Сәйидтерді құрметтеу
Сұрақ: Расулуллаһтың ұрпағынан тарағандар, яғни сәйидтер мен шәрифтер күнә істесе де оларға құрмет ету қажет пе? Жауап: Әрине құрметтеуіміз қажет. Біреуді жақсы көрген адамның оның сүйіктілерін, бала-шағасын, немерелерін де жақсы көруі керек. Ал дұшпандарын жақсы көрмеу керек. Бір адамның баласы, немересі бұзақылық жасаса, оған ашуланады, тіпті ұруы да мүмкін, алайда басқа біреу ұрсатын болса, баласына жақтасады, оны қорғайды. Бүкіл сәйидтер мен шәрифтер сүйікті пайғамбарымыздың немерелері. Олар күнә істесе де, олармен жаман қарым-қатынаста болған, оларға құрметсіздік жасаған адам Расулуллаһты ренжіткен болады. Пайғамбарымыз: «Менің ұрпағымның жақсыларын Аллаһ разылығы үшін қадірлеңдер! Оларды құрметтеңдер! Жақсы болмағандарын да мен үшін құрметтеңдер!» деген. Үлкен ғалымдардың бірінің кішкентай бір қызы қуыршақтарына бір-бір есімнен қояды. Біреуіне Сәйид деген есім тағады. Әкесі бұлар пұт болып саналады деп қуыршақтарды отқа тастайды. Қызы шырылдап «Әке, оны отқа тастама, ол Сәйид қой» дейді. Әкесі қуыршақ болғандықтан тыңдамай отқа тастайды. Бұл кісі түсінде Расулуллаһ алейһиссаламды ашулы күйде көреді. «Менің Әһли бәйтіме неге мұндай құрметсіздік жасадың?» деп ұрсады. Ғалым қорқынышпен шошып оянып дереу тәубе мен истиғфар жасайды. (Рияд-ун насихин, Рәсаили Ибн Абидин) |