Жәннатқа кімдер кіреді?
Сұрақ: Жалпылама айтқанда, кімдер жәннаттық, кімдер тозақтық болады? Жауап: Аллаһу та’алаға сенген, Оның әмірлері мен тыйымдарына мойынсұнған, барлығын қабылдаған адам, яғни мұсылман болып жан тапсырған адам жәннатқа кіреді. Ал мұның терісі болған адам тозаққа кіреді. Жалпы айтқанда, жақсы мінезділер жәннатқа, жаман мінезділер тозаққа кіреді. Бір хадис шәрифтің мағынасы мынадай: «Жәннатқа кіретіндерді хабарлаймын, мұқият тыңдаңдар. Өздері әлсіз, зұлымдық көрген, шамасы жетпейді. Бір нәрсе үшін ант етсе, Аллаһу та’ала бұл мұсылмандардың анттарын міндетті түрде орындайды. Тозаққа түсетіндерді де білдіремін: Қаталдық танытады және өздерін өзгелерден үстем санайды.» (Тирмизи, Әбу Дауд)
Жәннат оңайрақ па, әлде тозақ па? Сұрақ: Жәннатқа кіру оңайрақ па, әлде тозаққа түсу ме? Жауап:Екеуі де оңай. Дұрыс иман келтірген, мұсылман болған адам жәннатқа, иман келтірмеген, кәпір болып өлген адам тозаққа кіреді. Нәпісіне бағынған адамның тозаққа түсуі өте оңай, ал жәннатқа кіруі өте қиын. Тозаққа түсу үшін ешбір тыйымға мән беруге қажеттілік жоқ, бірақ жәннатқа кіру үшін көптеген ережелер бар. Ең алдымен дұрыс иман, содан соң харамдардан сақтану және ғибадаттарды орындау... Екі хадис шәрифтің мағынасы: «Тозақ нәпіске жағымды келетін, ал жәннат нәпіске жақпайтын нәрселерден құралған.» (Бұхари) «Жәннатты қалайтын адам да, тозақтан қорқатын адам да ұйықтамайды. Жәннат қиыншылықтардан құралған, ал дүние ләззат және шәһуеттермен қоршалған. Оның ләззат және шәһуеттері сендерді жәннаттан мақрұм қалдырмасын.» (Рамуз)
Жәннатқа кіретін жануарлар: 1) Салих алейһиссаламның түйесі, 2) Ибрахим алейһиссаламның танасы, 3) Исмаил алейһиссаламның қошқары, 4) Мұса алейһиссаламның сиыры, 5) Юнус алейһиссаламның балығы, 6) Үзәйр алейһиссаламның есегі, 7) Сүлейман алейһиссаламның құмырсқасы, 8) Бәлқисқа жіберілген бәбісек құсы, 9) Әсхаб-и Кәһфтің Қытмир атты иті, 10) Мұхаммед алейһиссаламның түйесі. Бұл жануарлардың жәннатқа қошқар күйінде кіретіндігі білдірілген. (Мишқатул Әнуар, Шират-ул Ислам шәрһі)
Ақылынан алжыған адам жәннатқа кіреді ме? Сұрақ: Ақылы кеткен жынды адам ахиретте қайда кетеді? Жауап: Аллаһу та’ала иман және ғибадатта пенделерінен шамасы жетпейтін нәрселерді талап етпейді. Сондықтан мұсылман болып жүріп ақылы кеткен, жынды болған, ұйқыда өлген адам, сол жағдайында иманды екені анықтала алмаса да, мұсылмандығы жалғасады. Ал кәпір кезде жынды болған адам, күпірлігі мәлім болмаса да, алдыңғы күпірлік жағдайы жалғасады. Туылғанынан жынды болған мұсылман перзенті жәннатқа кіреді. Кәпір балалары үшін жеті өзгеше қаулы бар. Бұл қаулылардың бірі, олар да жәннатқа кіреді. Сол қаулылардың бірі бойынша, есептен кейін топыраққа айналады.
Соңғы сөз маңызды Сұрақ: «Соңғы сөзі Лә илаһә иллаллаһ болған адам жәннатқа кіреді» хадис шәрифінің мақсаты қандай? Бір мүмин әп-сәтте қайтыс болса, Аллаһ дей алмаса тозаққа кетеді ме? Жауап: Соңғы сөздің калима-и тәухид болуы шарт емес. Иманды өлген әр адам ертелі-кеш жәннатқа кіреді. «Соңғы сөзі Лә илаһә иллаллаһ болған адам жәннатқа кіреді» хадис шәрифінен мақсат – тозаққа кірместен жәннатқа баратындығының сүйіншісі. Әйтпесе әр мұсылман, тіпті пасық (күнәхар) болса да, күнәларының жазасын тартқаннан кейін жәннатқа кіреді. (Ибн Абидин) Демек, соңғы сөзінің калима-и тәухид болуы бөлек сүйінші болып табылады.
Жәннатқа кіре алмайды Сұрақ: Фиқһ кітаптарында жамағатпен намаз оқудың маңызы баяндалғанда «Жамағатты үзірсіз тәрк еткен адам жәннаттың иісін сезе алмайды» делінген. Иісін сезе алмайды дегенінің мағынасы қандай? Яғни жамағатпен оқу деген сүннетті тәрк еткен адамның кәпір болмайтындығына сүйенсек, жәннатқа кіреді, бірақ жәннаттағы иістерді сезбейді деген сөз бе? Жауап: «Жәннаттың иісін сезбейді» дегені – жәннатқа мүлдем кірмейді, иісі сезілетін жерлерден де өтпейді деген сөз. Яғни жамағатты әдейі тәрк еткен, маңызды деп санамаған адам кәпір болады деген сөз. Тек жамағат сүннетін ғана емес, басқа сүннеттерді де, орындамаған, бұларға мән бермеген, маңызды деп санамаған, менсінбеген адам кәпір болады. Орындамаған адам сауабынан мақрұм қалады. Бірақ «Сүннеттің не маңызы бар?» десе, сүннетке мән бермеген болады. Ал бұл нәрсе – күпір. Бір үзірмен немесе жалқаулықпен жамағатқа бармаған адам кәпір болмайды.
Жәннаттың құны Сұрақ: Дәйләмиде білдірілген «Жәннаттың құны Лә илаһә иллаллаһ, ал ниғметтің құны Әлхамдулиллаһ» хадисі бойынша, мұсылман болмаған бір адам лә илаһә иллаллаһ десе, жәннаттың құнын өтеп, оны сатып алған болмайды ма? Жауап: Құран кәрімнің кейбір аяттары өзгелерін айқындағанындай, хадис шәрифтердің бір бөлігі де өзгелерін айқындайды. «Шартсыз білдірілген хабарлар, шартты түрде түсініледі» тіркесі дінімізде ереже болып табылады. Мұсылман болмаған адам жәннатқа түбегейлі кіре алмайды. Мұсылман болмаған бір адам Лә илаһә иллаллаһ десе де жәннатқа кіре алмайды. Иманның алты шартына сену мәжбүрлігі бар. Сену де жеткіліксіз, одан бөлек ұнатып, бұларды қабылдап та айту керек. Сөзбен айту да жеткіліксіз, жүрекпен растау да шарт. Ықылас та шарт, «Тек ықыласпен лә илаһә иллаллаһ деген адам жәннатқа кіреді» хадис шәрифі ықылассыз айтудың құнсыз екенін көрсетуде. Ал ықылас дегеніміз не? Мұны да пайғамбарымыз алейһиссалам түсіндірген. «Ықылас – сендерді харамдардан бас тартқызуы» деген. (Бәззар, Хатиб) Иманның белгісі – парыздарды орындап, харамдардан сақтану. Харамдардан сақтана алмайтын болса ықылас жоқ деген сөз. Тек қана ықылас жеткіліксіз, жүрекпен растау да қажет. Бір хадис шәрифтің мағынасы: «Жүрекпен растап, ықыласпен калима-и шаһадатты айтқан адам жәннатқа кіреді.» (Табарани) Сондай-ақ, бұларды ұнатып, қабылдап айту шарты бар. Бір хадис шәрифтің мағынасы мынадай: «Сеніп, ұнатып, қабылдап, ықыласпен Лә илаһә иллаллаһ деген адамға жәннат бар.» (Ибн Хиббан) Жүрекпен растау, ықылас, харамдардан сақтану және ұнату да жеткіліксіз. Бір хадис шәрифтің мағынасы: «Ықыласпен "Раббымның Аллаһ, дінімнің Ислам және пайғамбарымның Мұхаммед алейһиссалам болғанына разымын" деген адам жәннатқа кіреді.»(И.Ахмед) Демек, мұсылман болмаған адам, барлық өзге діндерді қате, Ислам дінін жалғыз хақ дін ретінде қабыл етпесе, Мұхаммед алейһиссаламды өз пайғамбары ретінде қабылдамаса, жәннатқа кіре алмайды. Одан басқа Әмәнтуде білдірілген иманның алты негізіне де сену шарт. Бірі нұқсан болса иман болмайды. «Ниғметтің құны Әлхамдулиллаһ» әміріне бағынып, тек Әлхамдулиллаһ деумен ниғметтің құнын берген, шүкірін жасаған боламыз ба? Бір адамның қолына ақша түссе, бұл ақшаға шарап алып ішсе, «Әлхамдулиллаһ, қолыма ақша түсті, шарабымды ала алдым» десе, ниғметтің шүкірін өтеген болмайды. Ол ниғметті дініміз тыйым салмаған жерлерде, тіпті дініміз әмір еткен жерлерде қолданса, тек осы жағдайда ғана шүкір еткен болады.
Имансыздың Аллаһ деуі Сұрақ: «Лә илаһә иллаллаһ деген адам жәннатқа кіреді» хадисіне кәпір, мұнафиқ (екі жүзді), бидғатшы да қатысты ма? Жауап: Өлшем мынадай: Имансыз болып өлген адам жәннатқа кіре алмайды. Ислам дінін хақ дін деп санамайтын болса, не істесе де пайдасы болмайды. Демек, бір адам барлық өзге діндерді қате, Ислам дінін хақ дін ретінде көрмесе, Мұхаммед алейһиссаламды өз пайғамбары ретінде қабыл етпесе, жәннатқа кіре алмайды. |