20 - Жамазиәл-ахир, 1446 жыл.
     21 - Желтоқсан, 2024 жыл.   


ҮЗІР ИЕСІ БОЛУ

Дәретті бұзатын нәрсенің денеден шығуы тоқтамайтындай тұрақты болса, бұл «үзір» деп аталады. Зәр, іштің өтуі, жел шығару, мұрынның қанауы, жарадан қан, сары су ағу және ауруға, ісікке байланысты көзден жас ағуы тоқтамаса, бұл адам және истихаза қаны аққан әйел «үзір иесі» болады. Тығындау арқылы, дәрімен немесе намазды отырып немесе ишаратпен оқып, бұларды тоқтату қажет. [Зәрін ұстай алмайтын еркек зәр жолына арпадай мөлшерде табиғи мақта тығады. Жасанды мақта қолданылатын болса, талшықтары бүйрекке дейін барып, қабындыруы мүмкін. Зәр шығарған кезде салынған тығын өздігінен сыртқа шығып кетеді. Зәр көп шығатын болса, артығы мақта тығынынан өтіп, сыртқа тамшылайды және дәрет бұзылады. Тамшылап шыққан зәрдің киімді ластамауы керек. Ол үшін, зәр шығатын жерге мата орап, бұрышына байланған жіппен оралып байланады. Жіптің бос ұшындағы шығыршық ілмекпен іш киімге қыстырылады. Зәр көп шығатын жағдайда матаның ішіне мақта да қоюға болады. Жіп ұшындағы шығыршықты ілмектен шығару қиын болса, ілмекке бір сым тағылып, бұған шығыршық тағылады. Шығыршық бұдан оңай шығарылып, мата үш рет ағын су (кран) астында жуылады. Зәрін ұстай алмайтын адамның қалтасында үш-бес мата алып жүруі керек. Жіпті мата дайындау үшін 12х15 см көлемдегі матаның бір бұрышы біраз бүгіліп, бұл жерге шамамен 50 см жіптің бір ұшы байланады. Қарттарда және кейбір науқастарда жыныстық мүше кішірейіп, үстіне оралған мата шығып кетеді. Ондай адамдар кішкентай целлофан дорбаға  дес орамал көлемінде шүберек қойып, жыныстық мүше мен жұмыртқаларды дорбаға салады. Дорбаның аузын байлайды. Матада дирхамнан астам зәр жиналған болса, дәрет аларда мата ауыстырылады. Намаз уақыты шыққан кезде, үзір иесінің дәрет бұзылады. Уақыт шығудан бұрын да, үзірге себеп болған нәрседен басқа бір себеппен де дәрет бұзылады. Мысалы, мұрын тесіктерінің бірінен қан ағу себебімен дәрет алып, одан кейін екінші тесіктен де қан аға бастаса, дәрет бұзылады. Ханифиде және Шафииде «үзір иесі» болу үшін дәретті бұзатын нәрсенің бір намаз уақыты бойы үздіксіз, тоқтамай ағуы қажет. Дәрет алып, сол уақыттың парызын оқитындай бір уақытта ақпаса, үзір иесі болмайды. Бір адам үзір иесі болған кезде, кейінгі намаздардың уақыттарында бір рет тіпті бір тамшы келсе де үзір иесі болуы басқа уақыттарда да жалғасады. Бір намаз уақытында мүлдем келмесе, үзірлі болуы аяқталады. Үзірге себеп болған нәжіс киімге дирхам мөлшерінен кеңдеу көлемде жұқса, қайта жұғуына кедергі болу мүмкін болса, жұққан жерді жуу керек болады. «Әл-фиқһу аләл-мәзаһиб-ил әрбә’а»-да былай делінген: «Бір науқастың Малики мазһабы бойынша үзір иесі болуы үшін екі қаулы бар: бірінші қаулы бойынша, дәретті бұзатын нәрсенің бір намаз уақытының жартысынан астам уақыт бойы жалғасуы, әрі басталған және тоқтаған уақыттарының белгілі болмауы қажет. Екінші қаулы бойынша, бірінші қаулыдағы екі шарт болмаса да, бұл ағынтылар басталған кезде науқас үзір иесі болады. Дәреті бұзылмайды. Тоқтаған уақыты мәлім болса, намаз оқитын кезінде дәрет алуы мүстаһаб болады. Ханафиде және Шафииде үзір иесі бола алмаған науқас және қарт адам Малики мазһабының екінші қаулысы тақлид етсе дұрыс болады.»]

Ғұсыл алған жағдайда ауырып қалудан немесе ауруының күшеюінен немесе созылуынан қорыққан адам тәйәммүм алады. Бұл қорқу өз тәжірибелерімен немесе мұсылман, әділ болған дәрігердің айтуымен аңғарылады. Күнәлары, ашық күнә істегендігі адамдар арасында беймәлім болған дәрігердің сөзі де қабыл етіледі. Ауа-райының қатты суық болып, жылынатын жер болмау, суды жылытатын заттар, қалада моншаға төлейтін ақша таба алмау ауруға себеп болуы мүмкін. Ханафиде бір тәйәммүммен қалағанша парыз намаз оқуға болады. Шафииде және Маликиде әрбір парыз намаз үшін жаңадан тәйәммүм алу керек.

Дәретте жуылатын мүшелердің жартысында жара болған адам тәйәммүм алады. Жара жартысынан аз болса, сау болған жерлерін жуып, қалған жерлеріне мәсіһ тартады. Ғұсылда бүкіл дене бір мүше болып саналғандықтан, бүкіл дененің жартысы жара болса, тәйәммүм алады. Жараланған жер жартысынан аз болса, сау жерді жуып, жараларға мәсіһ тартады. Жараға мәсіһ тарту зиян тигізетін болса, үстіндегі таңғышқа мәсіһ тартылады. Бұл да зиянын тигізсе, мәсіһ тәрк етіледі, тартылмайды. Дәретте және ғұсылда басқа мәсіһ тарту зиянды болса, басқа мәсіһ тартылмайды. Қолы шолақ (экзема, жара) болып, суды қолдана алмаған адам тәйәммүм алады. Бетін, қолдарын жерге (сазды, топырақты, тасты дуалға) үйкейді. Қолдары мен аяқтары кесілген адамның беті де жара болса, намазды дәретсіз оқиды. Дәрет алдыру үшін ешкімді таппаған адам тәйәммүм алады. Баласы, құлы, жалдамалы қызметшісі жәрдем етуге міндетті. Басқалардан да жәрдем сұрауға болады. Бірақ олар жәрдем етуге міндетті емес. Күйеуі де, әйелі де бір-біріне дәрет алғызуға міндетті емес.

Қан алдырып, сүлік қолданып, жарасы, сыздауығы болып, сүйегі сынып немесе жұқарып үстіне таңғыш (мақта, дәке үстіне лейкопластрь, мазь) қойған адам бұл жерлерін суық, ыстық сумен жууға немесе мәсіһ етуге күші жетпесе, дәрет пен ғұсылда бұл жерлердің жартысынан астамының үстіне бір рет мәсіһ тартады. Таңғышты шешу зиянды болса, онда астындағы сау жерлерді жумайды. Таңғыш арасынан көрініп тұрған сау терілер мәсіһ етіледі. Таңғышты дәретті күйде орау міндетті емес. Мәсіһтен кейін таңғыш ауыстырылса немесе үстіне тағы да басқа таңғыш оралса, жаңасына мәсіһ тарту керек болмайды.