20 - Жамазиәл-ахир, 1446 жыл.
     21 - Желтоқсан, 2024 жыл.   


ТӘЙӘММҮМ БАБЫ

Ханафи мазһабында тәйәммүм, уақыт кірмей тұрып алынса да сахих болады. Басқа үш мазһабта сахих болмайды. Тәйәммүмнің парыздары үшеу: Дәрет үшін қажет болған тәйәммүм мен ғұсыл үшін қажет болған тәйәммум екеуі бірдей. Тек ниеттері ғана өзгеше. Сондықтан, осы екі тәйәммүмнің бірі өзгесінің орнына қолданылмайды.

1) Ниет ету, бұл шарт болып табылады.

2) Алақанымен таза топырақты ұрып, бетін толығымен мәсіһ ету.

3) Алақанымен тағы бір рет топырақты ұрып, алдымен сол қолымен оң қолын, содан соң оң қолымен сол қолының барлық жерін мәсіһ ету (сипау), бұлар да рүкін болып табылады.

Тәйәммүмнің парыз екеніндігінің дәлелі – Ниса сүресінің 43-ші және Маида сүресінің 6-шы аяти карималары. Малики мен Шафииде тәйәммүмды намаз уақытынан бұрын алу жаиз емес және бір тәйәммүммен бірден артық парыз намаз оқылмайды.

Алты нәрсемен тәйәммүм алу жаиз емес. Тек ол нәрселердің үстінде топырақ шаңы болмаса. Ол нәрселер мыналар: темір, мыс, қола, қалайы, алтын, күміс және барлық металлдар. Ыстықта балқитын осы металлдардан, ыстықта жұмсаратын шыныдан және сырты сырланған фарфордан басқа барлық нәрсемен тәйәммүм алу жаиз. Бірақ, топырақ түрінен болуы шарт.

Бір топырақтың үстіне кіші дәрет сындырылып, кейін ол жер кепкен болса, ол жерде намаз оқылады. Бірақ бұл жерде тәйәммүм алуға болмайды.

Тәйәммүм алу үшін суды іздеу, іздеп таба алмау, әділ, мұсылман адамнан сұрау және сол әділ адамның да салих болу шарт болып табылады.

Тәйәммүмнің бес шарты бар:

1) Ниет ету. 2) Мәсіһ ету (сипау). 3) Тәйәммүм алынған нәрсенің топырақ түрінен болуы. Топырақ түрінен болмаса, үстінде топырақтың шаңы болуы қажет. 4) Қолданған топырақ түрінің немесе шаңның таза болуы қажет. 5) Суды қолдануға шын мәнінде немесе үкіммен шамасы болмау. [Аурудан кейінгі қол мен аяқтағы әлсіздік те үзір болып табылады. Кәрілердің әлсіздігі де осындай. Олар намаздарын отырып оқиды.]

Сондай-ақ, тәйәммүмнің жеті сүннеті бар:

1) Бимилләһ айту. 2) Қолдарды таза топыраққа ұру. 3) Қолдарды ұрылған нәрсенің үстінде бір рет алға-артқа жылжыту. 4) Саусақтарының арасын ашу. 5) Екі қолды бір-біріне ұрып қағу. 6) Алдымен жүзіне мәсіһ ету.7) Қолдардың шынтақтармен бірге барлық жерін мәсіһ ету.

Су іздеудің төрт шарты бар:

1) Іздеген жердің елді мекен болуы керек.

2) Судың бар екені хабар берілсе.

3) Судың бар екеніне болжам бар болса.

4) Қорқынышты, қауіпті жер болмаса.

Бір адам су тапса, бірақ су орналасқан жер бір мильден алыс болса, тәйәммүм жаиз болады. Бир мильден аз болса және уақыт өтіп кетпейтіндей болса, тәйәммүм алу жаиз емес. [Бір миль – төрт мың зра’, яғни Ханафи мазһабында 0,48x4000=1920 метрлік жол.]

Егер бір адам суды іздеп, таппаған болса және тәйәммүм алып намазын оқығаннан кейін суды көрсе, намазын қайта оқиды ма, әлде оқымайды ма? Бұл жөнінде келіспеушілік бар. Негізге алынғаны – оқып қойған намазын қайта оқымайды.

Бір адам жауын астында калса, бірақ дәрет алатындай мөлшерде су таба алмаса, тәйәммүм алатын жер де таппаса, бір бөлшек балшықты кептіріп, сонымен тәйәммүм алады. Бірнеше адам тәйәммүм алған болса, бұлардың тек біреуі ғана суды көрсе, барлығының тәйәммүмі бұзылады.

Сондай-ақ, бір адам бір шама су алып келсе, «араларыңнан біреуің дәрет алсын» десе, барлығының тәйәммүмі фасид болады (бұзылады). Бірақ «барлығың дәрет алыңдар» десе, алып келген суы тек бір адамға ғана жететіндей болса, бәрінің тәйәммүмі сахих болады.

Бір адам жүніп болса, ешқайда су таба алмай, тек мешіттің ішінен ғана тапса, ғұсыл үшін тәйәммүм алып, содан кейін суды алу үшін мешітке кіреді. Бірақ мешітке кірген кезде су таба алмаса, намаз үшін басқа тәйәммүм алуы қажет болады.

Бір адам мешіттің ішінде отырған кезде ихтилам (жүніп) болса, тәйәммүм алып одан кейін мешіттен шығады.

Бір адамның қолдары кесілген болса, тәйәммүм алуына болады. Бірақ, бұл адамның истинжа еткізетін адамы бар болса, одан истинжа ету міндеті алынбайды. Егер жоқ болса бұл міндет алынады.

Ал егер қолдары да, аяқтары да кесілген болса, Тарафәйннің үкімі бойынша намаз міндеті мойнынан алынады. Имам Әбу Юсуфтың үкімі бойынша намазын оқуы қажет.

Сондай-ақ, жұма намазында тәйәммүм алу жаиз емес. Яғни дәрет алу үшін уақыт аз болып, жұма намазы өтіп кетеді деген оймен асығып тәйәммүм алу жаиз емес [Жұма намазының орнына бесін намазы бар болғандықтан]. Нәбиз деп аталатын құрма суымен дәрет алу жаиз емес екендігі «Дурр-ул-мухтар»-да жазылған.

Бір адам жолда жүніп болса, тәйәммүм алады, таң намазын оқиды. Және бесінге дейін жолымен кетеді. Екіндінің уақыты жақындап, бесіннің уақыты шығатын кезде тәйәммүм алып, бесінді оқиды. Бұл адам екіндіден кейін су тапса, таң мен бесін намаздарын қайтадан оқиды ма? Бұл жөнінде ғұламалар ихтилаф етті (келіспеді). Бір қаулыда қайта оқиды, басқа қаулыда қайтадан оқымайды. Бұл мәселе тәртіп иесіне қарай болуы мүмкін.

Бір адамның есегінде су болса, есегін жоғалтып алса, тәйәммүм алып намазын оқиды. Намазын оқып жатқанда есегінің даусын естісе, дәреті бұзылады.

Бір адам басқалармен мінгескен болса, түссе жолдастары оны күтпейтін болса, атының үстінде тәйәммүм алады және ишарамен намазын оқиды.

Жолда қауіп болса немесе күн суық болса, ғұсыл алатын жағдайда ауырып қалуы ықтималы болса, намазын тәйәммүммен оқиды.

Жолға шығатын адамның қоржынында кесек немесе құм          алып жүруі қажет. Өйткені тәйәммүм ету қажет болған кезде айналасының бәрі лай болса, сол кезде кесекпен тәйәммүм етіп намазын оқиды.

Бір адам айт намазына тұрғанда дәреті бұзылса, егер қайтадан дәрет алатын жағдайда айт намазына үлгірмейтінін білсе, немесе көп адамның арасында абыр-сабыр болудан қорқатын болса, тәйәммүм алып, намазға тұрады. Бұл қаулы Имам Ағзамның үкімі бойынша. Ал имамәйннің қаулысы бойынша дәрет алуы керек болады.

[«Мәрақил фәлах»-тың Тахтауи хашиясында былай делінген: «Ауру  – тәйәммүм ету үшін үзір болып табылады. Сау адамның дәрет алған жағдайда аурып қалудан қорқуы үзір болмайды. Сау адам ораза ұстаған жағдайда аурып қалудан қорқатын болса, қазаға қалдыруы жаиз болады деген ғалымдар, аурып қалудан қорққан адамның тәйәммүм алуы жаиз болады деді. Аурудың төрт түрі бар: 1) Су зиян тигізеді. 2) Әрекет ету зиянды болады. 3) Өзі суды қолдана алмайды. 4) Тәйәммүм да ала алмайды. Зиянын тигізу – өзінің өте күшті болжамымен немесе мұсылман, әділ және маман болған бір дәрігердің айтуымен аңғарылады. Әділ дәрігер жоқ болса, ашықша күнә істеп жүргені беймәлім дәрігердің сөзі де қабыл етіледі. Өзі суды қолдана алмайтын адамның дәрет алдыратын ешкімі болмаса, тәйәммүм алады. Баласы, қызметшісі немесе көмек ретінде дәрет алдыратын адамы бар болса, бұлар дәрет алдырады. Бұлар жоқ болса, тәйәммүм алады. Имам Ағзамның үкімі бойынша дәрет алдыруға адам жалдауы қажет емес. Тәйәммүмды да ала алмайтын адам намазын қазаға қалдырады. Ерлі-зайыптылар бір-біріне дәрет пен намаздарында жәрдем беруге мәжбүр болмаса да, әйелінен жәрдем сұрауы қажет. Қаланың, ауылдың сыртында тұрып ыстық су таба алмаған адам, суық сумен ғұсыл алған жағдайда ауырып қалудан қорқатын болса, тәйәммүм алады. Қаланың ішінде де осылай екендігіне пәтуа берілді. Дәрет пен ғұсылда жуылатын мүшелердің жартысынан көбі жара болса, тәйәммүм алады. Жартысы жара болса, сау жерлерін жуады. Жараларын мәсіһ етеді (сипайды), жараға мәсіһ зиян беретін болса, бинттің үстін мәсіһ етеді. Бұл да зиянын тигізетін болса, мүлдем мәсіһ етпейді. Басында ауру бар болып, мәсіһ зиянын тигізетін болса, мәсіһ ету міндеті жойылады. Екі қолында және екі аяғында жуылуы парыз болған жерлері кесілген адамның беті де жара болса, тәйәммүм ете алмайтындықтан намазын дәретсіз оқиды және кейін қайта оқуы қажет емес. Беті сау болса, бетін жудырады. Жәрдемшісі жоқ болса, бетімен топырақты сипайды. Сау адамның бір қолы сал, жаралы, кесілген, шолақ болса, екінші қолымен дәрет алады. Екі қолы да осындай болса, қолымен, бетімен топырақты сипайды. Жараның, сыздауықтың, сынықтың үстіне бұларды емдеу және зияннан сақтау үшін зәрулікпен оралған бинтті немесе тақтай, май және гипсті ашып, жараны жуу немесе мәсіһ ету мүмкін болмаса, бұлардың үстіңгі жағының басым бөлігіне және арасында қалған сау терінің үстіне мәсіһ тартылады. Мүмкін болса, бұларды шешіп жараның үстіне мәсіһ ету және сау теріні жуу қажет болады. Бұлардың дәретті кезде оралуы шарт емес және белгілі мерзімі жоқ. Сау аяқты жуып, екінші аяғындағы бинтке мәсіһ тарту жаиз. Жара жазылмай тұрып, үстіндегі оралған нәрсе түсіп қалатын болса, дәрет бұзылмайды. Мәсіһ тартқаннан кейін мәсіһ тартылған нәрсе жылжытылса да дәрет бұзылмайды. Тырнақ сынса немесе жара болса, зәрулік болғандықтан майдың (мазьдің) үсті жуылады. Жуу зиянды болса, мәсіһ етеді. Бұл да зиянын тигізетін болса, мәсіһ те етпейді. [Басқа үш мазһабта да осындай болғандықтан, басқа мазһабты тақлид етуге мүмкіндік жоқ.] Бұл мазьдардың үкімінің тақтайлардың үкімі сияқты екені Ибн Абидинде жазылған. Бірақ, тіс пломбасы және қаптамасы мұндай емес. Өйткені, бұл мәселеде Малики мен Шафии мазһабтарының бірін тақлид ету мүмкін. Өзі себеп болмай ақылынан алжысқан немесе талып қалған адамның алты намаз уақыты өтетін болса, ақылы келгенге дейінгі оқымаған намаздарының қазасын өтемейді. Науқас ишарамен де оқи алмаған намаздарының саны қанша болса да, бұлардың исқаты үшін өсиет етпейді. Жазылатын болса, барлығының қазасын өтейді.»

Ибн Абидин “рахметуллаһи алейһ” былай деген: «Сау адамның дәретте жуылатын мүшелерін басқа біреудің жууы, мәсіһ тартуы мәкрух болып табылады. Оған басқа біреудің дәрет суын алып келуі және өзі жуған кезде басқа біреудің су құюы жаиз. Науқас адам, киімі мен төсегін әрдайым ластайтын (нәжіс қылатын) болса немесе бұларды ауыстыру машақатты (қиын) болса, нәжіс болған күйінде оқиды. «Лубок» деп аталатын тақтайлар, пластырьлер, майлар жара жазылғаннан кейін түсетін болса, дәрет бұзылады. Жара жазылса, бірақ үстіндегілер түспесе, оларды алып, шешіп тастау зиянсыз болса, дәрет пен ғұсыл бұзылады.»

Аллаһу та’ала сүйіктілеріне күнәларын кешіру үшін немесе жәннаттағы ниғметтерін арттыру үшін дерттер, аурулар береді. Ғибадаттары бейнетті, қиын болады. Оның орнына дүние істерінде рахаттық, жеңілдік және ризықтарына берекет береді. Ғибадат жасамайтындарға рахаттық, берекет бермейді. Олар қиыншылықпен, қулық пен қиянат жасап, үлкен табысқа қолжеткізіп, зауық пен шаттық ішінде өмір сүрсе де, бұл зауықтары ұзаққа созылмайды. Аз уақыттан кейін ауруханаларға, түрмелерге түседі. Ахиреттегі азаптары да өте ауыр болады.]