20 - Жамазиәл-ахир, 1446 жыл.
     21 - Желтоқсан, 2024 жыл.   


114-ші ХАТ

Үндістанның үлкен ғалымдарының бірі Абдуллаһ Дәһләуидің “рахимә-һуллаһу та’ала” «Мәкәтиби шәрифа» кітабында 125 хат бар. 114-шісі Қажы Абдуллаһ Бұхариға жазылған, парсы тілінен аудармасы төменде:

Аллаһу та’алада ешқандай нұқсандық, кемшілік жоқ. Ол әрдайым дұрыс айтады, құлдарына дұрыс жолды көрсетеді. Ұлы жетекшіміз, сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға “саллаллаһу алейһи уәсәлләм” және Оның отбасына және асхабына “радиаллаһу та’ала анһум әжмаин” бізден сәлемдер мен дұғалар болсын! Осы жердегі [яғни Дехли қаласындағы] бидғатшылар тілектерінің орындалуы үшін Аллаһтың 99 есімін оқуда. Тұмар жазуда. Осылайша халықты өздеріне тартып жатыр. Олар мүминдердің әмірі Әли “кәррәмаллаһу уәжһәһ уә радиаллаһу та’ала анһ” хазреттерін басқа үш халифадан “радиаллаһу анһум” үстемірек санайды. Бұларға «Шиит» делінеді. Үш халифаға және Асхаби кирамға дұшпан болғандарға «Рафизи» делінеді.

[Хазреті Әбу Бәкірдің, хазреті Омардың және хазреті Осман Зиннурәйннің хазреті Әлиден “радиаллаһу та’ала анһум әжмаин” үстем екендігін «Әһли сүннет уәл жамағат» ғалымдары “рахимә-һумуллаһу та’ала” түрлі кітаптарында білдірген және мұны аяти карималармен, хадис шәрифтермен және Сахабалардың “радиаллаһу та’ала анһум әжмаин” ижмасы, (ауыз бірлігімен) дәлелдеген. Оcы құнды кітаптардың екеуі – Үндістандағы ғалымдардан болған шах Уәлиуллаһ Мухаддис Дәхләуидің “рахимә-һуллаһу та’ала” «Изаләт-ул-хафа» және «Қуррат-ул-айнәйн» кітаптары. Арапша және парсы тілдерінде аралас болып, біріншісі Урду (Курт) тіліне аударылғанымен бірге 1382 [м.1962] жылы Пакистанда басылған. Екіншісі, түрікшеге аударылып, «Асхаби кирам» кітабының ішіне қосылған. Сондай-ақ, «Хақ сөздің дәлелдері» аттыкітапта да бар. Үлкен ғалым Ибн Хажәр Мәккидің “рахиме-һуллаһу та’ала” «Әс-сауаиқ-ул-мухриқа» атты араб тіліндегі кітабы Стамбұлда, Хақиқат кітабүйі тарапынан офсеттік баспа жолымен басылып шығарылған. Бұл кітапты оқыған ынсапты мұсылман мазһабсыздардың қате жолда екендігін жақсы түсінеді. Олардың бір бөлігі, қазіргі таңда өздерін «Жафари» деп атайды. «Біз он екі имамның жолындамыз» деп жастарды алдап жатыр. Алайда, он екі имамның жолында болған мұсылмандарға «Әһли сүннет» делінеді. Әһли сүннет ғалымдары “рахимә-һумуллаһу та’ала” «Он екі имамды жақсы көру соңғы демде иманмен жан тапсыруға себеп болады» дейді.]

Олар жаназа рәсімдерін, дәуір жасау үшін отырыстар ұйымдастырылып жатыр. [Жамағатпен намаз оқымайды Мешіттерде] Мәуліт жиындары, нашидалар, жоқтаулар оқытқызып жатыр. Намазханаларда сазды аспап, тамбур тыңдайды. Осы сияқты әр түрлі бидғаттарды тариқат ретінде жасап жатыр. Тіпті, Үндістандағы Жукийа және Брахман кәпірлерінің ғибадаттарын да тариқатқа қосып жатыр. Әрқашан ақшаға берілгендермен, пасықтармен бірге отыруды әдетке айналтырған. Намазда қаумаға, жәлсәға және жамағатқа, тіпті жұма намазына да мән бермейді. Сәләфи салихинның заманында мұндай нәрселер мүлдем жоқ еді. Бұлардың ешбірі Ислам дінінде жоқ. «Әһли сүннет уәл-жамағат» ғалымдары “рахимә-һумуллаһу та’ала” осындай бидғаттардан сақтанатын еді. Аллаһу та’алаға шүкір, Асхаби кирамда “радиаллаһу та’ала анһум” осы жаман бидғаттардың ешбірі жоқ еді. Мұсылман болуды және Сәләфи салихинның “рахимә-һумуллаһу та’ала” жолында болуды қалайтын адам осындай сектанттардан аулақ болуы керек. Бұлар – діндегі қарақшылар. Аллаһу та’аланың құлдарының діні мен имандарын жойып жатыр. Зікір және басқа істеген амалдары жүректерді, нәпісті қоздырып жатыр. [Оларда халдер пайда болуы емес, масиуадан (дүниеліктен) тазарулары қажет.] Кәшфтің [кереметтің, ғайып болған нәрселерден хабар берудің және жынмен сөйлесудің] онсыз да Ислам дінінде қадірі жоқ. Жукийа кәпірлері де кәшф және кереметтер көрсетуде. Ақылы барлардың көздерін ашып, дұрысты қатеден ажыратуы керек. Әрі дінге берік болу, әрі дүниеге берілу бір адамда бірге бола алмайды. Дүниелікке қол жеткізу үшін дінін беру ақылды адамның жасайтын ісі емес. Бұқара қаласының ғалымдары, шәйхтері тәуекел иелері еді. Дүниеге берілмеген еді. Қонақ шақырамын деп дүниеге берілген қарынбайларды дастархан басына жинау жүректі қарайтады. Бұхара ғалымдары, әулиелер ондай нәрселерден сақтанатын еді. Олар сәләфи салихинның “рахимә-һумуллаһу та’ала” дұрыс болған сенімін, Расулуллаһтың “саллаллаһу алейһи уәсәлләм” сүннетін толығымен ұстанған еді. Барлық істерінде «Азимет» жолын ұстанатын еді. Бидғаттардан сақтанып, харам және мәкрух жолдармен келген нәрселерден қашатын еді. Харамға себеп болатын мубахтар да харам болады. «Зикри хафи»,яғни дыбыссыз зікір ету «Зикри жәхри»-ден, яғни дауыс шығарып зікір етуден абзал. Бұхара ғалымдары осылай зікір ететін еді. Олар хадис шәрифте айтылған «Ихсан» мәртебесінде еді. Көңілдері әрдайым фәйз бұлағына (яғни Аллаһу та’алаға) бұрылып тұратын еді. Осындай тасаууф маманының бір назарына қауышқан садық, таза бір адамның жүрегі, тіпті бүкіл сезімдері зікір ете бастайды. Хузурға (бақытқа), яғни Аллаһу та’аладан басқа еш нәрсенің жүректе болмауына «Мушахәда» да делінеді және жазбаларда «Уаридат» деп аталатын фәйздерге, яғни сыртқы және ішкі дүниесін нұрлардың қаптауы сияқты ниғметтерге қауышады. Мүршидінің жүрегінен фәйз алған адамның жүрегіне Аллаһу та’аладан басқа ешқандай ойлар келмейді. Барлық мүшелері сүннетке сай және азиметпен әрекет етеді. Бұл ниғметтер қандай үлкен бақыт. Йа Раббым! Сүйікті пайғамбарың Мұхаммед Мұстафа “саллаллаһу алейһи уәсәлләм” құрметіне және Ол ұлы пайғамбардың жолында болған мәшаихи кирамның “рахметуллаһи алейһим әжмаин” құрметіне осы өте құнды ниғметпен бізді ризықтандыр. Имам Раббани мужәддиди әлфи санидың “рахметуллаһи алейһ” фәйздері адамның барлық сезімдерін осы ниғметке қауыштыруда.