Жүрек сезім мүшелеріне бағынады
Әһли хикмет ғұламалар былай деген: Жүрек (көңіл) – Аллаһу та’ала назар салатын орын. Осы себептен жүректі (көңілді) тазалауға көп күш салу керек. Жүректің тазаланып саламаттыққа жетуі Аллаһу та’аланың есімін зікір ету, Оның әмірлері мен тыйымдарын ұстану, Расулуллаһ алейһиссаламның сүннетіне бағыну, бидғаттардан сақтану және нәпіске алданбау сияқты шарттарға мән беру арқылы жүзеге асады. Жүрек сезім мүшелеріне бағынышты. Мысалы көзін харамдардан тыймаған адамның жүрегін де харамнан қорғауы қиын болады. Егер жүрек қорғалмаса, күнәдан сақтану қиынға соғады. Олай болса, жүректі тазалау үшін дене және басқа да мүшелерді харамнан қорғау керек. Жүрек салих және таза болса, дене мен сезім мүшелері де салих және таза болады. Ал егер жүрек ластанған болса, дене де ластанған болады. Жүректе сенім (сеніп қабылдау) және иман пайда болғаннан кейін жүрекке келетін уәсуәсалардың (жаман ойлардың) бәрі нәфси әммарадан (тәрбие көрмеген нәпістен) туындайды. Өйткені нәпіс әрдайым дүниелік ләззаттарға қол жеткізгісі, барлық нәрсеге бастық және басқарушы болғысы келеді. Басқа біреуге бағынышты болуды қаламайды. Міне осындай азғын нәпістен мұсылманның жүрегіне (көңіліне) келетін уәсуәсалар жүректегі иманға зиянын тигізбейді. Бұл нәрсе мұсылмандар үшін сүйінші. Жүрек тек бір нәрсені ғана жақсы көре алады, көп нәрсені бір уақытта жақсы көре алмайды. Мал-мүлік, бала-шаға және мансап сияқты көптеген нәрселерді жақсы көретіндей болып көрінетін болса да, ақиқатында осы әртүрлі сүйіспеншіліктердің бәрі бір жалғыз сүйіспеншіліктен туындайды. Бұл жалғыз сүйіспеншілік – адамның өзіне, яғни нәпсіне деген сүйіспеншілігі. Егер нәпсіне деген сүйіспеншілік қалмайтын болса, әлгі басқа нәрселерге деген сүйіспеншілігі де қалмайды. Бұл кезде тек Аллаһты ғана және оның сүйіктілерін жақсы көре бастайды. Жүректе міндетті түрде не иман, не күпір бар болады. Иманның, бағынудың белгісі – иман келтіру керек болған шарттарға, діннің әмірлері мен тыйымдарына разы болу, шаттық сезіну, бұларды жақсы көру болып табылады. Ал күпірдің белгісі – бұлардан қысылу, бұларды ұнатпау және жаман нәрселерді жақсы көру.
Ауа өздігінен кіреді Мәселенің ең басында жүректі Аллаһу та’аладан басқа нәрселерден тазалау тұрады. Жүрек бұлардан тазаланған кезде ол жерге Аллаһқа деген махаббатты орнықтыруға тырысу да қажет болмайды. Суға толы бір ыдыстан суды төгіп тастағанымызда оның ішіне ауа өздігінен кіріп алады. Дәл сол секілді жүректен де жат және өткінші нәрселердің құштарлығы шығарып тасталатын болса, Аллаһу та’алаға деген махаббат та өздігінен келіп, орналасады. Бір жүректе бір уақытта Аллаһу та’алаға деген махаббат пен Аллаһ ұнатпайтын басқа нәрселерге деген сүйіспеншілік бірге бола алмайды. |