19 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     21 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Жеңілдетіңдер, қиындатпаңдар!

Жеңілдетіңдер, қиындатпаңдар!

Ислам дінінде қиын, ауыр келетіндей ешнәрсе жоқ. Аллаһу та’ала құлдарына орындалуы қиын нәрселерді әмір еткен емес. Өйткені адам әлсіз жаратылған. Пайғамбарымыз онсыз да «Жеңілдетіңдер, қиындатпаңдар!» деп бұйырған.

 

Алайда бұл хадис шәрифті әһли сүннет ғалымдары: «Жаиз (рұқсат) болмаса да, ыңғайыңа, оңайына келгеннің бәрін жасай бер деген сөз емес. Бір мәселе бойынша түрлі ижтиһадтар бар болса немесе мубах болған бір нәрсені орындауда түрлі жолдары бар болса, бұлардың арасынан оңайын таңда, Исламның рұқсат берген жеңілдіктерінен пайдалан» деп ашықтаған.

 

Онсыз да дінді қиындатпаңдар дегені, ойыңа келгенін жаса, дінді қалағаныңша өзгерт деген сөз емес. Исламның рұқсат берген, жаиз болған жеңілдіктерден қолданыңдар дегенді білдіреді. Мәселен ауру себебінен немесе күн суық болғандықтан аяқтарды жуу қиын болған жағдайда, дәрет алған соң аяққа мәсі киіп, келесі дәретте аяқты жумастан мәсінің үстінен мәсһ тартуға болады. Өйткені дініміз бұған рұқсат берген. Бірақ оңай болсын деп аяқтарды жумастан мәсіні киюге болмайды. Немесе мазһабсыздар секілді жалаң аяқтың бетіне және қарапайым (жұқа) нәскидің бетіне мәсһ тартуға болмайды. Өйткені дініміз мұндай жеңілдікке рұқсат берген емес.

 

Дін ғалымдарының сөздеріне құлақ аспау, фиқһ кітаптарында көрсетілген жеңілдіктердің сыртына шығу жаиз емес. Исламды өз ақылына, өз көзқарасына сәйкестендіргісі, өзгерткісі келетіндерге “дін реформисті” (бидғатшы) делінеді.

 

Имам Раббани хазреттері былай деген: «Аллаһу та’аланың берген ниғметтерінің ең құндысы барлық әмірлерінің жеңіл, оңай болуы. Исламның бүкіл талаптары жеңілдіктермен толы. Мәселен жиырма төрт сағат ішінде тек он жеті рәкат намаз оқуды әмір еткен. Мұны орындағанда да ең оңай болғанын, оқуды қабыл етуде. Түрегеп тұра алмайтын адамның отырып оқуына рұқсат берген. Отырып оқи алмайтын адам, жатып оқи алады.

 

Рүку және сәжделерді орындай алмайтын адам ишарамен оқиды. Дәрет алу үшін су қолдана алмайтын адамға топырақпен тәйәммүм алуына рұқсат берген. Зекет үшін де мал-мүліктің қырықтан бір бөлігін ғана кедейлерге ажыратқан. Өмірде бір рет қажылық етуді әмір еткен. Санап бітіре алмайтындай нәрселерді халал еткен. Азықтардан, сусындардан, маталардан өте көп түрін мубах етіп, аз ғана бөлігін харам еткен. Зиянды болған араққа тыйым салынғанымен көптеген шәрбәт сусындарды мубах еткен. Жібек матаны еркектерге харам еткенімен қаншама сансыз мата түрлерін халал еткен.

 

Ынсапсыз тас жүректі адам осыншалықты көп оңайлықтарды қиын деп көрсе көңілінің (жүрегінің) бұзық екенін көрсеткен болады.

 

Көптеген істер бар қалыпты, дені сау адам оңай істей алғанымен ауру адамға қиын болады. Көңілдің (жүректің) ауру болуы дегеніміз пайғамбарлардың әкелген үкімдерге толық сенбеуі дегенді білдіреді.»

Қорыта келгенде Ислам діні оңай нәрселерді әмір еткенімен қоса, адамдардың жағдайына қарай жеңілдіктерді де білдірген. Әрбір әмірдің бір азимет (қиын) болған және бір рухсат (оңай) болған тарапы бар. Әркім өз жағдайына қарай бұлардың бірін таңдайды. Бірақ өз ыңғайына қарай, өз басынша өзгерте алмайды.