19 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     21 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Шынайы өмір өлгеннен кейін басталады

Шынайы өмір өлгеннен кейін басталады

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Мұсылман тек жәннаттың ниғметтері мен мәңгілігін немесе тозақтың мәңгі екенін және азабының ауырлығын ойласа, басқа нәрселерге қажеттілігі қалмайды. Өлім жазасына тартылған адам асылатын жібінен басқа не ойлайды? Тәбеті қашады, «Ананы істеймін, мынаны істеймін!» деген қиялдары қалады. Дәрігер анализден соң «Сен қатерлі ісік ауруына шалдықтың» деген кезінде, ол адам да қатерлі ісік болғанын түсінсе, түңіле бастайды...

Өлімнің басымызға келетінін мүлдем ұмытпау керек. Бәрі бұған душар болады, бәрі өледі. Адам өлген кезде ешкім болады. Мал-мүлік, бала-шаға және басқа да несі бар болса, бәрі бір сәтте жоқ болады. Негізгі өмір міне сол күні басталады. Осыншалықты қысқа өмірде дүниелікке берілуге, құтыруға, бір күні сені тастап кететін мал-мүліктің соңынан жүгіруге, бұларды жақсы көріп өлуге арзиды ма?

Аллаһу та’алаға тәуекел ету, үміт және иман азайған сайын адам өз-өзін қауіпсіз сезіну үшін көптеген шаралардың соңынан жүгіреді. Мына қызмет, мына егістік, мына банк, мына үй деп бұлармен әуре болады. Алайда бұлардың бәрі бос нәрсе.

Тек кәрілер емес, жастар да қайтыс болады. Әр күні жұбайымыздан, достарымыздан, таныстарымыздан біреудің қайтыс болғаны жайында хабар келіп тұрған жоқ па? Түсінетін адамға бұл хабарлар өлімді еске алу және ғибрат алу тұрғысынан өте маңызды. Өйткені «Қуаныштарыңды басатын, ләззаттарыңды жоқ қылатын өлімді өте жиі еске алып тұрыңдар» хадис шәрифі мұның астын сызып көрсетуде. Өлім – қиял болған осы өмірдің соңы және мәңгі болған шынайы өмірдің басы.

Хақ та’ала бір капиллярлық тамырымызды бітесе, денеміздегі ұштарын жалғаса әлемді қоршайтынтдай өте жұқа тамырлар, аздаған уақыт бітеу қалса сал боламыз. Осы бітеуді өзіміз ашып жібере аламыз ба? Әсіресе миға баратын немесе жүрекке кететін жолда ұйысқан қан бірден сал қылады, бұл кезде триллиондаған ақшамыз болса да неге жарайды? Бір қылдай тамыр немесе бір жүйке үзілсе, бәрі бітеді... Жағдай осындай болуына қарамай, «Бір ай немесе бір жылдан кейін мен немен күн көремін?» деп ойланамыз. Біз қазір өмір сүріп жатырмыз, аяқтамыз, деніміз сау, осы қызметтерді атқарып жатырмыз. Бұлардың бәрі қаржының арқасында ма, әлде Хақ та’аланың құдіретімен орындалып жатыр ма? Мұны жақсылап ойлау керек. Алдымен бұл ниғметтердің шүкірін өтеу керек. Бұдан кейін онсыз да ақшаға, мал-мүлікке көңіл байлаудың реті келмейді...