20 - Жамазиәл-ахир, 1446 жыл.
     21 - Желтоқсан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Әдеп-ахлақ / Ислам ахлақы / ҮШІНШІ ТОМ, 84-ші ХАТ

ҮШІНШІ ТОМ, 84-ші ХАТ

Аллаһу та’алаға мақтаулар болсын және Оның таңдалған, сүйікті құлдарына сәлем болсын! Бұл жолда ілгерілеуді [Аллаһу та’аланың сүйіспеншілігіне қолжеткізуді] қалағандардың алдымен сенімдерін хақ жолдағы ғалымдардың [яғни Әһли сүннет ғалымдарының] білдіргендеріне сай түзетуі керек. [Бұл үлкен ғалымдар бүкіл білімдерін Асхаби кирамнан үйренді. Өз көзқарастарын және пәлсапашылардың пікірлерін бұған араластырмады.] Аллаһу та’ала оларға еңбектерінің өтемін молынан берсін! Одан кейін әркімге қажет болған фиқһ ілімін үйрену керек. Бұдан кейін осы үйренгендерді орындау керек. Содан соң әр уақытта Аллаһу та’аланы зікір ету керек. [Яғни жүрек үнемі Оның есімі мен заттық сипаттарын ойлау керек]. Алайда, зікір етуді кәміл (жетілген) және мукәммил (жетілдіре алатын) ғалымнан үйрену шарт. Жетілмеген біреуден [әсіресе надан және адасқан шәйхтерден] үйренсе, кәмілдікке жете алмайды. Бастапқыда өте көп зікір ету керек, парыз намаздар мен олардың сүннеттерін оқығаннан кейін зікірден басқа ғибадат жасамай, Құран кәрім оқуды және нәпіл ғибадаттарды басқа уақытқа қалдыру керек. Дәретті болып та, дәретсіз де зікір ету керек. Тұрғанда, отырғанда, жүргенде, жатарда да үнемі осы міндетті орындау керек. Көшеде жүргенде, ішіп-жегенде және ұйықтайтын кезде зікірсіз қалмау керек.

Зікірді соншалықты көп айту керек, зікір етілгеннен [Аллаһу та’аладан] басқа жүрегінде ешбір қалау, ой қалмау керек. Одан басқа нәрселердің атаулары мен белгілері (нышандары) жүрекке келмеу керек. Басқа нәрселерді ойлау үшін өзін қинаса да, жүрегіне алмау керек. Жүректің Аллаһу та’аладан басқа барлық нәрселерді осылай ұмытуы Оған қауышудың бастамасы болып табылады. Бұл ұмыту сүйіктісінің разылығына, сүйіспеншілігіне қауышудың сүйіншісі.

Адамды барлық нәрсеге қауыштыратын жалғыз Аллаһу та’ала. Тура жолда болғандарға сәлем болсын! [Үшінші том, 17-ші хатта былай делінген: «Жүрекпен зікір ету оны Аллаһтан басқа нәрселерге берілуден құтқарады. Басқа нәрселерге құштарлық жүректің (көңілдің) ауруы болып табылады. Жүрек (көңіл) бұл аурудан құтылмайтын болса, шынайы иманға қол жеткізе алмайды және ахками исламийаға, яғни Аллаһу та’аланың әмірлеріне, тыйымдарына мойынсұнуы қиын болады. Бұларға мойынсұнғанда ниет ету және мубахтарды істегенде нәпістің ләззат алуын ойламау да зікір болады.» Жүрек (көңіл) ауруының себебі – нәпіске бағынуы. Нәпіс – Аллаһу та’аланың дұшпаны. Ол Аллаһу та’алаға бағынуды қаламайды. Оған дұшпандық етеді. Жүректің әр ағзаға харамдарды, жаман, зиянды нәрселерді жасатуынан рахаттанады. Осы ләззаттарына қол жеткізу үшін дінсіз, имансыз болуды қалайды. Кәпірлермен, мазһабсыздармен достық құру, олардың кітаптарын, газеттерін оқу, радиоларындағы, теледидарларындағы зиянды бағдарламалары жүректі ауру қылады. Ислам дініне мойынсұну жүректі аурудан құтқарып, нәпісті ауру қылады. Осылайша, нәпістің ләззаттары мен қалауларының жүрекке әсер ету күшін азайтады.]