Әуелі иманды дұрыстау керек
Әһли хикмет ғұламалар былай деген: Әр мұсылманның алдымен сенімін дұрыстауы, яғни Әһли сүннет ғалымдарының білдіргендеріне сай сенуі керек. Тозақтың мәңгі азабынан құтылған адам – тек осы ғалымдар және осы ғалымдардың ізімен жүргендер. Иманның алты шарты бар: Аллаһу та’алаға, періштелеріне, пайғамбарларына, кітаптарына, ахирет күніне, тағдырға, яғни жақсылық пен жамандықтың Аллаһу та’аладан екеніне сену. Иман – діннің негізі болған, яғни сену керектігі білдірілген нәрселерді жүректің растауы, қабылдауы, сенуі деген сөз. Жүректің сенгендігін тілмен айту да керек. Кімде-кім, дінімізде сену керек болған нәрселерден ең болмағанда біреуіне сенбеген немесе күмәнданған болса, яки ұнатпаған болса, иманы кетеді, кәпір болады. Тозақта мәңгілікке қалады. Иманды, сенімді дұрыстағаннан кейін фиқһ үкімдерін, яғни дініміз әмір еткен және тыйым салған амалдарды үйрену міндетті түрде қажет. Парыздарды, уәжіптерді, халал мен харамдарды, күмәнді нәрселерді, сүннет пен мәкрухтарды қажеттілікке қарай үйрену керек және осы үйренгендерімен әрекет ету керек. Фиқһ кітаптарынан үйрену әрбір мұсылманға қажет. Бұларды біліп үйренбегенше мұсылмандық болмайды. Рахаттыққа, бақытқа қол жеткізу үшін «Мен мұсылманмын» деу, мұсылман болып көріну жеткіліксіз. Мұсылмандықты жақсылап үйрену, оны дұрыс түсіну, орындау және оған мойынсұну керек. Аллаһу та’аланың бұйрықтарын орындауға, Ол ұнатқандай өмір сүруге тырысу керек. Оның ең қатты ұнататын және бұйыратын нәрсесі – күнде бес уақыт намаз оқу. Намаз – діннің тірегі. Намаз оқу үшін алдымен сүннетке, яғни фиқһ кітаптарында жазылған білімдерге сап-сай қылып дәрет алу керек. Намаз – мүминдердің миғражы. Миғраж түнінде сүйікті пайғамбарымызға (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) ихсан етілген ниғметтерден Оның үмбеті бұл дүниеде тек намазда ғана дәм татуда. Намаздарды уақытылы оқу шарт. Намаз оқылмай, уақыт шығып кеткен болса, адам өлтіргендей үлкен күнә болады. Қазасын оқумен бұл күнә кешірілмейді. Тек намаздың борышы өтелген болады. Бұл күнәнің кешірілуі үшін тәубе ету немесе үлкен қажылық жасау керек. (Мәктубат – 266) |