Жүректі тазалауға тырысу керек
Әһли хикмет ғұламалар былай деген: Ислам діні үш бөлімнен тұрады: 1) Ілім: Ислам дінінің ең үлкен дұшпаны – надандық. Ілім үйрену парыз болып табылады. Парыздармен харамдарды үйрену – парыз, уәжіптерді үйрену – уәжіп, сүннеттерді үйрену – сүннет. «Еркек - әйел, барлық мұсылмандардың ілім үйренуі парыз» деген пайғамбарымыз. Бесіктен мазарға дейін ілім үйрену керек. 2) Амал: Үйренілген ілімдерді қолдану керек. Мысалы, дәрі – қолдану үшін арналған. Тауда қалған адамның қолында әр түрлі қару-жарақтар болса, бұлардың қолдануын жақсы білсе және өте ер жүрек болса, оған шабуылдаған арыстанға қарсы қолданбайтын болса, бұл қару-жарақтардың пайдасы болады ма? 3) Ықылас: Жүректің дүние сүйіспеншілігінен тазаруға әрекет ету уәжіп. Хусейн Хилми бин Саид хазреттері (қуддиса сиррух) былай деген: «Ахлақ ілімдерін үйрену, мысалы Ислам Ахлақы кітабын оқу парыз болып табылады. Бұл ілімдерді үйреніп, бұларды орындауға тырысумен де жүрек тазаланады. Ислам Ахлақы кітабындағы жүрек (көңіл) ауруларын үйренген адамның, әсіресе бұларды сіңірген адамның жүрегі тазаланады. Парызды орындаған кезде уәжіп болған жүректі тазалау ісі өздігінен орындалған болады.» Олай болса, ықыласқа қол жеткізу үшін жүректің таза болуы шарт. Мысалы намаз оқу, Құран кәрім оқу, салих достармен бірге жиналып сұхбаттасу секілді амалдар – жүректің тазаруына септігін тигізеді. Егер жүрек нәпістің қалауларынан құтылса, бірден зікір етуді бастайды. Өйткені жүрек бос тұрмайды. Бұл суы төгілген ыдыстың ішіне өздігінен ауаның кіруіне ұқсайды. Сондықтан негізгі қиын болғаны – жүректің және нәпістің тазалануы. Ал бұл нәрсе нәпістің қалауларына бөгет болу арқылы жүзеге асады. Нәпістің азығы дүние ниғметтері емес, харамдар. Бір әулие кісі былай деген: «Шынайы мұсылман бол, соған сай ғибадат жаса, Аллаһқа бағын, қаласаң дүниеде сұлтан бол! Ешқандай зияны жоқ. Ислам дініне беріліп мойынсұнсаң болғаны!» Адамдардың жүректері (көңілдері) ауру. Бұл ауруды емдеу шарт. Ал мұның дәрігері – Имам Раббани хазреттері сияқты әулие-ғұламалардың рухтары. Иә, олар қайтыс болды, бірақ рухтары бізден алыстамады. Олар қайтыс болуымен бізді қалдырып кетпейді, бізден айрылмайды. Тек пайдалану үшін міндетті түрде оларды ойлау, еске түсіру, оларға Фатиха оқып байланыс құру керек. Әйтпесе тек қарап өтіп кетеді, пайдалана алмай қаламыз. Кітаптарын оқу арқылы болса да, қабірлерін зиярат етіп болса да байланыс құру керек. Олар онсыз да фәйз беруге, емдеуге, құтқаруға дайын. Бір қадам басқан адамға олар он қадам жақындайды. |