Дәрігерге де күнә болады
Сұрақ: Дәрігерге күнә жоқ дейтіндер бар, бұл дұрыс па? Жауап: «Дәрігерге күнә жоқ» деу қате. Бір дәрігер бір әйелді қабылдаған кезде әурет жерлерін қажеттіліктен артық ашатын болса, бес минутта тексеруі мүмкін бола тұра, одан көп уақытқа ұзатса күнә болады. Мәжбүр болып қалмағанша, зәрулік болмағанша әйел адамның еркек дәрігерге қаралмауы керек, әйел дәрігерге баруы керек. Әйел дәрігер табылмаса және ауру қауіпті немесе өте ауыр болса, «Зәрулік харамдарды мубах қылады» үкіміне мойынсұнып, еркек гинекологқа да баруға болады. Бір ауруханада терапевт ретінде әрі әйел, әрі еркек бар болса, ауруға таңдау еркіндігін беру керек. Мәжбүрлік болғанда, еркек дәрігер әйелді қабылдап жатқанда, әурет жерлерді қажеттілік шамасында ғана ашу керек. Қажеттіліктен артық ашатын болса күнә болады. Мысалы, қан қысымын өлшегенде киім сыртынан өлшеуге мүмкіндік бар болса, қолын ашуы күнә болады. Дәрігердің қажеттіліктен артық қабылдауы күнә болғанындай, қажеттілік мөлшерінен артық сөйлесуі де дұрыс емес. Мұсылман дәрігер әр уақытта салмақтылығын сақтау керек, күнә болатын іс-әрекеттерден сақтану керек! Бір таныс дәрігер «Компьютермен қараған кезде ауруларын бірден табамыз. Бірақ науқас «маған онша қарамады» демесін деп, бір амалды бірнеше рет қайталаймыз» деді. Күнә болмағандықтан мұндай ерекшеліктерге жол беруге болады. Әйелдердің бір-біріне әурет жері, еркектің еркекке әурет жері сияқты. Еркекке еркектің, әйелге әйелдің кіндік пен тізе арасына қарауына болмайды. Мысалы уролог дәрігер бір еркекті белден төмен шешіндіріп тастап қарауына болмайды. Бір мата қойып қолымен бақылайды. Көзбен де қарауы керек болса, матаның бір шетін қажеттілік мөлшерінде ашып қарайды. Әйел дәрігер де әйелге осылай бір матамен жауып тексереді. Әйелдің әйелге қарауының зияны жоқ деп айту қате. Себебі әйелдің де зәруліксіз басқа әйелдің тізе мен кіндік арасына қарауы харам болып табылады. Мұсылман болмаған және мүртәд (діннен шыққан) әйелдердің мұсылман әйелдерге қарауы, яғни мұсылман әйелдердің бұларға көрінуі бөтен еркектерге көрінуі сияқты болып, үш мазһабта да харам болып табылады. Олардың мұсылман әйелдерінің денесіне қарауына болмайды. Тек Ханбели мазһабында ғана жаиз. Бұларға тексерілуге мәжбүр болған кезде Ханбели мазһабы тақлид етілсе, яғни «Ханбели мазһабының үкіміне мойынсұндым» делінсе, күнәдан құтылған болады. Шипа үшін ыстық емдік сумен емделуге барғанда жеке қалу бөліміне бара алмаған науқас та, жалпылық бөлімге барған кезінде әурет жерлері ашық жүргендер бар болса, Ханбели мазһабын тақлид етуі керек.
Сұрақ: Әйел дәрігер бар бола тұра, әйелдердің тіс, көз, құлақ мұрын тамақ, терапевт сияқты бөлімдерде еркек дәрігерге көрінуі жаиз болады ма? Сондай-ақ, терапевт христиан әйел дәрігер бар болса, салих еркек дәрігерге көріну жаиз ба? Жауап: С.Әбәдийа кітабында «Әйелдерді әйел дәрігерге көрсету керек. Әйел дәрігер табылмаса және ауру қауіпті немесе өте ауыр болса, гинеколог (әйел аурулары маманы) болған еркекке де көрсету керек» делінген. Гинекологияда еркек дәрігерді емес, кәпір болса да әйел дәрігерді таңдау керек. Басқа ауруларда да мәжбүр болып қалмағанша еркек дәрігерге бармау керек. Дәл сол салада әйел дәрігер табылмаса, ауру да маңызды болып, көріну және емделу шарт болса, бұл жағдайда жаиз болады. |