20 - Жамазиәл-ахир, 1446 жыл.
     21 - Желтоқсан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Әдеп-ахлақ / Ислам ахлақы / Намаздың шарттары

Намаздың шарттары

19- Намаздың сыртындағы, яғни намазды бастаудан алдын орындалуы парыз болған шарттар жетеу:

1) «Хадестен таһарат», яғни дәрет алу. Егер су табылмаса, тәйәммүм алу.

2) «Нәжістен таһарат», яғни киімін, денесі мен намаз оқитын жерін лас нәрседен (нәжістен) тазалау. Ауыр болсын, жеңіл болсын, аз немесе көп болсын ластықты тазалау жақсы болады. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уассалам) былай деген: «Қан мен ірің лас. Намаз оқитын жерді лас нәрселерден тазарту қажет. Денені де, зәрден және мәниден және барлық лас нәрседен тазарту қажет.»

[Ханафи мазһабында қан, зәр, спирт ауыр нәжіс болып табылады. Кішкентай хауызға таматын болса, судың барлығы ауыр нәжіс болады. Ластанған жер ашық алақандағы судың үстіңгі бетінен аз болса, намаз сахих болады. Қалтада тұрған ыдыстағы спирт, қан және алкогольді ішімдіктер, бір мисқалдан (бес граммнан) аз болса, намаз сахих болады. Осы мөлшерден көп болса намаз сахих болмайды. «Дуррул-мухтар»да, Истинжа мәселесінің соңында былай делінеді: “Сумен топырақтың біреуі таза болса, қоспалары болған балшық таза деп қабылданады. Фәтуа да осылай.” «Ибн Абидин», «Бахр», «Әшбах», «Фәтх» және «Бәззазия»да осылай жазылған. Бұл сөздерді заиф дегендер бар болса да, қиындық, машақат жағдайда, заиф қаулы бойынша амал етіледі. Фиқһ ғалымдарының осы сөздерінен әтір, дәрі, политура (лак) және бояу сияқты спиртті қоспалардың таза деп қабыл етілетіндігін түсінеміз. Намаз оқығанда нәжістен қорғануда қиындық, машақат болған жағдайда осы қаулы бойынша амал етіледі. Шафии мен Малики мазһабында осылай екендігі «Ма’фуат» кітабында жазылған. Спиртті дәрілердің таза деп қабыл етілуі, оларды ішу жаиз екендігін көрсетпейді. Зәру (мәжбүр) жағдай болмастан, жеу және ішу жаиз болмайды. Алкогольді ішімдіктер, қажеттілік заттарға жатпайды. Нәжіс болуы, бұл қаулы бойынша да кешірімді болмайды.]

3) Әурет жері ашық күйде оқылған намаз сахих болмайды.

4) Қыбла бағытына қарау. Қыбла, Мекке қаласындағы Қағба. Намаз Қағбаға қарап оқылады. Қағбаға қарай сәжде жасалады. Қағба үшін сәжде жасалмайды. Аллаһу та’ала үшін сәжде жасалады. Кемеде, пойызда намаз оқығанда, қыблаға қарау парыз. Қыблаға қарай алмаған Ханафилер, Малики немесе Шафии мазһабын тақлид етіп, екі намазды жәм етеді. Күнтізбеде жазылған (Қыбла сағаты) уақытында, күнге қараған адам, қыблаға қараған болады.

5) Әрбір намазды өз уақытында оқығанын білу. Ибн Абидин былай дейді: «Азан, өз уақытында оқылғанда ғана, ислам азаны болады. Уақытынан бұрын оқылса, сөз (сөйлеу), дінді келемеждеу болады.»