оқымаған намаздарын қаза етеді.» Әдеттен кейін және он күннен бұрын тоқтаған әйелдің намаз уақытының соңы жақындағанға дейін күтуі мүстаһаб болады. Содан соң ғұсыл алып, сол уақыттың намазын оқиды. Бұдан кейін қосылу жаиз болады. Күтіп жүргенде ғұсыл мен намазды өткізіп алса, намаздың уақыты шыққаннан соң ғұсылсыз қосылу жаиз болады.

Қызда ең алғаш рет және әйелде әдетінен он бес күн кейін көрінген қан үш күннен бұрын тоқтайтын болса, намаз уақытының соңы жағындағанға дейін күтеді. Содан соң ғұсыл алмастан, тек қана дәрет алып, сол намазды оқиды және алдынды оқымағандарының қазасын өтейді. Сол намазды оқығаннан кейін қан қайтадан келетін болса, намаз оқымайды. Қайтадан тоқтаса, уақыттың соңына қарай тек дәрет алып, сол намазды оқиды және оқымағандары бар болса қазасын өтейді. Үш күн толық болғанға дейін осылай жасайды. Бірақ ғұсыл алса да, қосылу (жыныстық қатынас) халал болмайды.

Қанның келуі үш күннен асқан болса, әдеттен бұрын тоқтайтын болса, әдет уақыты өткенге дейін ғұсыл алса да жыныстық қатынас халал болмайды. Бірақ намаз уақытының соңына дейін қан ізін көрмесе, ғұсыл алып сол намазды оқиды. Оқымағандарының қазасын өтемейді. Ораза тұтады. Қан тоқтаған күннен кейін он бес күн бойы мүлдем келмесе, тоқтаған күн жаңа әдетінің соңы болады. Бірақ, қан қайтадан басталса, намазды тоқтатады. Тұтқан оразасын Рамазаннан кейін қаза етеді. Қан тоқтаса, қайтадан намаз уақытының соңына қарай ғұсыл алып, намазын оқиды. Ораза тұтады. Он күнге дейін осылай жалғасады. Он күннен кейін қан көрсе де қайтадан ғұсыл алмай-ақ оқиды және ғұсылдан бұрын қосылу халал болады. Бірақ қосылудан бұрын ғұсыл алу мүстаһаб болады. Таң атудан бұрын қан тоқтаса, таңның атуына тек ғұсыл алып, киімін киетіндей уақыт болып, Аллаһу әкбар дейтіндей артық уақыт қалмаса, сол күннің оразасын тұтады. Бірақ, құптанның қазасын өтеуі қажет болмайды. Тәкбірді айтатындай уақыт та бар болса, құптанның қазасын оқуы да қажет болады. Ауызашардан бұрын хайз басталса, оразасы бұзылады. Рамазаннан кейін қазасын өтейді. Намаздың ішінде хайз басталса, намазы бұзылады. Тазаланғаннан соң парыз намазының қазасын оқымайды. Нәпілдің қазасын өтейді. Таң атқаннан кейін, оянған кезінде күрсуфінде (мата) қан көрсе, сол мезетте хайзды болады. Оянғанда күрсуфы таза болса, жатарда хайздан құтылған болады. Екі жағдайда да құптанды оқуы парыз. Себебі, намаздың парыз болуы, уақытының соңғы минутында таза болуға байланысты. Уақыт намазын оқымай тұрып хайз болған әйел сол намаздың қазасын өтемейді.

Екі хайздың арасында «Толық тазалық» болу қажет. Осы толық тазалық «Сахих тазалық» болса, алдыңғы және кейінгі қандардың екі бөлек хайз болатыны сөз бірлігімен білдірілді. Он күндік хайз мерзімі ішінде қан көрілген күндер арасындағы болған тазалық күндері хайз деп қабыл етілуде, он күннен кейінгі истихаза күндер болса, таза деп қабыл етілуде. Бір қыз үш күн қан көріп, кейін он бес күн тоқтаса, содан соң бір күн қан, кейін бір күн таза, кейін үш күн қан көрсе, қан көрілген алғашқы және соңғы үш күндер екі бөлек хайз болады. Өйткені әдеті үш күн болғандықтан, екінші хайз арадағы бір күндік қаннан бастала алмайды. Бұл бір күн алдындағы толық тазалықты фасид қылады. Молда Хусрев “рахимә-һуллаһу та’ала” «Гурәр»-інің шәрһінде былай дейді: «Бір қыз бір күн қан, он төрт күн тазалық, бір күн қан, сегіз күн тазалық, бір күн қан, жеті күн тазалық, екі күн қан, үш күн тазалық, бір күн қан, үш күн тазалық, бір күн қан, екі күн тазалық, бір күн қан көрсе, Имам Мұхамед “рахимә-һуллаһу та’ала” бойынша осы қырық бес күннің тек он төрт күннен кейін болған он күні хайз болып, қалғандары истихаза болады.» Себебі, бұл он күннен кейін толық тазалық болмағандықтан, жаңа хайз басталмайды. Кейінгі таза күндер хайз уақытында болмағандықтан үнемі ақты деп қабыл етілмейді. (Ал имам Әбу Юсуф “рахимә-һуллаһу та’ала” бойынша алғашқы он күн және екі жағы таза болған төртінші он күн хайз болады.) Өйткені, кейінгі фасид тазалық күндері имам Әбу Юсуф “рахимә-һуллаһу та’ала” бойынша үнемі ақты деп қабыл етіледі. Төмендегі бірінші бөлім бойынша, он күн хайздан кейін жиырма күн тазалық, содан соң он күн [төртінші он күн] хайз болады.

Он бес күннің ішінде мүлдем таза күн болмастан қан Истимрар етсе (жалғасса), әдетіне қарай есептеледі. Яғни әдетінен кейін басталып бір ай бұрыңғы ай ішіндегі тазалық күні сияқты тазалық және кейін әдеті сияқты хайз қабыл етіледі.

Истимрар (тоқтамай жалғасу) қызда болса, «Мәнһәл-ул-уаридин»кітапшасында мұның төрт түрлі екендігі баяндалған:

1) Көрілген қан истимрар етсе, алғашқы он күн хайз, кейінгі жиырма күн таза деп қабыл етіледі.

2) Қыз сахих қан және сахих тазалық көргеннен кейін истимрар ететін болса, бұл қыз әдеті белігілі болған әйел болады. Мысалы, бес күн қан көрсе, кейін қырық күн тазалық болса, истимрардың басындағы бес күн хайз, кейінгі қырық күн таза деп қабыл етіледі. Қан тоқтағанға дейін осылай жалғасады.

3) Фасид қан және фасид тазалық көрсе, екеуі де әдет болып қабыл етілмейді. Тазалық он бес күннен аз болғандықтан фасид болса, алғашында көрілген қан истимрар еткен сияқты болып қабылданады. Он бір күн қан және он төрт күн таза болса, кейін истимрар етсе, бірінші қан он күннен асқаны үшін фасид болады. Он бірінші және истимрардың алғашқы бес қан күндері тазалық күндері болып, осы бесінші күннен кейінгі он күн хайз, жиырма күн тазалық болып жалғасын табады. Тазалық толық болып, қанды күн араласқаны үшін фасид болса, мұндай фасид тазалық пен қан күндерінің барлығы отыздан аспаса, қайтадан алғашқы қан истимрар еткен сиықты болып қабыл етіледі. Он бір күн қан және он бес күн тазалықтан кейін истимрар етуі осындай болады. Он алты күннің алғашқы күні қанды болғаны үшін фасид тазалық болады. Истимрардың алғашқы төрт күндері тазалық болады. Жиынтығы отыздан асатын болса, алғашқы он күні хайз болып, кейін истимрарға дейінгі күндердің барлығы таза деп қабыл етіліп, истимрардан кейін он күн хайз, жиырма күн таза болып жалғасады. Он бір күн қан, кейін жиырма күн тазалықтан кейін истимрар ету осындай.

4) Сахих қан және фасид тазалық көрілсе, сахих қан күндері әдет болады. Содан соң отыз күнге дейін тазалық деп қабыл етіледі. Мысалы, бес күн қан және он төрт күн тазалықтан кейін истимрар етсе, алғашқы бес күн қан және бұдан кейінгі жиырма бес күн таза болады. Бұл жиырма бес күнді толықтыру үшін истимрардың алғашқы он бір күні таза деп қабыл етіледі. Бұдан кейін, бес күні хайз, жиырма бес күні таза болып жалғасады. Дәл осылай үш күн қан, он бес күн тазалық, бір күн қан және одан кейін он бес күндік тазалықтан кейін истимрар етсе, алғашқы үш күн сахих қан және олан кейін истимрарға дейінгі күндерінің барлығы фасид тазалық болып, үш күн хайз, содан соң отыз бір күн тазалық болады. Истимрар уақытында болса, үш күн хайз, одан кейін жиырма жеті күн тазалық болып жалғасады. Екінші тазалық он төрт күн болатын болса, имам Әбу Юсуф “рахимә-һуллаһу та’ала” бойынша үнемі ақты деп қабыл етілетіндіктен, мұның алғашқы екі күні де хайз, кейінгі он бес күн тазалық болып жалғасады. Себебі алғашқы үш күн қан және он бес күн тазалық сахих болғандықтан әдет деп қабыл етіледі.

Әдет уақытын ұмытқан әйелге «Мухайира» немесе «Даллә»делінеді.

«Нифас» – жаңадан босанған әйел деген сөз. Қолдары, аяқтары, басы белгілі болған түсікте келетін қан да нифас болады. Нифас уақытының азы жоқ. Қан тоқтаған кезде ғұсыл алып намазын бастайды. Бірақ, әдет шамасындай күн  өтпестен жыныстық қатынасқа түсе алмайды. Ең көп уақыты – қырық күн. Қырық күн толық болған кезде қан тоқтамаса да, ғұсыл алып, намазын бастайды. Қырық күннен кейін келетін қан истихаза болады. Бірінші баласында жиырма бес күнде тазаланған әйелдің әдеті жиырма бес күн болады. Бұл әйелдің екінші баласында қан қырық бес күн бойы келсе, нифасы жиырма бес күн болып саналып, жиырма күні истихаза болады. Жиырма күндік намаздарының қазасын өтейді. Сондықтан нифас күнін де жатқа білу қажет. Екінші балада қан қырық күннен бұрын, мәселен отыз бес күнде тоқтаса, мұның барлығы нифас болады және әдеті жиырма бес күннен отыз бес күнге өзгерген (ауысқан) болады.

Рамазанда сәресінен (яғни фәжрден, таң атқаннан) кейін хайздан немесе нифастан құтылған әйел сол күні ішіп-жемейді. Бірақ, сол күннің қазасын ұстайды. Хайз және нифас сәресінен кейін басталса, екіндіден кейін басталса да, ол күні ішіп-жейді.

Хайз және нифас күндерінде намаз, ораза, мешіттіің ішіне кіру, Құран кәрім оқу және ұстау, тауаф, жыныстық қатынас төрт мазһабта да харам болады. Оразалардың қазасын ұстайды. Намаздарын қаза етпейді. Намаздары кешіріледі. Әр намаздың уақытында дәрет алып, жайнамаздың үстінде сол намазды оқитындай уақыт отырып зікір, тәсбих етсе, ең жақсы оқыған намазының сауабын алады.

«Жәуһәра» кітабында былай делінген: «Әйелдің хайзының басталғанын күйеуіне білдіруі қажет. Күйеуі сұраған кезде білдірмесе, үлкен күнә болады. Таза кезінде хайз басталды деп айтуы да үлкен күнә болып табылады. Пайғамбарымыз “саллаллаһу алейһи уә сәлләм” «Хайзының басталғанын және біткенін өз күйеуінен жасыратын әйел – малғұн»деген. Хайз халінде де, таза кезінде де әйелдің артынан жақындау харам болып табылады. Үлкен күнә.» Әйеліне осылай істейтін адам – малғұн. Гомосексуалдық, яғни еркектің еркекпен қосылуы одан да үлкен күнә. Бұған«Лиуата» делінеді. Әнбия сүресінде лиуатаға «Жексұрын қылық»делінген. Қазы-заданың «Биргиуи» шәрһінде пайғамбарымыз “саллаллаһу алейһи уә сәлләм” «Лұт қауымы сияқты лиуата жасайтындарды күнә үстінде ұстап алсаңдар, екеуін де өлтіріңдер!»деп бұйырды. Кейбір ғалымдар екеуін де отта жағу керек деді. Лиуата жасаған кезде екеуі де жүніп болады. Клизма жасаған кезде жүніп болмаса да, ораза бұзылады. (Фәйзийа)]

Уақыт ішінде намазын оқудан бұрын, әйел хайзын көретін болса, сол уақыттың намазын қаза ету қажет емес. [«Сә’адәти Әбәдийа» кітабындағы ғұсыл тақырыбын оқыңыз!]