19 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     21 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Халал - Харам / Шошқа етін жеу харам болып табылады

Шошқа етін жеу харам болып табылады

Сұрақ: Шошқа етінің баршаға, ал жібек пен алтынның еркектерге харам болуының хикметі, сыры неде?

Жауап: Дінімізде бір нәрсе харам болса, хикметін білмесек те, оның харам екендігіне сенуіміз керек. Мұхаммед алейһиссалам пайғамбар ретінде білдірген нәрселерге ақылға сай болғандықтан немесе тәжірибемен анықталғандықтан сену иман болмайды. Өйткені, бұл ақылдың мақұлдағанына сену деген сөз. Харамдардан міндетті түрде денеге, ағзаға тигізетін зиянын іздемеу керек!

Шошқа – әртүрлі нәжісті жейтін лас жануар. Зиянды болғандықтан, тек бізде ғана емес, еуропалықтар да біреуді ренжіту үшін «шошқа» дейді.

Тауратта да шошқа етіне тыйым салынғандықтан, бүгінгі яһудилер де шошқа етін жемейді.

Бүгінде медицина адамға ең көп зиян тигізетін және ауруларды тудыратын еттің шошқа еті екендігін дәлелдеген.

Шошқа етін жегендерде өт қабының қабынуы, аппендицит, ішек қабынуы, әртүрлі жаралар, артрит, тамыр қатаюы, ревматизм, грипп, қан қысымының көтерілуі, жүрек ангинасы, инфаркт сияқты әртүрлі аурулардың пайда болатындығы анықталған.

Шошқа етінің құрамындағы өсу гормонының обырға (рак) себеп болатындығы анықталған. Шошқа етімен келетін Трихинеллез ауруының емдеу жолы осы күнге дейін әлі табылмаған.

Шошқадағы таспа құрты асқазан мен ішек жолы арқылы қанға өтіп, көз, ми сияқты маңызды органдардың күрделі ауруларға шалдығуына, тіпті өлімге себеп болады.

Шошқа етін жеген адамдарда қызғанушылық сезімдерінің семіп кететіндігі, намысын қызғанбағандығы анықталған. Шошқа майы Е дәруменін толығымен жоқ қылады. Адам Е дәруменінен мақрұм қалғандықтан нәсілі бітеді, Е дәруменінің жоқтығы махаббатты, ғашықтықты жоқ қылады.

Е дәруменінің нұқсандығынан еркектерде бедеулікті, әйелдерде бала түсігін тудырады. Е дәрумені майдың қышқылдануының алдын алады.

Е дәрумені біткен кезде А дәрумені қышқылданудың алдын ала алмай қалады. А дәруменінің жоқтығы да жынысқа теріс жағынан әсер етеді. Шошқа еті мен майын жеген адамдарда мінез-құлқы өзгерістерінің пайда болғандығы анықталған.

Шошқа етінің басқа малдардың етінен ешқандай да үстемдігі жоқ. Оның үстіне қорытылуы қиын, ақуыз мөлшері өте аз. Шошқа етінің басқа да зияндары анықталса, тағы да «Дәл мына себептен шошқа еті харам етілген» деп айтуға болмайды. Бірақ, ешбір зияны анықталмаса да дініміз тыйым салғандықтан, шошқа етін жеу харам болады.

Жібек пен алтын еркектерге харам етілгенінің себебіне де осы көзқараспен қарау керек.

 

Сұрақ: Шошқа етін жеген кезде Бисмиллаһ айтудың үкімі қандай?

Жауап: Ибн Хажәр Мәкки хазреттерінің Зәуажир атты еңбегінен және басқа да біршама кітаптардан алынған, күпірге түсіретін сөздер және әрекеттерден біршамасы мыналар:

- Харам екені нақты мәлім болған бір нәрсені ішіп-жеген кезде Бисмиллаһ айту. Мысалы шарап ішерде немесе шошқа етін жерде Бисмиллаһ айту күпір болады.

- Кәпірлердің діни рәсімдерін, мейрамдарын ұнату. Мысалы, ешқандай қажетсіз Христианды Рождествомен құттықтау. Наурыз күні жұмыртқа бояу.

- Баршаға мәлім болған харамға халал, баршаға мәлім болған халалға харам деу. Мысалы шошқа майына халал, жүзім шырынына харам деу адамды діннен шығарады.

 

Шошқа еті қосылған мысық азығы

Сұрақ: Мысықтарға арналған азықтарға шошқа етін де қосады екен. Мысықтың осы арнайы азықты жеуі күнә болады ма?

Жауап: Жануарларға еш нәрсе күнә болмайды. Мұны жегізген адамға да күнә болмайды. Шошқа еті қосылмағандарын таңдаған жақсы болады.

 

Шошқа майын да жеуге болмайды

Сұрақ: «Мен пайғамбармын» деп айтуға дейін барып адасқан және өзінше жаңа дін құрған Мысырлық Ришат Халифа «Шошқаның еті харам, бірақ майы халал, себебі Құранда шошқаның тек етінің ғана харам екендігі айтылған, майы немесе басқа жері жайында айтылмаған» дейді. Шошқаның еті харам болса, майы, ішектері және ішіндегі ластықтары халал болады ма?

Жауап: Әрине халал болмайды. Ислам ғалымдары «Бидғатшылар Құран кәрімді түсіне алмайды» деген. Құран кәрім тура конституция сияқты. Конституция заңдармен айқындалады. Аяти карималар мен хадис шәрифтер көбіне шартсыз айтылады. Шартсыз айтылған кезінде біршама шарттары бар деген сөз. Мысалы Құран кәрімде «Қан харам болып табылады» делінген. Бұл жерден қанның барлық түрі харам екендігі аңғарылмайды. Пайғамбарымыз "саллаллаһу алейһи уәсәлләм" ағатын қанның харам еместігін айқындаған. Еттің арасындағы қан да харам емес. Тағы сол аяти каримада басқа жануар тарапынан өлтірілген жануарды да жеуге болмайтындығы айтылуда. Мұның шарттарын да пайғамбарымыз алейһиссалам былай айқындаған:

«Аң аулауға үйретілген итті Аллаһтың есімін еске алып, аңға жіберген кезіңде, сен үшін аулаған аңды өлтіріп қойған болса да, оны же! Бірақ ит, аулаған аңдың біраз жерін жеген болса, мұны жеуге болмайды, себебі аулаған аңды ит өзі үшін ұстаған болады.» (Бұхари)

Бұл хадис шәрифтің түсініктемесін де фиқһ ғалымдары кітаптарына жазған.

Үйретілген тазы ит бір қоянды өлтіріп әкелсе, қаралады, егер өзі үшін өлтірген болса, яғни біразын жеген болса, мұны жеуге болмайды. Мүлдем тиіспей әкелген болса, онда жеуге болады. Осы себептен тазыға, қоянды жеуге әдеттенбесін деп, пісірілген ет беріледі. Бұл мәліметтерді аяти карималар мен хадис шәрифтерден біз өздігімізден қалай шығара аламыз?

Тағы аяти каримада бауыздалмай өлген малды жеуге болмайтындығы білдірілген. Пайғамбарымыз алейһиссалам мұның қағидаға бағынбайтын ерекшелігінің бар екендігін айқындап былай деген:

«Сендерге екі өлексе (өлген мал) және екі қан халал етілді. Екі өлексе – балық және шегіртке, ал екі қан – бауыр және көк бауыр.» (Ибн Мажа)

Пайғамбарымыз мұны айқындамағанында, илмихал кітаптарынан мәселенің дұрысын үйренбегенімізде, балық жей аламас едік. Қанның түрлерін айқындамағанда, көк бауырды жемейтін едік. Дегенмен, әлі де аяти кариманы түсінбей, көк бауырға харам деп жүргендер бар.

Ришат Халифа бидғатшылардың ең азғыны. Оның Құранды түсінуі мүлдем мүмкін емес. «Шошқаның тек еті харам» деген сөзі мұны айқындап тұр. Демек, шошқаның тезегіне де халал деуі мүмкін. Құранда жазылмаған деп, иттің етіне халал деп жүрген азғындар да аз емес. Аллаһу та’ала пайғамбарымызды не үшін жіберді? Ол Құранды түсіндірмегенде, иттің етінің харам екендігін кім қайдан білер еді? Қытайлықтар секілді алдымыздан қандай жәндік шықса, соны жеп жүрер едік. Олай болса, аяти карималар мен хадис шәрифтердің түсіндірмелері болған құнды илмихал кітаптарымен амал етуіміз керек.