20 - Жамазиәл-ахир, 1446 жыл.
     21 - Желтоқсан, 2024 жыл.   


Ораза бабы

Оразаның үш парызы бар:

1) Ниет ету.

2) Ниеттің алғашқы және ақырғы уақыттары арасында ету.

3) Нәхар-и шәръиде, яғни имсак уақытынан күннің батуына дейінгі уақыт арасында оразаны бұзатын нәрселерден сақтану. Имсак уақыты – фәжри садық деп аталатын ағарудың уфқи захири (көрінетін көкжиек)  бойының үстінде көрінген уақыт. Оразаға ниет етпей, кешке дейін оразаны бұзатын нәрселерден сақтанып жүрген адам ораза тұтқан болмайды. Ол күннің тек қазасын ғана өтеуі керек болады.

 

Адамның мойнына оразаның парыз болуының жеті шарты бар:

1) Мұсылман болу.

2) Балиғат жасына толған болу. Жас баланың оразасы сахих болады.

3) Ақыл-есі дұрыс, ақылы кірген болу.

4) Дар-ул харбта (кәпір өлкесінде) болған адамның оразаның парыз екенін естуі.

5) Мұқим болу.

6) Хайз (етеккір) жағдайында болмау.

7) Нифас (босанғаннан кейін келетін қан) күйде болмау.

Алты нәрсе оразаны бұзады: Тамақ жеу, ішетін нәрселердің бірін ішу, жима (ерлі-зайыптылардың жыныстық қатынасы) жасау, хайз, нифас, ауыз толтырып құсу. Өтірік, ғайбат, мұсылмандар арасында сөз тасу, жалғаннан ант ету сияқты амалдар оразаны бұзбайды. Бірақ сауабын кетіреді.

Сондай-ақ, жеті адамның ораза кезінде жеуіне болады:

1) Ауру.

2) Жолаушы (ертеңіне).

3) Хайз.

4) Нифас күйіндегі әйел.

5) Жүкті әйелдің шамасы жетпесе.

6) Емізетін әйел, сәбиіне зиян тиетін болса.

7) Өте кәрі болу.

Сондай-ақ, оразаға әр күн үшін жеке ниет ету керек. «Хиндийа»-да былай делінген: «Ниет жүрекпен орындалады. Сәреге тұру – ниет деген сөз» Оразада ниет екі түрлі болады:

Бірінші түрі – Рамазан айының әр күні үшін және нәпіл мен белгіленген нәзір үшін алғашқы уақыты – алдыңғы күні күннің батуы және ақырғы уақыты – «Дахуа-и кубра» уақыты. Дахуа-и кубра уақыты шариғи күн мерзімінің, яғни ораза ұстау уақытының жартысы, азани сағат бойынша:

 

Формула

 

Дахуа-и кубра уақыты азани сағат бойынша фәжр уақытын көрсететін санның жартысы. Ортақ сағат бойынша шариғи күндіз уақытының және шәмси күндіз уақытының жартыларының айырмашылығы, яғни хиссе-и фәжрдің жартысындай, зауалдан бұрын болады. Хиссе-и фәжр – күннің шығу уақыты мен фәжр, яғни имсак уақыты арасындағы уақыт. Дахуа уақытына дейін (ішіп-жемеген болса) ниет етеді және ораза ұстайды. Дахуа уақытында ниет ету жаиз емес. Фәжрден бұрын ниет еткенде «Ниет еттім ертең ораза ұстауға» делінеді. Фәжрден кейін ниет еткенде «Ниет еттім бүгін ораза ұстауға» делінеді.

Екінші түрі – қаза, кәффарат, мутлақ нәзір. Бұл үшеуінің ниет ету уақыты бірдей. Алғашқы уақыты, бір күн алдыңғы күні күннің батуы және ақырғы уақыты, фәжри садық, яғни таң ату орны ағарудан бұрын. Таң ататын жер ағарғаннан кейін (бұл үшеуіне) ниет ету жаиз емес. Бір жылдың Рамазан айының әр түрлі күндерін қаза еткен кезде, күндердің атауын немесе ретін сақтау керек еместігі Ибн Абидинде, қаза намазы соңында жазылған. Ораза ұстағандар үш түрлі болады: жаһилдердің (надандардың) оразасы, ғалымдардың оразасы және пайғамбарлар мен әулиелердің оразасы. Жаһилдердің оразасы: ішіп-жемейді және жима жасамайды, бірақ басқа күнәлардан сақтанбайды. Ғалымдардың оразасы: олар басқа күнәлардан да сақтанады. Пайғамбарлар мен әулиелер ораза ұстағанда күмәнді болған барлық нәрселерден сақтанады.

Ораза ұстағандардың мейрамы үш түрлі болады: Жаһилдердің мейрамы, ғалымдардың мейрамы, пайғамбарлар мен әулиелердің мейрамы. Жаһилдердің мейрамы: кеш болғанда ауыз ашулары. Қалағандарын ішіп-жейді және «біздің мейрамымыз осы» дейді. Ғалымдардың мейрамы: кеш болғанда ауыз ашады. «Егер Аллаһу та’ала ұстаған оразамыздан разы болса, біздің мейрамымыз осы» дейді. «Егер разы болмаса, біздің жағдайымыз не болады» деп тәфәккур етеді (ойлайды). Алайда пайғамбарлар мен әулиелердің мейрамы – руятуллаһ (жаннатыа кіріп Аллаһу та’аланы көру) болып табылады. Олар Аллаһу азим-уш-шанның разылығына ынтық болады.

Сондай-ақ, барша мұсылмандардың мейрамы бес түрлі болады:

1-ші, бір мүминнің сол жағындағы періште жаман амалдары ретінде жазатын ештеңе таба алмаса,

2-ші, сәкәрәт-ул мәут кезінде (соңғы демде, жан тапсырғанда) сүйіншілеуші періштелер келіп «Қош келдің, йа мүмин! Сен жәннаттықсың» деп сүйінші айтса,

3-ші, қабірге барғанда, қабірінің жәннат бақшаларының бірі екенін көрсе,

4-ші, қиямет күнінде Арши Рахман астындағы көлеңкеде пайғамбарлар мен әулиелер және ғалымдар мен салих адамдармен бірге болса,

5-ші, қылдан жіңішке, қылыштан өткір және түннің қараңғылығынан да қараңғы, мың жыл түсу және мың жыл көтерілу және мың жыл тегіс болған сырат көпірінің үстінде, жеті жердегі сұрақтарға жауап беріп өтсе. Егер жауап бере алмаса, әрбірінде мың жыл азап болса керек. Ол жеті сұрақ: Алғашқысы иманнан. Екіншісі намаздан. Үшіншісі оразадан. Төртіншісі қажылықтан. Бесіншісі зекеттен. Алтыншысы құл ақысынан. Жетіншісі ғұсыл, истинжа және дәреттен сұралады.

Егер бір адам Рамазан айында имсак (ауыз бекітетін) уақытынан бұрын ниет еткен оразасын имсактан кейін әдейі бұзса, әрі каффарат, әрі қаза керек болады. Нәпіл мен қаза оразаларында каффарат жоқ.

Каффарат үшін бір құл азат етіледі. Оған шамасы жетпесе, Рамазан күндерінен және ораза ұстауы харам болған бес күннен басқа күндерде, арасын үзбестен, алпыс күн ораза ұстайды. Бұдан кейін бұзған оразалардың санындай бөлек қаза оразасын да ұстайды. (Рамазан айтының бірінші күні және Құрбан айттың төрт күнінде ораза ұстау харам болып табылады.) Оған да шамасы жетпесе, алпыс кедейді бір күн немесе бір кедейді алпыс күн екі реттен тойдырады. Немесе әрбіріне пітір мөлшерінде мүлік береді.

Бір күндік қаза оразасын өтеу үшін бір күн ораза ұстайды. Мына бес адам оразасын әдейі бұзса да оларға каффарат жасау қажет емес. Біріншісі, ауру. Екіншісі, жолаушы. Үшіншісі, емізетін әйел сәбиіне зиян тиеді деп ұстамаған болса. Төртіншісі, өте кәрі болу. Бесіншісі, аштықтан немесе шөлден өлу қаупі болған адам.

Бұлардың бұл себептерден құтылғаннан кейін, тек бір күннің орнына бір күн қазасын өтеу керек болады.

Йәуми шәкте (Рамазан айы анықталмаған шүбәлі күн) ниет етудің бірнеше түрі бар: Йәуми шәкте Рамазанға ниет ету немесе басқа бір уәжіп оразаға ниет ету, Егер Рамазан болса, Рамазан оразасы деп, Рамазан болмаса нәпілге немесе уәжіп болмағанына ниет ету кәрахатпен (мәкрухпен) жаиз болады. Мутлақ оразаға ниет ету немесе Шабанға, яғни нәпіл оразаға деп ниет ету секілді басқа түрдегі оразаларға ниет ету кәрахатсыз жаиз.

Бір адам «Егер бүгін Рамазан басталған болса ниет еттім, болмаса ниетсізбін» десе, бұлай ниет етіп ораза ұстау мүлдем жаиз емес.

Бір адам Рамазанда фәжрге, яғни таңның ағаруына дейін оразаға ниет етпесе және түске дейін ішіп-жесе, Имам Ағзамның үкімі бойынша каффарат қажет болмайды. Имамәйннің үкімі бойынша каффарат керек болады. Себебі, ниет етіп ораза ұстау мүмкін болса да ішіп-жеді. Ал егер түстен кейін ішіп-жесе, (ауыз бірлігімен) каффарат қажет болмайды.

Бір адам екі немесе үш Рамазаннан бір-бір күн оразасын бұзған болса, әрбірі үшін бөлек-бөлек каффарат өтейді ме, әлде үшеуі үшін бір каффарат өтейді ме? Бұл мәселеде әртүрлі үкім бар. Ықтият ретінде әрбірі үшін жеке каффарат ету керек. Бір адамның Рамазанда қарызы болса, ол адам қарызын тұтпаса және бұдан жыл өтіп кеткен болса, кейбір ғалымдардың үкімі бойынша бұл адам күнәхар болады.

Бір адам каффарат ұстап жүргенде Рамазан немесе Құрбан айт келсе, Рамазаннан және айттан кейін қайтадан басынан бастап тұтуы керек. Әуелгілері саналмайды.

Бір адам сапарға шығуға ниет етпестен бұрын оразасын бұзса, одан кейін сапарға ниет етсе және жолға шықса, әрі қаза, әрі каффарат қажет болады. Жолаушылық (сапар) оразаны бұзуды мубах қылмайды. Сапарға шыққан адамның сол күні тұтқан оразасын бұзбауы уәжіп болып табылады. Түнде немесе күндіз дахуа уақытына дейін ниет еткен жолаушының сол күні оразасын бұзуы халал болмайды. Егер бұзатын болса, тек қазасын өтейді. Жолаушылық оразаны бастамауды мубах қылады.

Бір адам Рамазан айында ақылы кетіп жынды болса, сөйтіп ораза ұстай алмаса, кейіннен өзіне келген кезде ұстамаған күндерінің қазасын өтейді. Егер Рамазанның басынан соңына дейін мүлдем жазылмай, жындылығы жалғасатын болса, сол Рамазанда ораза ұстау міндеті мойнынан алынады.

Бір адам ораза ұстағанын ұмытып кетіп ораза бұзатын нәрселер істеп қойса, оразасы бұзылмайды. Егер сол кезде ораза ұстағанын есіне түсіріп, енді бәрібір оразам бұзылды деп ойлап, ішіп-жеуді жалғастыратын болса, онда кейін қазасын ұстап беруі керек болады. Каффарат керек болмайды. Егер ұмытып жегенде оразаның бұзылмайтынын білетін болса, бірақ сонда-да ішіп-жейтін болса, онда қазамен қоса каффарат ету де керек болады.

Ораза ұстаған бір адам терін жұтса, боялған жіпті шайнап, бояуын жұтса, бір адамның түкірігін немесе өзінің түкірігін сыртқа шыққаннан кейін жұтса, тістерінің арасындағы тамақты жұтса және жұтқан нәрсесі ноқаттан үлкен болса, тері астына инемен дәрі ексе (укол алса), ораза бұзылады және осы жағдайларда тек қаза ғана қажет болады.

Бір адам қағаз немесе бір уыс тұзды бірден жесе, шикі бидай, күріш дәнін жұтса, оразасы бұзылады. Бірақ тек қаза ғана керек болады. Өйткені бір уыс тұзды бірден азық ретінде де, дәрі ретінде де қолдану әдет емес. Ол бір уыс топырақ сияқты. Бірақ желінген тұз аз мөлшерде болса, каффарат та қажет болады. Бұл «Әшбах»-та жазылған. Себебі тұз аз мөлшерде дәрі ретінде де, азық ретінде де қолданылуда.

Күнкөріске ақша табу мақсатымен жұмыс істеп жүргенде аурып қалатынын білген жұмысшының ауру болмай тұрып оразасын ашып жіберуі жаиз емес. Оразасын ашса, әрі қаза, әрі каффарат қажет болады. Каффараттан құтылу үшін алдымен қағаз жұту керек. Жүкті немесе емізулі әйел қиналып аузын ашып жіберсе, тек қаза ғана керек болады. "Ешқандай үзірі болмаса да, Рамазан айында ашық түрде, жұрттың көзінше ішіп-жеген адам мүртәд болады." (Фәйзийа)

Бір адам күнжіт дәнін тек қана шайнаса, оразасы бұзылмайды. Бірақ жұтқан болса, шайнаса да, шайнамаса да, ораза бұзылады. Қазасын өтеуі керек болады.

Оразаның он бес түрі болады: үшеуі парыз, үшеуі уәжіп, бесеуі харам, төртеуі сүннет. Парыз болған оразалар – Рамазан, қаза және каффарат болғандары.

Уәжіп болған оразалар – белгіленген нәзір, мутлақ нәзір, басталған нәпіл оразаны күн батқанға дейін жалғастыру.

Харам болған оразалар – Рамазан айтының алғашқы күні және құрбан айттың төрт күні, осы бес күнде ораза тұту харам болып табылады.

Сүннет болған оразалар – әр айдың әййами бәйз күндері, сауми Дауд, дүйсенбі мен бейсенбі күндері, ашура күні, арапа күні және осы сияқты қасиетті күндерде ұсталғандар. Араб айларының 13-ші, 14-ші және 15-ші күндеріне «Әййами бәйз» делінеді. Жыл бойы күнара (бір күн ораза тұтып, бір күн тұтпай) ораза ұстауға «Сауми Дауд» делінеді.

Ораза ұстаудың он бір пайдасы бар:

1) Тозаққа қалқан болады.

2) Өзге ғибадаттардың қабыл болуына себеп болады.

3) Дененің зікірі болады.

4) Тәкәппарлықты құртады.

5) Ужбты құртады.

6) Хушуды арттырады.

7) Сауабы мизанда болады.

8) Аллаһу та’ала ол құлынан разы болады.

9) Иманмен жан тапсыратын болса, жәннатқа ерте кіруіне себеп болады.

10) Жүректі нұрландырады.

11) Ақылы нұрланады.

Шабанның жиырма тоғызыншы күні күн батқанда, батыс жақтағы көрінетін көкжиекте Рамазан хилалын іздеу уәжіп болып табылады. Әділ болған, яғни үлкен күнә істемейтін, әһли сүннет сеніміндегі мұсылман хилалды (жаңа айды) бұлтты аспанда көрген болса, сұлтанға, әкімге хабарлайды. Қабыл ететін болса, барлық жерде Рамазан айы басталады. Сұлтан, әкім болмаған мекендерде бір мұсылман хилалды көрсе, сол жерде Рамазан басталады. Бидғатшының, пасықтың (күнәні ашық түрде істейтін күнәхардың) сөзі қабыл етілмейді. Ашық аспанда көп адамның хабар беруі керек. Хилал көрінбесе, Шабан айы отыз күн болып қабыл етіледі де, ертеңіне Рамазан болады. Күнтізбемен, астрономиялық есептеулермен Рамазан айы басталмайды. «Бахр»«Хиндийа» және «Қазыхан» кітаптарында былай делінген: «Дар-ул харбтағы құл Рамазан басын білмей күнтізбеге қарап бір ай ораза тұтса, Рамазаннан бір күн бұрын немесе Рамазанның екінші күні немесе тура Рамазанның басында оразаны бастаған болуы мүмкін.

Бірінші жағдайда, Рамазаннан бір күн бұрын тұтқан және Рамазанның соңғы күнін айт қылған болады. Екінші жағдайда, Рамазанның бірінші күнінде ораза тұтпаған, соңғы күнін айтта ұстаған болады. Екі жағдайда да Рамазанның жиырма сегіз күнінде ораза ұстаған болып, айттан кейін екі күн қазасын тұтуы керек болады. Үшінші жағдайда, ораза ұстаған айдың алғашқы және соңғы күндерінің Рамазанға сай болғаны күмәнді. Рамазан екендігі күмәнді күндердегі ораза сахих болмағандықтан, бұл жағдайда да екі күн қаза ұстайды.» Бұдан аңғарылып тұрғаны, Рамазанды аспанда хилалды көрумен емес, бұрыннан әзірленген күнтізбелер бойынша бастағандардың айттан кейін екі күн қаза ниетімен ораза ұстаулары керек. Қасиетті Рамазан айының басталатын күнінің есептелуі «Сәадәти Әбәдийа» кітабында ұзақ жазылған.

[Ибн Абидин "рахимә-һуллаһу та’ала" былай деген: «Ауа-райы бұлтты кезде азан айтылса да, күннің батқандығына қанағаттанбағанша ауыз ашпау керек. Иштибаки нужумнан бұрын, яғни жұлдыздардың көбі көрінгенге дейін ауыз ашқан жағдайда, мүстаһаб болған "тезірек ашу" әмірі орындалған болады. Бір жерде күннің батқанын көріп ауыз ашатын кезде, жоғарыда, мәселен мұнарада тұрған адам күннің батқанын көрмегенше аузын ашпайды. Таң намазы да, сәре де осындай.» Астрономия кітаптарында «Тәмкин» тізімдерінде де тәмкин уақытының мөлшері биіктікке қарай өзгеруде. Бүкіл намаз уақыттары есептелетін кезде бір жердегі ең жоғарғы нүктеге қарай белгіленген жалғыз бір тәмкин қолданылуда. Тәмкин уақыты есепке алынбай дайындалған күнтізбелерде күннің батуы бірнеше минут бұрын жазылған. Ондай кестелерде күннің бату уақытында күннің батпағаны байқалуда. Тәмкинсіз күнтізбе бойынша ауыз ашқандардың оразасы бұзылуда.]