19 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     21 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Әдеп-ахлақ / Туған-туысқандарды зиярат ету

Туған-туысқандарды зиярат ету

Сұрақ: Досты немесе туысқанды зиярат етуде олардың салих, намазхан болуларыы маңызды ма?

Жауап: "Пасық болған, күнә істеуімізге себеп болатын туыстарды зиярат ету қажет емес, бірақ салих болған туысқандарды зиярат ету керек. Туған-туыстармен қарым-қатынасты үзу үлкен күнә болады. Еркек және әйел болған зи-рахми махрем туыстарды зиярат ету уәжіп болып табылады. Көкенің қызы сияқты махрем болмаған туысқандарды зиярат ету уәжіп емес." (Бәриқа)

(Зиярат ету – үйіне барып тұру, хабарласып, хал-жағдайын біліп тұру, араласып тұру, қарым-қатынасты үзбеу деген сөз.

Зи-рахми махрем – еркек үшін анасы, қыз бауыры, ата-ананың қыз бауырлары сияқты туыстар; ал әйел үшін әкесі, еркек бауырлары, ата-ананың еркек бауырлары сияқты үйленуі харам болған туыстар деген сөз.)

Салих достарды зиярат ету де үлкен сауап. Салих туысқандарды ең болмағанда аптада немесе айына бір зиярат етіп тұру керек, қырық күннен асырмау керек! Алыс жерде тұратын болса хатпен, телефон арқылы көңілін аулап, ренжулі болса ренішін басу керек. Зияратты тек Аллаһ разылығы үшін жасау керек.

Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Бір дін бауырын зиярат еткен адамға бір періште "Қандай бақыттысың, сен жәннатқа кірдің" дейді. Хақ та’ала: "Мен үшін зиярат еткен пендеме жәннатта оған ұнайтын сияпаттарын беремін" дейді.» (Бәззар)

«Дін бауырын Аллаһ үшін зиярат еткен әрбір мұсылманға бір періште "Бұл істегенің қандай жақсы болды, жәннат саған халал болсын" дейді. Аллаһу та’ала да: "Құлым мені зиярат етіп келді. Менің де оған сый-сияпат көрсетуіме тура келеді" дейді.» (Әбу Яла)

«Арштың айналасында нұрдан жасалған күрсілерде, нұр секілді жарқыраған адамдарға пайғамбарлар мен шәһидтер қызығады. Бұлар – өмірде Аллаһ үшін бір-бірін жақсы көрген, Аллаһ үшін жиналған, Аллаһ үшін бір-бірін зиярат еткендер.» (Нәсаи)

«Жақсылап дәрет алып, сауап үміт етіп бір мұсылман бауырын барып көрген адам тозақтан жетпіс жылдық қашықтыққа ұзақтайды.» (Әбу Дауд)

«Ғалымдардың мәжілісіне қатысқан адам менің мәжілісіме де қатысқан болады. Ал менің мәжілісіме қатысқан адам, Раббының мәжілісіне қатысқан болады.» (Табарани)

«Сыла-и рахим – өзі іздемейтін туысқанды тауып, зиярат ету және жақсылық жасау деген сөз.» (Тирмизи)

«Сені зиярат етпегенді сен зиярат ет! Саған сыйлық бермегенге сен сыйлық жаса!» (Бұхари)

«Садақа беру, жақсылық жасау, ата-анаға сый-сияпат көрсету және туыстарды зиярат ету – бақытсыздықты бақытқа айналдырады, өмірді ұзартады және адамды жаман өлімнен қорғайды.» (Әбу Нуайм)

«Мешіттер – Аллаһтың үйлері, ал мүминдер – Аллаһтың зияратшылары. Зияратшысына сый-сияпат көрсету, үй иесінің мойнына хаққы болады.» (Хаким)

«Мына бес нәрсенің жазасы бірден байқалады: сұлтанға қарсы шығу, зұлымдық жасау, ата-анаға дұшпан болу, туысқандармен қарым-қатынасты үзу, жақсылыққа шүкір етпеу.» (Ибн Лал)

 

Дінге мойынсұнбайтын туысқандар

Сұрақ: Жақын туыстарым, тіпті бауырларым мен ата-анам менің намаз оқуымды және орануымды мазақ қылады. Дініміздің әмірлерін менсінбейді. Оларды зиярат етіп баруым, араласып тұруым шарт па?

Жауап: Мұсылмандықпен байланысты үзгендіктен ондай кісілерді барып көру керек емес, діннен шыққандардың туысқандық ақысы болмайды. С.Әбәдийа кітабында былай делінген:

"Егер ата-ана Ислам дініне мойынсұнуды кері қалушылық дейтін болса, ғибадат жасауды және харамдардан сақтануды ұнатпайтын болса олардың үйіне бару керек емес. Ондай туыстардың үйіне де бару жаиз емес."

 

Сұрақ: Туыстарымның біразы дін-иман жөнінде ештеңе білмейді. Не істеуіміз керек?

Жауап: Кәпір болған туыстармен де жақсы қарым-қатынаста болу керек. Мүмкін болғанша олардан ұзақ тұруға тырысу керек.

 

Жұбайын туыстарымен көрістіруі

Сұрақ: Еркек, жұбайына туыстарымен көрісіп тұруына бөгет бола алады ма?

Жауап: Еркек қаласа жұбайының ата-анасын және бауырларын да үйге кіргізбеуіне болады, бірақ көрісуіне және олармен сөйлесуіне кедергі бола алмайды. Бұлардан салих болғандарының аптада бір рет үйге келіп тұруына кедергі болмағаны жақсы болады. Олардың көңілдерін аулауға, қайырлы дұғаларын алуға тырысу керек. Өзінің және әйелінің туыстарынан пасық (күнәхар) болғандар, әйелінің дінін, мінезін бұзуды қалайтындар бар болса, оларды үйге шақырмау керек және үйлеріне де бармау керек. Олармен кездеспеу керек және жұбайын да олармен кездестірмеу керек. Алайда оларға да, басқаларына да қатал сөйлемеу керек, тартыспау керек, фитнаның шығуына себеп болмау керек. Діндеріне және дүниелеріне зиян келетін нәрселерден сақтану керек. Бәрінің алдында күлімдеген жүзді, жылы сөзді болу керек. (С.Әбәдийа)

 

Пасық туыстармен көрісу

Сұрақ: Ата-анамның бауырлары болған аға-әпкелер сияқты пасық (ашық түрде күнә істейтін) туыстарым  бізді үйлеріне қонаққа шақырады. Дінге қайшы істер жасалады. Жұбайымның барғысы келмейді. Қалай істегеніміз дұрыс болады?

Жауап: Жұбайыңыздың келе алмауының себебі бар дейсіз, өзіңіз барып қайтасыз. Өзіңіз де барған жағдайда күнә істейтіндей болсаңыз, өзіңіз үшін де бір сылтау табуыңыз керек.

 

Сыла-и рахим

Сұрақ: Қайын атамның ауылына бару да сыла-и рахим болады ма?

Жауап: Иә, сыла-и рахим болады. Салих адамдарды зиярат ету үлкен сауап.

 

Аға – әке сияқты

Сұрақ: Дініміз бойынша, аға және көке әкедей, нағашы әпке ана үкімінде ме?

Жауап: Иә, айтқаныңыздай. Үш хадис шәриф мынадай:

«Аға – әке дәрежесінде.» (Бәйһақи)

«Нағашы әпке ана үкімінде болады.» (Бұхари)

«Йа Аббас, сен менің көкемсің, әкемнің жарымысың.» (Хатиб)

 

Туыстарды зиярат ету

Сұрақ: "Сыла-и рахим" деп аталатын туыстарды барып көріп, хабар алып тұру деген амал орындалмаса күнә болады ма?

Жауап: Егер туысқандар салих болса, яғни арақ ішпейтін намазхан кісілер болса, әлбетте күнә болады. Екі хадис шәрифтің мағынасы мынадай:

«Сыла-и рахим – мал-мүлікті арттырады, жанұяда махаббатты арттырады және өмірді ұзартады.» (Табарани)

«Сауабы ең тез берілетін жақсылық – сыла-и рахим, ал жазасы ең тез берілетін жамандық – зұлымдық және (салих) туыстармен қарым-қатынасты үзіп қою.» (Тирмизи)

Пасық немесе бидғатшы (сектант) болған туыстардың зияратына мәжбүр болмағанша бармау керек. Тек әмри маруф (жақсылықты, дінді үгіттеу) үшін немесе қажетті бір іс үшін баруға болады.