20 - Жамазиәл-ахир, 1446 жыл.
     21 - Желтоқсан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Әдеп-ахлақ / Ислам ахлақы / АСХАБИ КИРАМНЫҢ ҮСТЕМДІГІ

АСХАБИ КИРАМНЫҢ ҮСТЕМДІГІ

Барлық сахабалардың арасында Расулуллаһтың төрт халифасы “радиаллаһу та’ала анһум әжмаин” өзгелерінен үстем. Олардың халифалық мерзімі, бәрін қосқанда, отыз жыл. [Асхаби кирамның “радиаллаһу та’ала анһум әжмаин” барлығының жәннатқа кіретіндігі білдірілді. Ешбіріне тіл тигізу жаиз емес.]

Сондай-ақ, әулиелердің кереметі хақ, дұрыс.

Барлық әулиелердің ең үстемі – хазреті Әбу Бәкр Сыддық “радиаллаһу та’ала анһ”. Халифалығы хақ. Оның бірінші халифа екендігі үмбеттің ижмасымен (сөз бірлігімен) бекітілген. Расулуллаһтың “саллаллаһу алейһи уа саллам” қайн атасы. Қызы Айша “радиаллаһу анһа” анамызды Расулуллаһқа “саллаллаһу алейһи уа саллам” жұбайлыққа берген. Ақиқат ілімінің маманы болған. Бүкіл мал-мүлкін хақ жолына бергені соншалық, тіпті өзіне бір түйір де қалдырмады. Беліне құрма ағашының шыбықтарынан жасалған киім орады. Жәбірейіл "алейһиссаллам" да оның кигеніндей киініп, Расулуллаһқа келді. Расул оны бұл жағдайда көріп: «Йа Жәбрейіл! Мен сені мұндай жағдайда бұған дейін көрмеген едім. Бұл жағдайыңның себебі не?» деп сұрағанында, Жәбірейл "алейһиссалам" «Йа Расулаллаһ! Қазір сен мені осы жағдайда көрдің, қанша періште бар болса, бәрі осы жағдайда. Мұның себебі, Аллаһу та’ала бұйырды: «Құлым Әбу Бәкр, бар мал-мүлкін менің разылығым үшін, менің жолыма берді. Қазір құрма ағашының шыбықтарынан жасалған киіммен оранды. Ей менің періштелерім, сендер де ол сияқты киініңдер» деп әмір етті. Барлық періштелер қазір осы жағдайда» деді. Және оны, осы себептен, Сыддық деп атады.

Одан кейін әулиелердің үстемі – хазреті Омар “радиаллаһу анһ”. Халифалығы үмбеттің ижмасымен бекітілген. Ислам ілімдерінде маман болған. Бір күні Расулуллаһқа “саллаллаһу алейһи уа саллам” бір мұнафық пен бір яһуди дауласып, мәселені шешу үшін келді. Расулуллаһ “саллаллаһу алейһи уа саллам”, дауларын тыңдады. Дұрыстық яһудидің тарапында екені мәлім болды. Мұнафық бұған разы болмайды. Сол кезде расулуллаһ “саллаллаһу алейһи уа саллам” оларға: «Ей адамдар! Омарға барыңдар, сендердің дауларыңды шешсін!» деді. Олар хазреті Омарға “радиаллаһу та’ала анһ” келді. «Не үшін келдіңдер?» деп сұрады. Мұнафық «мына яһудимен дауым бар еді» деді. Хазреті Омар “радиаллаһу та’ала анһ”: «Ислам дінінің иесі бар бола тұра, мен бұл дауды қалай шешемін?» деді. Мұнафық: «Біз расулуллаһқа “саллаллаһу алейһи уа саллам” бардық, дауға яһудидің дұрыстығына үкім берді. Мен разы болмадым!» деді. Сол кезде Омар “радиаллаһу та’ала анһ” оларға бірден: «Сендер күте тұрыңдар, мен қазір дауларыңды шешіп беремін» деп, ішке кіріп кетті. Біраздан кейін киімінің астындағы қылышпен олардың қасына келді, қылышты шығарып, мұнафықтың басын шапты және «Расулуллаһтың үкіміне разы болмаған адамның жағдайы осындай болады» деді. Міне, осыған байланысты оған Омар-ул-Фаруқ “радиаллаһу та’ала анһ” делінді.

Расулуллаһ “саллаллаһу алейһи уа саллам” хазреттері «Хақ пен батылды ажыратушы – Омар» деді.

Одан кейінгі әулиелердің үстемі – Осман Зиннурәйн “радиаллаһу та’ала анһ”. Халифалығы хақ, дұрыс. Үмбеттің ижмасымен бекітілген. Расулуллаһ “саллаллаһу алейһи уа саллам” оған бірінен соң бірін, екі қызын жұбайлыққа берген. Екінші қызы да қайтыс болғанда: «Тағы қызым болғанда да оған берер едім» деген.

Екінші қызын бергенде, хазреті Османды “радиаллаһу та’ала анһ” аса мақтаған еді. Үйлендіргеннен кейін қызы: «Ей, менің көзімнің нұры әкем! Хазреті Османды қатты мақтадыңыз. Айтқаныңыздай емес қой!» деген кезінде, Расулуллаһ “саллаллаһу алейһи уа саллам” қызына: «Ей, менің қызым! Хазреті Османнан аспандағы періштелер ұялады!» деді.

Расулаллаһ “саллаллаһу алейһи уа саллам” оған екі қызын да бергені үшін Осман Зиннурайн делінді. Зиннурайн – екі нұр иесі деген сөз. Марифет ілімінің маманы болған.

Одан кейінгі әулиелердің үстемі –  Әли “радиаллаһу та’ала анһ”. Халифалығы үмбеттің ижмасымен бекітілген. Расулуллаһтың “саллаллаһу алейһи уа саллам” күйеу баласы. Қызы хазреті Фатима “радиаллаһу анһа” анамызды оған үйлендірген. Тариқат ілімінде маман болған. Бір қызметшісі бар еді. Бір күні қызметшісі «осы қожайынымды бір сынап көрейн» деп ойлады. Бұл кезде хазреті Әли “радиаллаһу та’ала анһ” сыртта еді. Қызметшінің қасына келіп, бір қызмет тапсырды. Қызметші жауапсыз үндемей тұрлы. Бұны байқаған хазреті Әли "кәрәмаллаһу уәжһәһ" қызметшіге: «Ей қызметші! Мен саған не істеп қойдым, не себептен мұңайып тұрсың және маған не үшін ренжідің?» деп сұрағанында, қызметші: «Сен маған ештеңе істемедің. Мен сенің құлыңмын, қызметшіңмін. Мақсатым сені сынау еді. Шынында да әулиесің» деді.

[Асхаби кирамның бәрін жақсы көретіндерге және олардың жолында болғандарға «Әһли сүннет» делінеді. «Бір бөлігін жақсы көреміз» деп көбін жақсы көрмейтіндерге «Шиит» делінеді. Асхаби кирамның бәріне дұшпан болғандарға «Рафизи» делінеді. «Асхаби кирамның бәрін жақсы көреміз» дейтін, бірақ кейбір мәселелерде ешбіріне мойынсұнбайтын адамдарға «Уаххаби» делінеді. Адасқан дін адамы Ахмед ибн Тәймияның пікірлері мен ағылшын тыңшысы Хемфердің өтіріктерінің араласуына «Уаххабилік» делінеді. Осы сенімдеріне бағынбаған, Әһли сүннет болған мұсылмандарға кәпір дейді. [Осы сөздері арқылы өздері де кәпір болуда.]

Уаххабилік пікірлері 1150 [м.1737] жылы Арабстан жарты аралында ағылшындар тарапынан пайда болды. Ағылшын жоспарларын жаю үшін көптеген мұсылмандардың қанын ағызды. Қазір де әр мемлекетте «Рабитатул-алемил ислами» деп атаған орталықтарын құрып, көп алтын шашып, надан дін адамдарын аулауда. Бұлар арқылы мұсылмандарды адастырып жатыр. Бір мың төрт жүз жыл бойы Ислам дінін қорғаған Әһли сүннет ғалымдарын және олардың қамқоршысы болған Османдықтарды жамандауда. Осы ғалымдардың насстардан шығарған дұрыс мәліметтеріне қате дейді.

Уаххабилердің кейбірлері «Біз де Әһли сүннет мазһабындамыз, Ханбали мазһабын ұстанамыз» дейді. Бұл сөздері Мутәзила адасқан ағымының «Біз де Әһли сүннетпіз. Ханафи мазһабындамыз» деулеріне ұқсайды. Әһли сүннет болмағандардың тозаққа баратындығын білгендіктен осылай айтады. Алайда, тек амалдардың, тек істердің ғана бір мазһабқа сай болуы, сол мазһабта болу деген сөз емес. Бір мазһабта болу үшін итиқадтың (сенімнің), әрі амалдың сол мазһабқа сай болуы тиіс. Төрт мазһабтың сенімі бірдей. Төртеуі де Әһли сүннет итиқадында (сенімінде). Бір адамның Ханафи немесе Ханбали мазһабтарында болуы үшін ең алдымен Әһли сүннет сенімінде болуы керек. Уаххабилер Әһли сүннет сенімінде емес.]