Ниеттің маңызы
Әһли хикмет ғұламалар былай деген: Адам – әлсіз пенде деген сөз. Қай мүшемізге, қай табиғат шарттарына, не нәрсеге иеміз? Әр ісімізде, әр сәтте Аллаһу та’аланың жәрдеміне мұқтажбыз. Әулиелер ғафлеттен (көңіл ұйқысынан) ұзақ болады, Аллаһу та’аланы бір сәтке де ұмытпайды. Біз қиындықпен еске түсірсек те, тіпті намаздың ішінде ұмытып кетсек те, егер жасаған ісіміз раббымыздың разылығына сай болса, Хақ та’ала әр сәтте Оны еске түсіргендей сауапты бізге береді. Оның разылығының тысында жасалатын әрбір іс – пәлекет. Өйткені бір іс не Оның разылығына сай, не нәпсіміздің қалауына сай орындалады. Бұдан басқаша болмайды. Адам не жәннатқа, не тозаққа түседі. Аллаһу та’ала өзінің разылығын көздеп жасалған істер үшін жәннатты, нәпсани істер үшін тозақты жаратқан. Адамның бір істі, бір ғибадатты қандай мақсатпен орындағандығы сырттан қараумен аңғарылмайды. «Аллаһу та’ала сендердің түрлеріңе, көріністеріңе және мүліктеріңе емес, көңілдерің мен амалдарыңа, ол істі қандай ниетпен орындағандарыңа қарайды» хадис шәрифінде жасалған істің емес, ол істі жасаудағы мақсатының маңызы білдірілуде. Аллаһ жолында жанын құрбан ету ісі болса да, оның қандай ниетпен жасалғаны маңызды. Себебі бір соғыста «Пәлен қаһарман алдынан шыққан дұшпандардың бәрін өлтіріп жатыр, қандай тамаша жиһад атқарып жатыр» делінген кезде, сүйікті пайғамбарымыз «Ол адам мұнафық (екіжүзді)» деген. Ол адам дүниелік үшін соғысып жүрген екен. Жараланып жерге құлаған кезінде қасына келгендер «Қандай тамаша жиһад жасадың, мұңайма!» деген кезде «Мен жиһад үшін соғыспадым. Бұлар келіп біздің мал-мүлкімізді, құрма бақтарымызды тартып алмасын деп соғыстым» дейді. Бұл оқиғаның көрсетіп тұрғаны, Аллаһу та’ала қаласа күнәһарды да, кәпірді де бұл дінге қызмет еткізеді. Осы себептен әр істе, әр уақытта қорқуымыз және алаңдауымыз қажет. Бір кісі ең үлкен сауапты тірліктің басынды тұрған болса да, оның ісі кепілді бола алмайды. Себебі құл Аллаһу та’алаға лайықты ғибадат жасай алмайды, арасында қателік бола алады. Сондықтан пайғамбарымыз «Ғибадат ет, жиһад жаса, намаз оқы, не істесең соны істе, бірақ артынан дереу тәубе-истиғфар жаса!» деген. Өйткені нәпіс азғындап құтыруы мүмкін. Бір әулие кісіден «Сіз нәпсіңізді тәрбиелеген болсаңыз да, неліктен әліге дейін онымен күресесіз?» деп сұралған кезде, «Бұл нәпіс өлгенге дейін адамның артынан қалмайды. Жетпіс жыл бағынады, жетпіс бірінші жылы екі секундта адамды бұзады. Бір ужб (өзін ұнату), бір тәкәппарлық оның ісін бітіруі мүмкін. Осы тұрғыдан нәпісті өз еркіне қалдыруға болмайды» деп жауап береді. |