Жақсы дос табу
Әһли хикмет ғұламалар былай деген: Сүйікті пайғамбарымыз «Бұл өмір – ахиреттің егістігі» деген. Әр адам әр сәтте бұл егістікке бір нәрселер егіп жатыр. Пайдалы егіннің ұрықтарын еккендер жәннатта бірге оннан бастап, бірге жеті жүзге дейін, тіпті одан да үлкен мөлшерде жемісін алады. Ал ұрықтарын, тұқымдарын екпей жеп қойғандар немесе зиянды ұрықтар еккендер тозаққа кетеді. Адамның әрі жақсы мінезді бола алуының, әрі егістікке пайдалы егіннің ұрықтарын еге алуының ең үлкен шарты – жақсы дос табу. Бұл заманда адамның иманын қорғауынан қиын ештеңе жоқ. Имам Раббани хазреттері «Иманын қорғағандармен, құтылғандармен бірге болу керек, адам тек осылай ғана құтыла алады» деген. Сондықтан, тек салих адамдармен ғана достық құруымыз керек. Өйткені хадис шәрифте «Адамның діні досының діні сияқты болады» делінген. Жақсы адамдармен бірге болған адам, өзі жаман болса да, бір күні құтыла алады. Ал жаман доспен бірге болған адам, өзі қаншалықты жақсы болса да, бір күні бұзылуы мүмкін. Мұндай жағдайлар өмірде өте көп кездеседі. Өмірі өте жақсы өтіп жатқанда және гүлдей жұбайы бар бола, бір жаман адамды кездестіргендіктен, жанұясы құлдырағандар көп болған. Осы себептен Әһли сүннет ғұламалары «Ислам дінінің және дінімізге дұрыс қызмет етіліп жатқан жерлердің тысы – оттың алауы» деген. Адамдар отта жанудан құтыла алулары үшін ықыласпен жасалып отырған бұл қызметтердің өсуі, дамуы керек. Жақсы адамдардың саны және олар орналасқан қызмет орындарының саны артуы керек. Егер тек қана білім, яғни Ислам дінін білу адамды құтқаратын болғанда, шайтан құтылатын еді, себебі оның білімі бар еді. Бір адам ғалым болса да, жаман адамммен жолдас болса, саудада серіктес болса, оның жанында жұмыс істесе немесе оны жанына алып жұмыс берсе, оның жамандығы міндетті түрде бұған да жұғады. Тұрақты түрде харам істейтін адам – жаман адам деген сөз. Онымен жұмыс істесу қателік болады. Кісіге егер осындай жамандық жұққан болса, одан кейін мейірім болмайды. Өйткені бір саусақ гангрена болса, қолды немесе аяқты құтқару үшін оны кесіп тастау керек. Әйтпесе оған мейірімділік көрсету бүкіл денеге мейірімсіздік болады. Иә, түзелуі мүмкін болған адамға түзелуі үшін үгіт жасалады. Бірақ адам опасыз біреу болса, бұзушы және ыдыратушы болса, оны қорғаштау – ол жақтағы барлық адамдарды құрту деген сөз. Оны қорғаштаған адам пәлекетке түседі. |