Баршаға шипа
Әһли хикмет ғұламалар былай деген: Дінімізге мойынсұну үлкен бақыт. Дініміз дәрі секілді, баршаға бірдей шипа көзі. Егер адам мойынсұнумен бірге Исламға иман да келтірсе, ахиретте де шипа табады, иман келтірмесе, тек дүниеде ғана рахат өмір сүреді. Өйткені Хақ та’ала пенделеріне зұлымдық жасамайды. Әрдайым жақсы және пайдалы нәрселерді әмір етеді. Егер өмірімізде қандайда бір жайсыздық, қиындық бар болса, кінә өзімізде деген сөз. Асхаби кирамның ұлыларынан болған Жабир бин Абдуллаһ хазреттері айтып берген: Расулуллаһ алейһиссаламмен сұхбаттасып отырған едік. Ақ жүзді, әсем шашты, ақ киімді біреу келді. Сәлем берді. Сүйікті пайғамбарымыз оның сәлеміне жауап берді. Ақ киімді кісі мынадай сұрақтар қойды: – Йа Расулаллаһ, өмір деген не? – Өмір – ұйқыдағы адамның түсі сияқты. – Йа Расулаллаһ, ахирет деген не? – Біреулер жәннатқа, біреулер тозаққа баратын мәңгі өмір. – Жәннат деген не? – Дүниелікті тәрк еткен адамға мәңгі ниғметтер берілетін жер. – Тозақ деген не? – Дүниелікті таңдап, ахиретті ұмытқан адамға берілетін жер. – Бұл үмбеттің қайырлысы кім? – Аллаһқа мойынсұнған және өмірін Оның жолында өткізген адам. – Адам өмірде қандай болу керек? – Өтіп бара жатқан немесе керуенін іздеп жүрген жолаушы немесе өте асығыс жұмысы бар болған адам сияқты болу керек. Осы сұрақ-жауаптардан кейін әлгі кісі өтіп кетті. Қайда кеткені көрінбеді. Сүйікті пайғамбарымыз «Бұл келген Жәбірейіл алейһиссалам еді, сендердің дүниелікке қанағатшыл, ахиретке көкірегі ояу болуларыңды насихаттау үшін келді» деді. Осы себептен, дүниелік жұмыстарда қанағатшыл болу керек, бар болса шүкір ету керек, «Раббым маған мұны нәсіп етті, әлхамдулиллаһ» деу керек. Жоқ болса, дереу ойбайламай сабыр ету керек. Шаш-бас жұлып айқай-шу көтергенде кімге қарсы шығамыз? Беретін де, алатын да Аллаһ, мұны түсіне алмаған адамға "ақымақ" делінсе артық айтылған болмайды. |