20 - Жамазиәл-ахир, 1446 жыл.
     21 - Желтоқсан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Әдеп-ахлақ / Ислам ахлақы / РАМАЗАН АЙЫНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

РАМАЗАН АЙЫНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

71 – Рамазан айында оразаны бүкіл ағзаларыңмен ұста, сонда оразаң нағыз ораза болады және оразаның қасиеті мен дәрежесіне қол жеткізерсің. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) былай деді: «Йа Әбу Хурайра! Ораза тұтқан кезіңде оразаңды ерте аш! [Яғни ақшам болғанын аңғарғаннан кейін дереу аузыңды аш.] Менің үмбетімнен қайырлы болған адам – ақшам азаны айтылған кезде оразасын ашады және сәре асын ауыз бекітетін уақытқа жақын кеш жейді. Себебі сәреде көп рахмет және береке бар. Сондай-ақ менің үмбетім Рамазан оразасын жақсылап, әрі толық ұстаса, Хақ та’аланың айт күні беретін сауабын, жақсылығы мен сый-сияпатын өзінен басқа ешкім білмейді. Хақ та’ала ұлылығымен: “Ораза – менің разылығым үшін, беретін сауабын да өзім білемін” – дейді.» Осы себептен кәпірлер барлық ғибадаттарымен пұтқа табынды. Бірақ, оразамен табынбады. Рамазан оразасы – намаз оқудан кейін, барлық ғибадаттардан және басқа айлардан ұсталатын оразалардан әлдеқайда құнды.

[Ораза адамды ауруға шалдықтырмайды. Күш-қуат беріп, зейінді ашады. Дін дұшпандарының өтіріктеріне алданбау керек.]

Анықтама: Ибн Абидин (рахимә-һуллаһу та’ала) «Рәддул-мухтар» кітабында былай деді: «Рамазан айының басында аспаннан хилалды, яғни жаңа айды іздеу ақылы кірген және балиғатқа толған әрбір мұсылманға кифая уәжіп. Көрген кезде қазыға, яғни әкімге хабар беруі де уәжіп. Пасықтың (күнәхардың) хабарын қабыл еткен қазы күнәға батады. Сөзі қазы тарапынан қабылданбаған кісінің тек өзі ғана ораза тұтады. Қазы қабыл етіп, жариялаған болса, [барлық мемлекетте] барша мұсылмандардың сол күні ораза тұтуы парыз болады. Пасық отыз күн ораза тұтқаннан кейінгі күнді айт ретінде тойламайды. Бәрімен бірге тағы бір күн тұтады. Аспан бұлтты болғанда әділ бір мұсылманның хабары қабыл етіледі. Бұлтсыз күні бірнеше адамның хабар беруі қажет. Қазысы немесе мұсылман әкімі жоқ болған жерлерде әділ бір мұсылманның «Көрдім» деуімен мұны естігендердің ораза тұтуы керек болады. Ораза ұстау уақытын хабарлайтын құралдарды қолданатындар әділ мұсылман болса, қазының үкіміне белгі ретінде қабылданады. Рамазан айының күнтізбемен, есеппен басталуы жаиз емес. Олар әділ болса да, Рамазан айының басталуы үшін олардың еесептерінің маңызы жоқ. Олардың Рамазан хилалы (жаңа ай) туатын күнді алдын ала хабар беруімен Рамазан оразасы басталған болып саналмайды. Шафии ғалымдарынан Имам Субки (рахимә-һуллаһу та’ала): «Шабанның отызыншы түні хилалды көргенін айтқандар бар болса, ал есеп бойынша хилалдың бір түннен кейін туатыны білдірілсе, бұл жерде есепке сену керек. Өйткені есеппен анықталғаны қуаттырақ. Туудан бір түн бұрын көрінуі мүмкін емес» деді. Шәмс-ул-әймма Халуани (рахимә-һуллаһу та’ала) былай деген: «Рамазан айының басталуы хилалды көру арқылы ғана жүзеге аса алады. Хилалдың туылуымен басталмайды. Есеп хилалдың туылған түнін білдіргендіктен, Рамазан айының басталуы есеппен анықталмайды. Әділ екі мұсылманның «Хилалды көрдік» деуімен немесе қазының үкімімен, бір жерде Рамазан басталса, әлемнің барлық жерінде оразаны бастауы керек болады. Қажылық, құрбандық және намаз уақыттары олай емес. Бұларда уақыттарының бір жерде мәлім болуымен басқа жерде де солай болуы қажет емес.»» Тағы да Ибн Абидин (рахимә-һуллаһу та’ала) намаздың шарттарын тақырыбында, құбыланы анықтау бөлімінде «Намаз уақыттарын және құбыла бағытын анықтау үшін [әділ мұсылмандар мақұлдаған] күнтізбелерге және астрономиялық есептерге сенуге болады. Олардың айтқандары нақты болмаса да, анықтаулары қуатты сенім тудырады. [Алайда күнтізбелердің, уақыттардың бұдан хабары бар болған салих мұсылманның дайындағанын білу керек.] Бұл жерде қуатты сенім тудырғаны жеткілікті болса да, күмән және ықтимал жеткіліксіз. Ал Рамазанның басталғанын аңғару үшін астрономиялық есептерге бағынылмайды. Өйткені Рамазан шарифтің басталуы аспанда хилалды көру арқылы жүзеге асады. Хадис шәрифте: «Хилалды көрген кезде оразаны бастаңдар!» деп бұйырылған. Хилалдың тууы көрумен емес, есеппен анықталады. Есептің білдіргені міндетті түрде дұрыс шығады. Бірақ, хилал туылған күні көрінуі мүмкін болғанындай, сол түні көрінбей, екінші түні көрінуі  де мүмкін. Рамазанның басталуы хилалдың тууымен емес, хилалдың көрінуімен жүзеге асатындығы әмір етілді.» Күнтізбелер хилалдың көрінуін емес, тууын білдіргендіктен, Рамазан айының басталуы күнтізбемен анықталмайды. Күнтізбемен немесе әділ болмаған адамдардың, яғни кәпірлердің, мазһабсыздардың, пасықтардың айтуымен басталған Рамазан айларының алғашқы және соңғы күндерінің – Рамазан күндері екені күмәнді. Яғни Рамазан айы хақиқи уақытынан бір күн бұрын басталған болса, бірінші күні ұсталған ораза Шабан айында ұсталған болады. Айт та бір күн бұрын тойланған болады, осылайша хақиқи Рамазан айының соңғы күнінде ораза ұсталмаған болады. Рамазан айы хақиқи Рамазаннан бір күн кейін басталған болса, Рамазанның бірінші күні ораза ұсталмаған болып, ал соңында ораза айт күні ұсталған болады, мұндай ораза сахих болмайды. Осылай басталған Рамазан айы хақиқи Рамазан айының басталуына сәйкес болуы мүмкін бола алғанындай, Рамазан болуы немесе болмауы да күмәнді болуда. Осы күмәнді екі күнде Рамазан оразасын ұстаудың тахримән мәкрух екені және мұсылман мемлекетінде тұрып, ғибадаттарды білмеу үзір болып саналмайтындығы Ибн Абидинде жазылған. Осы себептен, үлкен Ислам ғалымы, он төртінші ғасырдың мүжәддиді (жаңалаушысы) – Сәйид Абдулхаким Мырза (рахимә-һуллаһу та’ала): «Осындай жерлерде тұратын мұсылмандардың айттан кейін қалаған күндерінде қаза ниетімен тағы екі күн ораза ұстауы керек» деді. Күнтізбелерде білдірілген түннен бұрынғы түнде «Хилалды көрдік» деп айту қате. [Осындай қате сөзге еріп, Арафатқа шыққандардың қажылығы сахих болмайды. Олар қажы бола алмайды.]

Йа Ханнан, йа Мәннан, йа Даййан, йа Бурхан. Йа Зәл-фадли уәл-ихсан! Нәржул-әфуә уәл ғуфран. Уәж-алнә мин утәқа-и шәһри Рамазан, би хурмәтил Қуран! (Бұл Рамазан дұғасы.)