20 - Жамазиәл-ахир, 1446 жыл.
     21 - Желтоқсан, 2024 жыл.   


ЕЛУ ТӨРТ ПАРЫЗ

Балиғатқа толған бала және бір кәпір калима-и тәуһид айтқанда, яғни «Лә илаһа иллаллаһ Мухаммадун Расулуллаһ» деп айтқанда және мұның мағынасын біліп, сенген кезінде мұсылман болады. Кәпірдің күнәларының барлығы бірден кешіріледі. Бірақ, ол да әрбір мұсылман секілді, мүмкіндік тапқанда иманның алты шартын, яғни «Әмәнту...»-ді жаттауы, мағынасын үйреніп бұларға сенуі және «Ислам дінінің толығын, яғни Мұхаммед алейһиссалам білдірген әмірлер мен тыйымдардың барлығын Аллаһу Та’ала білдіргеніне сендім» деуі керек. Одан кейін, мүмкіндігі болған кезде, барлық мінез-құлықтардан және кездесетін істерінен парыз болғандарын, яғни әмір етілген істерді және харам болғандарын, яғни тыйым салынғандарды үйренуі парыз болады. Бұларды үйренудің және қандай-да бір парызды орындаудың, қандай-да бір харамнан сақтанудың парыз екендігін мойындамаса, яғни сенбесе, маңызды деп санамаса, иманы кетеді, «мүртәд» болады. Яғни үйренгендерінің бірін, мәселен әйелдердің орануын ұнатпаса, қабылдамаса мүртәд болады. Мүртәд, діннен шығуына себеп болған нәрсеге тәубе етпегенше, «Лә илаһа иллаллаһ» деумен және Ислам дінінің кейбір әмірлерін орындаумен, мәселен намаз оқумен, ораза ұстаумен, қажылыққа барумен, қайырымдылық пен жақсылық жасаумен мұсылман болмайды. Бұл жақсылықтарының ахиретте ешқандай пайдасын көрмейді. Қабылдамағанына, яғни сенбеген нәрсесіне тәубе етіп, өкінуі керек.

Ислам ғалымдары әрбір мұсылманның үйренуі, сенуі және бағынуы керек болған парыздардың елу төртін белгілеген.

Елу төрт парыз мыналар:

1) Аллаһу та’аланы бір деп біліп, Оны мүлдем ұмытпау.

2) Халалдан ішіп-жеу.

3) Дәрет алу.

4) Күнде, уақыты келгенде бес уақыт намаз оқу.

5) Намаз оқитын кезінде хайз және жүніптіктен тазару мақсатында ғұсыл алу.

6) Адамның ризығына Аллаһу та’ала кепіл екендігін хақ деп санау, сену.

7) Халал, таза киім кию.

8) Хаққа тәуекел етіп жұмыс істеу.

9) Қанағат ету.

10) Берген ниғметтері үшін Аллаһу та’алаға шүкір ету. Яғни бұларды әмір етілген жерлерде қолдану.

11) Аллаһу та’аладан келген қазаға разы болу.

12) Қиыншылыққа сабыр ету. Яғни қарсы шықпау.

13) Күнәларға тәубе ету. [Күнде истиғфар оқу.]

14) Ықыласпен ғибадат жасау.

15) Адам және жын шайтандарын дұшпан деп білу.

16) Құран кәрімді құжат, дәлел ретінде санау. Оның үкіміне разы болу.

17) Өлімнің хақ екенін білу және өлімге дайындалу.

18) Аллаһу та’аланың сүйгендерін жақсы көріп, сүймегендерінен аулақ болу. [Бұған Хубби филлаһ және буғды филлаһ делінеді.]

19) Ата-анаға жақсылық жасау.

20) Адамдарға жақсы амалдарды насихаттау және жаман амалдардан қайтару.

21) Махрем болған туған-туыстарды зиярат етіп тұру (хал-жағдайын білу, барып тұру).

22) Аманатқа қиянат жасамау.

23) Әрдайым Аллаһу та’аладан қорқып, харам істеуден сақтану.

24) Аллаһу та’алаға және Расулына (пайғамбарына) мойынсұну, яғни парыздарды орындап, харамдардан сақтану.

25) Күнадан қашып, ғибадатпен айналысу.

26) Әмірлерге, заңға қарсы шықпау.

27) Әлемге ғибрат көзімен қарау.

28) Аллаһу та’аланың болмысын, яғни сипаттарын, махлұқтарын (жаратқандарын) тәфәккур ету (ойлау).

29) Тілді харам, ұятсыз болған сөздерден қорғау.

30) Жүректі масиуадан (дүниелікті жақсы көруден) таза ұстау.

31) Ешкімді масқара етпеу.

32) Харамға қарамау.

33) Барлық жағдайда сөзінде шыншыл болу.

34) Құлақты фухш (ұятсыздық) және сазды аспап сияқты харамдарды тыңдаудан қорғау.

35) Парыздар мен харамдарды үйрену.

36) Таразыны және өлшеу аспаптарын дұрыс қолдану.

37) Аллаһу та’аланың азабына түспейтіндігіне сенімді болмай, әрдайым қорқу.

38) Мұсылман кедейлерге зекет беру және жәрдем ету.

39) Аллаһу та’аланың мейірімінен үміт үзбеу.

40) Нәпістің харам болған қалауларына ермеу.

41) Аш болған адамды Аллаһ разылығы үшін тойдыру.

42) Жеткілікті мөлшерде ризық [яғни ішіп-жейтін азық, киім-кешек және тұрғылықты үй] табу үшін еңбек ету.

43) Мал-мүліктің зекетін, егістік өнімдерінің ушрын беру.

44) Хайз (етеккір) және нифас (босанғаннан кейінгі қан) жағдайдағы жұбайымен қосылмау.

45) Жүректі күнәлардан пәк қылу.

46) Тәкәппар болудан сақтану.

47) Балиғат жасына толмаған жетімнің мүлкін қорғау.

48) Еркекпен еркек (және әйелмен әйел) арасында жыныстық қатынаста болмау.

49) Бес уақыт намазды уақытылы оқып, қазаға қалдырмау.

50) Зұлымдықпен ешкімнің мал-мүлкін алмау.

[Ажырасқанда әйелдің мәхр ақшасын өтеу де құл ақысына жатады. Өтемейтін болса, өмірдегі жазасы мен ахиреттегі азабы өте ауыр болады. Құл ақыларының ең маңыздысы және азабы ең ауыр болғаны – туған-туыстарға және қол астында болғандарға әмри ма’руф жасамау болып табылады. Оларға діни білімді үйретпеу деген сөз. Олардың және барша мұсылмандардың діндерін үйренуіне және ғибадаттарын орындауына, жәбір көрсетіп немесе оларды алдап кедергі болған адамның кәпір екендігі, Ислам дұшпаны екендігі аңғарылады. Бидғатшылардың, мазһабсыздардың сөздерімен, жазбаларымен Әһли сүннет сенімін өзгертулері дінді, иманды бұзулары да осындай.]

51) Аллаһу та’алаға серік қоспау.

52) Зинадан сақтану.

53) Шарап және алкогольді ішімдіктер ішпеу.

54) Жалған жерде ант етпеу.

[Шарап, спирт және алкогольді ішімдіктердің барлығы ауыр нәжіс болып табылады. Су мен топырақ араластырылған кезде, осы екеуінің бірі таза болса, пайда болған балшықтың таза екендігі және бұл қаулының сахих екендігі, пәтуа да осындай екендігі «Бахр» кітабында және «Ибн Абидин»-де жазылған. Бұл пәтуаның заиф екендігін білдірген ғалымдар бар болса да, хараж (қиыншылық) туындаған кезде, заиф қаулымен амал етуге болатындығы «Ибн Абидин»-де және «Хадиқа»-да жазылған. Осыған байланысты, бір қажеттілік үшін әзірленген иіссу, лак және спиртті дәрілердің, бояулардың спиртпен араластырылған заттары таза болса, қоспаның да таза болатындығы аңғарылуда. Шафии мазһабында да осындай екендігі «Ма’фуват» шәрһінде жазылған. Тазалауында хараж бар болса, намазға кедергі болмайды. Хараж болғандықтан таза деп қабылданатын осындай сұйықтықтардың, зәрулік болмағанша, ішілуі жаиз емес. Алкогольді ішімдіктер ешқашан таза болмайды. Өйткені, осы ішімдіктердегі алкоголь басқа заттармен қажеттілік үшін, пайдалы болуы үшін емес, ләззат үшін араластырылған. Бұлар тиген барлық нәрсе нәжіс болады. Зәруліксіз ішу әрдайым харам болады.]