Сөйлеушінің сөзін бөлу
Сұрақ: Кісінің сөзін бөлудің діндегі орны қандай? Жауап: Сөйлеп жатқан адамның сөзін бөлу әдепсіздік болып табылады. Хадис шәрифте былай делінген: «Бір дін бауырың сөйлеп жатқанда үндемей тұру мурууәт болып табылады.» (Хатиб) Мурууәт – адамгершілік, ерлік, жақсылық, жомарттық, пайдалы болу деген сияқты мағыналарды береді, яғни жағдайлардың ең жақсысына мән беру деген сөз. |