Зинадан жүкті болғанның некесі
Сұрақ: Жаңа Зеландиядан жазып жатырмын. Бір досым өзі зина жасаған әйелмен үйленгісі келеді, бірақ әйел жүкті екен. Бұл жақтағы молдалар «Жүкті болған әйелмен некелесу жаиз емес» деп жатыр. Зинадан жүкті болған әйелмен некелесу жаиз емес пе? Жауап: Зинадан жүкті болған әйелмен некелесудің, яғни оған үйленудің жаиз екендігі Бәдаи, Бахр-ур раиқ, Ибн Абидин, Хиндийа сияқты сенімді кітаптарда білдірілген. Зинадан жүкті болған әйелмен босануына дейін некелесу сахих болады, бірақ босанғанға дейін қосылу (жыныстық қатынасқа түсу) жаиз болмайды. Некеден жүкті болған әйелмен босанғанға дейін некелесу сахих емес. (С.Әбәдийа) Ханафи мазһабындағыдай, Шафииде де өзі зина еткен әйелмен үйленудің жаиз екендігі Мәзаһиби Әрбә’а кітабында білдірілген. |