Фәр'и Мәдтер1. Мәдд-и Мұттасыл: "Харф-и мәд"-тен кейін бір сөзде,"сәбәб-и мәд"-тен болған "хамза" келсе, Мәдд-и Мұттасыл болады.
Мәдд-и Мұттасыл төрт әлиф ұзындығына созылады. Созылуы уәжіп болады.
2. Мәдд-и Мұнфасыл: "Харф-и мәд"-тен кейін бөлек сөздерде "сәбәб-и мәд"-тен болған "хамза" келсе, Мәдд-и Мұнфасыл болады.
Мәдд-и Мұнфасыл да төрт әлиф ұзындығына созылады. созылуы уәжіп емес, жаиз.
3. Мәдд-и Лазым: "Харф-и мәд"-тен кейін бір сөзде, "сәбәб-и мәд"-тен болған "лазым сүкін" келсе, Мәдд-и Лазым ортаға шығады.
Мәдд-и Лазым, төрт әлиф ұзындығына созылады. Созылуы уәжіп.
4. Мәдд-и Арыз: "Харф-и мәд"-тен кейін бір сөде, "аризы сүкін" келсе, Мәдд-и Арыз пайда болады.
Мәдд-и Арыз'ды екі немесе төрт әлиф ұзындығына созу жаиз.
5. Мәдд-и Лиин: "Харф-и лиин"нен кейін бір сөзде сәбәб-и мәд болып сүкін келсе Мәдд-и Лиин ортаға шығады. Харф-и лиин, үстінде жәзм'і бар . Бірақ, оздерінен алдынғы әріптің фәтхалы болу шартыменен.
"Мәдд-и Лиин"-де, лиин әрібі созылады, хареке емес.
Ескерту: "Харф-и лиин"-нен кейін сәбәб-и мәд болып келген сүкін, аризы сүкін болса; бұл жағдайда мәдд-и лиин, мәдд-и арыз'ға ұқсайды. "Харф-и лиин"-нен кейін сәбәб-и мәд болып келген сүкін, лазым сүкін болса; онда мәдд-и лиин, мәдд-и лазым'ға ұқсайды.
|