20 - Жамазиәл-ахир, 1446 жыл.
     21 - Желтоқсан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Әдеп-ахлақ / Ислам ахлақы / ИСТИНЖА, ИСТИБРА, ИСТИНҚА

ИСТИНЖА, ИСТИБРА, ИСТИНҚА

Истинжа – белгілі жерді сумен жуу деген сөз. Истибра деп – кіші дәреттен кейін қуық жолдарындағы тамшылар кеткенге дейін жүріп немесе басқа да жолдармен уақыт өткізуге айтылады. Истинқа деп – таза болғанына шын көңілмен сенімді болуға делінеді.

Истинжаның алты түрі бар:

Парыз болғаны: киім мен денеде және намаз оқитын жерде бір дирхам көлемінен артық нәжіс бар болса, сумен жуып кетіру парыз. Дәл осылай, ғұсыл алатын кезде де истинжа парыз болып табылады. [Бұл жердегі бір дирхам – бір мисқал деген сөз, яғни 4,8 грам.]

Уәжіп болғаны: киімде және намаз оқитын жерде бір дирхам мөлшеріндей нәжіс бар болса, тазалау уәжіп болып табылады.

Бір дирхамнан аз болса, тазалау сүннет болады.

Мүстаһаб болғаны: өте аз болған нәжісті тазалау да мүстаһаб болып табылады. Мәндүб болғаны – бір адамның арт жағы ылғалды болып тұрған кезде жел шығарса, жуу мәндүб болады.

Бір адамның сол жері құрғақ кезінде жел шығаратын болса, жуу бидғат болады.

Истинжаның сүннеттері: таспен немесе кесекпен тазалау және бұдан кейін сумен жуу да сүннет болып табылады.

Егер нәжіс тас және кесекпен тазаланбай, дирхам мөлшерінен көп қалатын болса немесе дирхамнан көп болып, артқы тесіктің айналасына жағылған болса, сумен жуу парыз болады. Бұдан кейін бір таза матамен сүрту керек, егер мата жоқ болса, онда қолмен құрғату керек.

Сондай-ақ, истинжаның бір мүстаһабы бар: тастарды тақ қылып қолдану. Яғни, үш, бес немесе жеті тас қолдану.

[Зәрін ұстай алмайтын адам киіміне зәр тигізбеу үшін 12х12 см көлемдегі матаның бір бұрышы біраз бүгіліп, бұл жерге шамамен жарты метрлік жіптің бір ұшы байланады. Мата жыныстық мүшенің ұшына жабылады. Жіп матаның ұштарының, яғни жыныстық мүшенің үстіне бір рет оралады. Таңылған жерге жақын жерді екі қабаттап, қабатталған жерді таңылған жердің астына өткізіліп, тартып қысылады. Бос ұшына бір түйінмен шығыршық жасалып, ілмекпен іш киімге қыстырылады. Зәр шығатын кезде ілмекті шешіп, жіптің шығыршығы шығарылып, жіп тартылаған кезде бірден шешіліп, матасы шығады. Жіптің шығыршығы ілмектен оңай ажырамайтын болса, ілмекке бір сым және бұған шығыршық тағылады. Кейбір қарттардың жыныстық мүшесі кішірейіп кетеді. Үстіне мата байлай алмайды. Бұлар жыныстық мүшені және жұмыртқаларын кішкентай целлофан дорбаға салып, дорбаның аузын байлау керек. Зәрін ұстай алмайтын, бірақ үзір иесі болмаған ханафи мазһабындағы адам дәрет алуды, ғұсылды және намазды бастағанда Малики мазһабын тақлид етуге ниет етеді. Жами’ул-әзхар медресесінің мұғалімдерінің бірі, 1384 (хижри) жылы қайтыс болған Абдуррахман Жазиридың “рахметуллаһи алейһ” басқаруымен Мысыр ғалымдары дайындаған «Китаб-ул-фиқһ аләл-мәзаһибил-әрбә’а» кітабында былай делінген: «Малики мазһабының екінші қаулысы бойынша науқаста, кәрі адамда дәретті бұзатын бір нәрсе пайда болса, бірден үзір иесі болып, дәреті бұзылмайды. Хараж (қиындық) жағдайында болған ханафилер мен шафиилер осы қаулыны тақлид етеді.» Намаз ішінде зәр жіберіп қоятын ханафи адамның қолайлы жағдайы болмаған кезде Маликидің осы қаулысын тақлид етеді (пайдалана алады). Ниет етіп, намазын үзірлі күйде жалғастырады.]