Бәрі емтиханда
Әһли хикмет ғұламалар былай деген: Аллаһу та’аланың өте мейірімді екенін білдіретін аяти карималар – азап аяттары. Аллаһу та’ала құлдары тозақта жанбасын деп, бір әмірді қайта-қайта білдірген. «Істемеңдер, бұлай істесеңдер мынадай азап тартасыңдар» деген түрде бізге ескертіп жатыр. Әр адам емтиханда. Бұл емтиханда Аллаһу та’ала алдын ала бәрін білдірген. Мынаны сұраймын, мұның жауабы да мынадай деген. Яғни сондай емтихан, сұрақтары мен жауаптары белгілі, кітаптарға қарау, көшірмесін шығару, қалағанын сұрап алу еркіндігі берілген. Бұған қарамастан, бұл емтиханды тапсыра алмау өте азапты болады. Күпірге түсуден қорықпайтын адам күпірге түсуі мүмкін. Өте қатты қорқуымыз және осы қорқудың себебімен дайындықта болуымыз керек. Емтиханда екенімізді ұмытпауымыз керек. Дұға еткен кезде иманмен жан тапсыруды және шәһид болуды міндетті түрде сұрауымыз керек. Егер дұғаларымыздың қабыл болуын қаласақ, басқаның разылығын, дұғасын алуымыз керек, біреуді қуантуымыз керек. Бір әулие кісіге біреу «Мырзам, балам қатты аурып қалды, шипа табуы үшін дұға етесіз бе?» деп өтінеді. Ол кісі: «Пәлен жерде бір кедей бар, алдымен оны қуант, содан соң кел» дейді. Кедейді қуантқаннан кейін жасалған дұғамен бала жазылып кетеді. Демек, Аллаһу та’аланың дұғамызды қабыл етіп, бізді жақсы көруі үшін Оның пенделерін қуантуымыз керек. Бір ауылда жаңбыр жаумай қояды, құрғақшылық адамдарға үлкен зардабын тигізе бастайды. Бәрі жаңбыр жаусын деп көп дұға еткен болса да, жаңбыр жаумайды. Бір әулие кісі, не істерін білмей тұрған адамдарға қарап, былай дейді: – Мұның бір шарасы бар. Себептеріне жүгінбесек, жаңбыр жаумайды. – Онда бізге шарасы қандай екенін айтыңыз! Бұл пәлекеттен бір сәтке болса да құтылайық. – Ештеңе берместен бір нәрсе сұрау дұрыс болмайды. Аллаһтан бермей тұрып тілеу дұрыс емес. Менің мына шапанымнан басқа ештеңем жоқ, мен шапанымды беремін, кім не бере алатын болса сол заттарын әкелсін. Бұған орай әркім бере алатын нәрселерін әкеліп ортаға жинайды, көп зат жиналады. Әлгі әулие кісі бірнеше адамға бұл заттарды ауылдағы кедейлерге таратуын бұйырады. Олар дереу бәрін мұқтаж-кедейлерге таратып, қайтып келгенде, әулие кісі былай дұға етеді: – Йа Раббым, құлдарыңды қуантқандардың дұғасын қабыл ететіндігіңді білдірдің, біз сенің кедей құлдарыңды қуанттық, сен де бізге жаңбыр жаудырып, бізді қуант! Сол кезде жаңбыр жауа бастайды. Мұны көрген әулие кісі: – Міне, көріп тұрғандарыңдай, садақа бермеген, адамдарды қуантпаған адамның дұғасы қабыл болмайды. – дейді. |