Намазда қандай киім кию керек
Сұрақ: Намазда қандай киім кию керек? Үйде пижамамен намаз оқуға болады ма? Жауап: Намазды жұмыс киімімен, үлкен адамдардың алдына шыға алмайтын киіммен, жаман иісті киім және жаман иісті шұлықпен оқу мәкрух болып табылады. Басқа киімі жоқ болса мәкрух болмайды. Ақшасы бар болса, сатып алуы қажет. Маңызды адамдардың алдына шығатын адамның әдемі, таза киім киюі керек. Аллаһу та’аланың алдында тұрған кезде де бұған қатты мән беру керек, үлкендердің алдына шыға алмайтын киіммен намаз оқымау керек! Құран кәрімде «Барлық намазды оқитын кезде сәнді (таза, ең жақсы, әдемі) киімдеріңді киіңдер» делінген. (Араф 31) Бір хадис шәрифте де былай делінген: «Намаз оқитын кезде ең жақсы киімдеріңді киіңдер. Аллаһу та’ала әшекейленуге, сәнденуге бәрінен де лайықты.» (Бәйһақи) Үйінде таза және кең пижамамен немесе түңгі киіммен намаз оқу мәкрух емес. Бірақ мешітке пижамамен келмеу керек! Жақын болмаған адамдардың жанында пижамамен отыру да дұрыс емес. Адамдарды ренжітетін және әдет-ғұрыптарымызға қайшы нәрселер жасамау керек!
Сұрақ: Сурет немесе жазуы бар киіммен намаз оқудың зияны бар ма? Жауап: Сурет немесе жазу ашық көрініп тұрған болса, намаз мәкрух болады. Жабық болса мәкрух болмайды.
Сұрақ: Жаңадан сатып алған шалбарымның балақтары өте ұзын. Әлі балақтарын қысқартпадым. Түріп қойып намаз оқу мәкрух болады ма? Жауап: Балақтар өте ұзын болса, аяқтың үстіне дейін түрудің зияны жоқ. Балақтарды көп түріп, балдырлар көрінетін болса мәкрух болады.
Сұрақ: Тырысқан шалбармен жүру, намаз оқу еркектерге де жаиз емес пе? Жауап: Тар, тырысқан шалбармен жүру еркектерге де жаиз емес. Қопал әурет жерлері тырысқан, тар шалбармен намаз оқу мәкрух, мұндай тырысқан шалбар кию адамдардың алдында кию керек болған дін әмір еткен киім үлгісіне сай болмайды.
Сұрақ: Намаз оқу үшін костюмның шалбарын қыртыстанбасын немесе тозып қалмасын деп шешіп, басқа ыңғайлы шалбар киіп, намаз оқып болғаннан кейін қайтадан ауыстыруым дұрыс болады ма? Үлкен ақшаға сатып алған қымбат костюм-шалбарларды ұқыпты сақтау үшін қыртысы бұзылмасын деп шешуім дұрыс па? Жауап: Әрине киіміңізді ұқыпты сақтайсыз, бірақ намазды да жаныңыздай қарауыңыз керек. Құран кәрімде намазға тұрарда ең жақсы киімімізді киюіміз әмір етілуде. Атақты, абыройлы болған немесе маңызды адамның алдына барған адамның әсем, таза киім киюі керек. Аллаһу та’аланың алдына баратын кезде де бұған қатты мән беру керек! «Барлық намазды оқитын кезде сәнді, таза, ең ұнамды, әдемі киімдеріңді киіңдер» мағынасындағы аяти карима және «Хош иіс қамды, жақсы, таза киім қиыншылықты азайтады» мағынасындағы хадис шәрифке сай болуға тырысу керек, ескі болса да таза киім кию керек! Кең пижамамен намаз оқу жаиз, мәкрух емес.
Сұрақ: Зертханалық халатпен намаз оқуға болады ма? Жұмыс киімі болып саналады ма? Жауап: Жұмыс киімі дегеніміз – майлы, кір киім деген сөз. Зертханалық көйлек таза болса, ұқыпты болса мұнымен намаз оқудың еш зияны жоқ. Тіпті жақсы болады.
Сұрақ: Шалбармен намаз оқып жатқан адамның қопал әурет жеріне қарау жаиз ба? Жауап: Харам болып табылады.
Сұрақ: Намазда костюмның алдын түймелеп қою керек пе? Жауап: Қажет емес. Түймеленген болуы әдепке жатады, жақсы болады.
Сұрақ: Көйлектің жеңдерін түймелемей намазға тұрудың зияны бар ма? Жауап: Зияны жоқ.
Қолтырауын суреті Сұрақ: Үстінде кішкентай қолтырауын эмблемасы бар болған киіммен намаз оқудың зияны бар ма? Жауап: Жанды нәрсенің суреті кішкентай болып, оны жерге қойған кезде тік тұрған адам қарап мүшелерін ажырата алмайтындай майда болса, мұндай киіммен намаз оқу мәкрух болмайды. (С.Әбәдийа)
Шафииде суреті бар киім Сұрақ: Шафии мазһабында жанды нәрсенің суреті бар болған киіммен намаз оқу жаиз ба? Дуалдағы сурет те намазды мәкрух қылады ма? Жауап: Ханафи мазһабының үкіміндей, Шафии мазһабында да жанды нәрсенің суреті бар болған киіммен намаз оқу мәкрух болып табылады. Жанды нәрсенің суреті намаз оқитын бөлменің қай жерінде болса да, көңілді мазаламайтын болса, Шафииде намазды мәкрух қылмайды. (Ислам Ахлақы) |