20 - Жамазиәл-ахир, 1446 жыл.
     21 - Желтоқсан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Әдеп-ахлақ / Ислам ахлақы / КҮНӘСІЗ СӘБИЛЕРДІҢ ӨЛІМІ ЖАЙЫНДА

КҮНӘСІЗ СӘБИЛЕРДІҢ ӨЛІМІ ЖАЙЫНДА

Бір мұсылманның перзенті ауырып қалып, өлім төсегінде жатса, Мақам-и иллийин, яғни жәннат оның мекені болады. Ол жақтан үш жүз алпыс періште келіп, сап болып тізіліп, сол сәбидің алдында тұрады және «Ей сәби! Саған сүйінші болсын, бүгінгі күн – дүниеден озған ата-аналарыңды және барлық көршілеріңді Хақ та’аладан тілейтін күнің» деп, жүз періште басына шапағат тәжін кигізеді, тағы жүз періште махаббат тәжін тағады және тағы жүз періште қайраттылық пен қуат көйлегін кигізіп, тағы алпыс періште көзінің пердесін алады. Барлық перделер алынуымен, тура хазреті Адамнан бері осы уақытқа дейін өткен мүминдердің ата-бабаларын көреді. Олардың кейбірлері үшін азап әзірленген. Олардың осы жағдайларын көргенде жылайды, айқайлайды және дірілдейді. Мұны білмейтіндер жан тапсыру азабын тартып жатыр деп ойлайды.

Бұдан кейін жан алушы періштелер келіп оны көреді, шапағат тәжі мен көйлегін киген екен және көзінің пердесі ашылған екен, жанын алуға күштері жетпей «Ей сәби! Әлемнің жаратушысы саған сәлем айтты және "Мен оны жараттым, қайтадан маған қайтсын. Өйткені сол рух аманатын мен бердім, қайтадан маған берсін. Оның орнына оған жәннат және дидар берейін. Егер сенбесең, жүзіңді бұрып, аспан жаққа назар сал, көресің"» дегенінде, әлгі сәби назар салып, періштелерді және Аллаһу та’аланың дидарын көреді. Қуаныштан толқып, дірілдеп, өксіп жылайды және қызарады. Тұра қалып, төсегінде жан беруге атылады. Қайтадан азап ішіндегі ата-бабалары көзіне көрініп, қайтадан жанын бермейді. Сол кезде періштелер «Ей сәби! Неге жаныңды бермейсің?» деп сұрайды. Әлгі сәби «Ей періштелер! Аллаһу та’алаға өтініш жасаңдар, ата-бабаларым мен туыстарымды кешірсін.» дейді. Періштелер «Йа Раббым! Мына сәби мен біздің жағдайымыз саған мәлім» дейді. Аллаһу та’ала «Ұлылығымның хаққы үшін кешірдім» деп үндейді. Періштелер: «Ей сәби! Саған сүйінші! Хақ та’ала иманы бар болғандардың күнәсін кешірді және барлық өтініштеріңді қабылдады» деген кездерінде, сәбидің өзі де шаттанып, осындай жағдайда тұрғанында, Хақ та’ала жәннаттан екі хури жіберіп, оның ата-анасының кейпінде келеді, қолдарын ашып былай дейді: «Ей, біздің ұлымыз немесе қызымыз! Бізбен жүр, біз жәннатта сенсіз бола алмаймыз.» Жәннат алмаларынан бір алма шығарып, сәбидің қолына береді, ал дейді. Әлгі сәби алманы иіскеп тұрғанында, хазреті Әзірейіл алейһиссалам, өзі сияқты әдемі сәби болып, осы жағдайында жанын (рухын) алады.

Бір риуаят бойынша, алманы иіскеп жатқанда жаны алмаға жабысады және мәләк-ул-мәут сәбидің жанын алмадан алады. Бұл риуаяттардың екеуі де жаиз.

Содан соң мәләк-ул-мәут сол жанды алып, аспандарды көрсетіп, жәннатқа алып барады. Ол жерде жасыл зүбаржаттан жасалған алаң бар. Сәби сол жерге келгенде «Мені бұл жерге неге алып келдіңдер» деп сұрайды. Періштелер: «Ей сәби! Қиямет жері бар. Өте ыстық. Міне осы алаңда жетпіс мың мейірім бұлағы бар. Хазреті Расулуллаһтың "алейһиссалам" хауызының басында тұрып, нұрдан жасалған ыдыстарды көріңіз! Ата-анаңыз қиямет жеріне келгенде, осы ыдыстарды суға толтырып, оларға бересіз және оларды ұстап тұрыңыз, жібермеңіз, тозақ жолына кетпесін және азап пен қиыншылық көрмесін. Өйткені, сіздің дұғаңыз Хақ та’аланың алдында қабыл етіледі. Жұма түндері жер бетіне түсесіз. Сол кезде Аллаһу та’аланың сәлемін Мұхаммед “саллаллаһу алейһи уәсәлләм”-нің алдына жеткізесіз. Олардың үстіне нұр бересіз және олардың шүкірлері бәратын Аллаһу та’алаға апарасыз» деп ескертеді.

Сәбилердің жандарына осы дәрежелерді көрсетіп, дереу қайтадан мәйіт басының түбіне қояды. Намазы оқылып, қабірге кіріп, сұрағы мен есебі болғанға дейін бұл жан қабірдің үстінде тұрады. Егер ата-анасы тәубесіз өлетін болса, қияметте баласы мен олардың арасында бір перде болады. Бұл сәби оларды іздеп таба алмайды, бір-бірлерін көруге құштар болады. Міне, мүминдердің балиғат жасына толмаған бала-шағаларының жағдайы осындай.