Кәрахат уақыттар
Сайтымызда Ислам Ахлақы айдарымен жарияланатын мақалалар «Ислам Ахлақы» кітабынан алынып, тақырыптар осы кітаптағы реті бойынша аптасына екі рет жариялануда. Бұл рет бойынша келесі тақырып – «Намаз уақыттары» бөлімі. Бұл бөлімде астрономиялық және математикалық терминдер, есептер, формулалар және схемалар басым болғандықтан, біз бұл тақырыпты жарияламай, келесі тақырыпқа өтуді жөн көрдік.
Кәрахат уақыттар Намаз оқылуы тахримән мәкрух, яғни харам болған үш уақыт бар. Бұл үш уақытқа «Кәрахат уақыттары» делінеді. Бұл үш уақытта басталған парыздар сахих болмайды. Нәпілдер сахих болса да, тахримән мәкрух болады. Бұл нәпілдерді бұзып, басқа уақытта қазасын оқу керек. Бұл үш уақыттың біріншісі – таңертең күн шығарда басталып, 40 минутқа созылатын уақыт. Бұл уақыттың соңына «Духа уақыты» және «Ишрақ уақыты» делінеді. Кәрахат уақыттарының екіншісі – күн зауалда (тал төбеде) болған уақыты. Күннің батуына 40 минут қалған уақытта үшінші кәрахат уақыты басталады. Күннің шығуы – шығу уақытынан, яғни абсолюттік биіктік горизонтының сызығынан көріне бастап, қарай алмайтындай дәрежеде көтерілуіне, яғни «Духа уақытына» дейінгі уақыт. Яғни кәрахат уақытының соңына дейін. Күннің зауалда болуы аспандағы шариғи зауал аумағы болған орында болуы. Яғни хақиқи зауал уақытынан тәмкин уақыты алғаш және кейін болған екі уақыт арасындағы мерзім. Бұл заман бесін намазы уақытынан Алматы үшін шамамен 20 минут бұрын басталуда. Күннің батуы да қарай алатындай дәрежеде сарғая бастаған уақыттан батқанға дейінгі уақыт деген сөз. Бұл уақыттың мерзімі Ыстамбұл сияқты ендік координатасы 41 градус болған аумақтар үшін 37-42 минуттар арасында өзгеруде. Орташа алғанда 40 минут. Бұл уақыттың алғашқы уақытына «Исфирар-и шәмс» немесе «Кәрахат уақыты» делінеді. Күн батарда тек сол күннің екінді намазы ғана оқылады. Алайда екіндіні исфирар уақытына дейін кешіктіру тахримән мәкрух болып табылады. Имам Әбу Юсуфтың үкімі бойынша тек жұма күні күн дәл жоғарыда болған кезде нәпіл намаз оқу мәкрух болмайды. Бірақ бұл қаулы заиф (әлсіз). Алдынала дайындалған мәйіттің жаназа намазы, тиләует сәждесі және сәһу сәждесі де жаиз емес. Бұл уақыттарда дайындығы осы уақыттарда біткен мәйіттің жаназа намазын бұл уақыттарда оқу сахих болады. Тек нәпіл намаз оқу мәкрух болған екі уақыт бар. Таңертең фәжри садық (көкжиек) ағарғаннан күн шыққанға дейінгі уақытта таң намазының сүннетінен басқа нәпіл намаз оқылмайды. Екінді намазын оқығаннан кейін, ақшам намазынан бұрын нәпіл намаз оқу тахримән мәкрух болады. Жұма күні имам мінберге шыққан кезде және муәззин (азаншы) қамат айтып жатқанда, басқа намаздарда имам намаз оқып жатқанда нәпіл намазды, яғни сүннет намазды бастау мәкрух болады. Тек таң намазының сүннетін бастау мәкрух емес. Мұны оқығанда да саптан ұзақ жерде немесе тіректің артында оқу керек. Имам мінберге шықпай тұрып басталған сүннетті бітіру керек деп білдірілді. Таң намазын оқып жатқанда күн шыға бастаса бұл намаз сахих болмайды. Екіндіні оқып жатқанда күн батса бұл намаз сахих болады. Ақшам намазын оқығаннан кейін ұшақпен батысқа барғанда күнді көрсе, күн батқаннан кейін ақшам намазы қайтадан оқылады. Оразасын ашқан болса, айттан кейін қазасын тұтады. Ханафи мазһабында тек Арафат алаңында және Муздалифада қажылардың екі намазды жәм етуі (біріктіруі) керек. Ханбели мазһабында сапарда, ауруға шалдыққанда, әйелдің емізулі баласы болғанда немесе истихаза халінде, дәретті бұзатын үзірлерде, дәрет және тәйәммум алуда қиыншылық тартатындарда және соқыр және жер астында жұмыс істейтін адам секілді намаз уақытын анықтауда шарасыз болғандарға және жанына, мал-мүлкіне, намысына зиян тиетін, күнкөрісіне зиян тиетін адамдарға екі намазды жәм етулері жаиз болады. Намазын оқу үшін жұмысынан босауы мүмкін болмаған адамдардың бұл намаздарын қазаға қалдырулары Ханафи мазһабында жаиз емес. Бұлар тек осындай күндерде «Ханбели мазһабын» тақлид етіп, бесін мен екіндіні немесе ақшам мен құптанды жәм қылып, яғны қосып оқулары жаиз болады. Жәм қылғанда бесінді екіндіден, ақшамды құптаннан бұрын оқу, бірінші намазға тұрғанда жәм етуге ниет ету, екеуін де бірінен соң бірін оқу және дәреттің, ғұсылдың, намазының ханбели мазһабының парыздары мен муфсидтерін үйреніп, бұларға сай болуы керек. 6) Намаздың шарттарының алтыншысы – намазға ниет ету. Ниет жүрекпен жасалады. 7) Намаздың шарттарының жетіншісі – «Ифтитах тәкбірі». Яғни намаздың басында «Аллаһу әкбар» деп айту. Бұл жеті шарттың бірін жаңылысып немесе әдейі тәрк еткен (орындамаған) адамның намазы сахих болмайды.
Исламға мойынсұнған кісінің, Қайыры болар әрбір ісінің, Ілімсіз мойынсұну болмайды, Үйрену керек ең әуел фиқһ ілімін. |