29 - Жамазиәл-ахир, 1446 жыл.
     30 - Желтоқсан, 2024 жыл.   


ЖАНАЗА ЖАЙЫНДА

Жаназа намазы, жерлеу, жуындыру, кебіндеу, бұлардың бәрі фарзи кифая болып табылады.

Мәйітті жуындыру үшін сырт көзден таса болған бір жерге қойылған мәрмәр немесе ағаш тақтайдың үстіне шалқасынан жатқызылады. Киімі шешіледі. Дәрет алдырады. Басынан кіндігіне дейін жылы сумен жуылады. Содан соң кіндігі мен тізесінің арасы жабылып жуылады. Жуатын адам оң қолына қолғап киеді. Осы қолын жамылғының астына салып, су құйып жуады. Жамылғының астына қарамайды. Кейін сол жағына аударып оң жағын, содан соң оң жағына аударып сол жағын қолғап киген қолымен жуады. Кебіннің үш бөлігінен бірін тақтайдың үстіне мәйіттің астына төселеді. Бұл төсеніш мәйітпен бірге табытқа қойылады.

Кебіннің үш түрі болады: Парыз кебін (бұған зәрулік кебін деп те атайды), сүннет кебін, кифая кебін.

Сүннет кебін – ер кісілерге үш бөлік, әйелдерге бес бөлік болады.

Кифая кебін – ер кісілерге екі, әйелдерге үш бөлік.

«Бахр»-да былай делінеді: «Әйелдердің кифая кебіні – изар, лифафа, және химар, яғни бас орамалы. Себебі, әйелдер өмірлерінде осы үшеуімен жабынады.» Изар – сол заманда иықтан немесе жоғарыдан аяқтарға дейін денеге оралған мата болатын еді. Лифафаның ұзын көйлек (антари) екендігі Ибн Абидинде жазылған. Көрініп тұрғанындай, мұсылман әйелдер бұрында көшеге кең, ұзын көйлек және орамалмен жабынып шығатын еді. «Бахр»-да және «Дуррул-мунтақа»-да былай делінген: «Күйеуінің әйеліне беруі уәжіп болған напақа – тамақ, киім-кешек және баспана. Киім-кешек – химар (бас орамал) және милхафа.» Милхафа – жабынатын сыртқы киім деген сөз. [Бұған қазір плащ та дейді. Көрініп тұрғанындай, әйелдің киімі үш бөліктен тұрады. Бұлардың арасында чаршаф (жамылғы тәрізді қара киім) жоқ. Чаршафпен орану кейіннен әдет болған. Чаршафпен жабыну әдет болған жерлерде чаршафпен, плащ кию әдет болған жерлерде кең плащ және қалың бас орамалмен жабыну жаиз болады. Әдет-ғұрыптың сыртына шығу жамағаттан бөліну болады. Фитнаға себеп болады. Фитнаға себеп болу харам болып табылады.]

Парыз кебін - еркек пен әйелдерге бір бөлік.

Кебін матасы табылмай, жібек табылса, еркектерге бір қабат, әйелдерге екі қабат жеткілікті болады.

Жаназа намазында имам болуға лайықты болғандардан, әуелі, мұсылман болса мемлекет басшысы, одан кейін аудан әкімі, одан кейін жұма намазына тағайындалған хатиб және одан кейін имами хай өтеді.

Имам хай деп аталатын кісі – мәйіттің тірі кезінде, оны жақсы адам деп санаған ғалым мұсылман адам. Және одан кейін мәйіттің уәлиі. Уәлиі келмеген жағдайда, осы аталғандардан басқа біреу жаназа намазын оқытқан болса, уәлидің еркі өзінде, қаласа қайта оқиды немесе оқымайды. [Мұның кеңірек түсіндірмесі «Сәадәти Әбәдийа атты илмихал кітабында бар.]

Бір адамның денесі ортасынан бөлінген болса, жартысы ғана табылса, мұның намазы оқылмайды.

Бір өлі табылса, бөлшектеніп кеткен болса және әрбір бөлшегі әр жерде болса,  мұның да намазы оқылмайды. Бірақ сол бөлшектер бір жерге жиналса, намазы оқылады.

Бір мәйітті жуындырғаннан кейін бір жері жуылмай қалды делінсе, егер кебінделмеген болса, оны жуады. Бірақ, қабірдің қасына барғаннан кейін, оның дәрет мүшелерінің бір жері жуылмай құрғақ қалды десе, сол жері жуылады және намазы оқылады. Қабірге қойылып, үсті жабылғаннан кейін хабар берілсе, бұл кезде оны қабірден шығармайды. Мүлдем жуылмай жерлеп жатқаны белгілі болса, үстіне топырақ тасталмаған болса, шығарылып жуылады.

Су жоқ жерде бір мәйітке тәйәммүм еттірсе, мазаратқа алып бара жатқан кезде су табылса, қайтадан сумен жуындыруға да, жуындырмай тәйәммуммен жерлеуге де болады, яғни таңдау еркіндігі бар.

Бір аймақта көп адам өлген болса, барлығы үшін бір рет жаназа намазын оқу жаиз болады. Әрине Ислам дінінің үкімі орындау арқылы. Бірақ, абзал болғаны, жеке-жеке оқу.

Жаназа намазына «Аллаһу та’аланың разылығы үшін намазға, еркек (немесе әйел) кісі үшін дұғаға, ұйыдым дайын тұрған имамға» деп ниет ету керек.

Бір адам қарақшылық жасап жатқан жерінде ұсталса, әкімнің және соттың қалауымен өлтірілсе немесе бір адамды үкіметке қарсы шығып, төбелесіп жүрген кезінде өлтірілсе немесе бір адам өзінің ата-анасын өлтірсе, бұлардың намаздары оқылмайды.

Өзін-өзі өлтірген адамның жаназа намазы оқылады. (Дурр-ул мухтар)

Әһли сүннет болғандардың он белгісі бар:

1) Ол адам үздіксіз, тұрақты түрде жамағатпен бірге болады.

2) [Сенімі немесе күнәсі күпірлікке жетпеген] имамға ұяды.

3) Мәсінің үстіне мәсіһ тартуды жаиз деп санайды.

4) Сахабалардың “радиаллаһу та’ала анһум әжмаин” ешбіріне тіл тигізбейді, олар жөнінде жаман сөз айтпайды.

5) Мемлкетке қарсы шықпайды.

6) Дінде орынсыз жерде дауласпайды, сөз тартысып, айтыстпайды.

7) Дінде күмәнданбайды.

8) Жақсылық пен жамандықты Аллаһу та’аладан деп біледі.

9) [Діннен шыққандығы белгілі болмағанша] әһли қыблаға [Қыблаға қарай намаз оқитындарға] кәпір демейді.

10) Төрт халифаны өзге сахабалардан үстем деп санайды.