20 - Жамазиәл-ахир, 1446 жыл.
     21 - Желтоқсан, 2024 жыл.   


ИМАН БӨЛІМІ

82 – Әй, ұлым! Иман – жүрекпен сену деген сөз. Жәбірейіл алейһиссалам ақылды, ұятты және иманды Адам алейһиссаламға алып келді де, былай деді: «Ей, Адам! Аллаһу та’ала сәлем айтты, саған алып келген мына үш сыйлықтың бірін алсын деді.» Адам алейһиссалам ақылды таңдады, Жәбірейіл алейһиссалам иман мен ұятқа «Сендер кете беріңдер» дегенінде, иман айтты: «Аллаһу та’ала маған: "Ақыл қайда болса, сен де сол жақта бол!" деп бұйырды.» Содан кейін ұят та Аллаһу та'ала дәл осылай бұйырғандығын айтып, екеуі де ақылмен бірге Адам алейһиссаламда қалды.

Осы себептен, Аллаһу та’ала кімге ақыл берсе, ұят пен иман да онымен бірге болады. Ақылсыздың ұяты да, иманы да болмайды.

Бір күні Хасан Басриға (рахимә-һуллаһу та’ала) бір әйел келіп: «Ей, имам! Діннің тазалығы не? Діннің абыройы не? Діннің қазынасы не?» – деп сұрады.

Хасан Басри (рахимә-һумуллаһу та’ала) жауап ретінде: «Сіз айтыңыз, біз тыңдайық!» – деді. Әйел: «Діннің тазалығы – дәрет алу. Діннің абыройы – Аллаһу та’аладан қорқу және ұялу. Ал діннің қуаты – намаз. Өйткені, Хақ та’ала ұялатын құлын мадақтаған. Діннің қазынасы – ілім. Өйткені, кімнің дәреті жоқ болса, оның діні таза болмайды. Кімнің ұяты болмаса және Аллаһу та’аладан қорқпаса, онда діннің абыройы болмайды. Кімнің ілімі болмаса, діннің қазынасы болмайды» – деді.

Хасан Басри (рахимә-һумуллаһу та’ала) бұл әйелдің сөзіне таң қалып, дұрыс айтқанын растады.

Иман мынадай мысалмен түсіндіріледі: «Иман – бес қабатты қамалға ұқсайды. Бірінші қабаты алтыннан, екінші қабаты күмістен, үшінші қабаты темірден, төртінші қабаты қоладан, ал бесінші қабаты мыстан жасалған.

Мыс деп атаған қабатымыз – әдеп. Адамның әдебі болмаса, шайтан қалайда бұл қабаттан өтеді. Егер әдебі бар болып, шайтан сол қабаттан өте алмаса, ол адамның иманы құтқарылады.

Темір дегеніміз – сүннет. Қола қабаты дегеніміз – парыз. Күміс қабаты дегеніміз – ықылас. Алтын қабаты дегеніміз – Аллаһу та’алаға жақындық. Кімнің әдебі бар болса, сүннетке жол табады. Ықыласы бар болса, Аллаһу та’аланың сүйіспеншілігіне жол тапқан болады.

Бір кісі әдеп сақтамаса, яғни әдебі болмаса, сүннетке жол таба алмайды. Сүннетті ұстанбаған адам парызға жол таба алмайды. Ал парызды ұстанбаған адам, ықыласқа жол таба алмайды.

Кімде-кім бергенін Аллаһу та’аланың разылығы үшін берсе және жақсы көргенін де Аллаһу та’ала үшін жақсы көрсе, дұшпандығын Аллаһ үшін тұтса, ол кісінің иманы толық болады. Мінезі жақсы болған адамның да иманы кәміл болады. Имандылықтың белгісі – кәпірлерді олар кәпір болғандықтан жақсы көрмеу. [Иманды кісі ислам дұшпандарын, дінсіздерді, масондарды, бидғатшыларды жақсы көрмейді.]

Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) былай деді:«Араларыңда иманы кәміл болғандар – мінезі жақсы болып, адамдарға жақсылық жасаушылар.» Өйткені, Хақ та’ала Құран кәрімде:«Шын мәнінде, сен жоғары мінезге иесің» – деді. Яғни Аллаһу та’ала сүйіктісінің (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) мінезін мақтаған. Бір адамның мінезі жақсы болса, Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) мінезімен мінезденген және Оның жолын ұстанған болады. Қорқатындарынан құтылып, қалаулары мен армандарына қол жеткізеді және шынайы мүмин болады. Бір адамның ойына шариғатқа қайшы нәрсе келсе, оның харам екенін білу де иманнан. Асхаби кирам (радиаллаһу та’ала анһум әжмаин) былай сұрады: «Йа Расулаллаһ! Көңілімізге жаман ойлар келсе не істейміз?» Сонда пайғамбарымыз: «Көңілге жақсы да, жаман да ойлар келеді. Жаман ойлардың жаман екенін білу және түсіну иманнан» – деді.

83 – Егер иманыңның кәміл болуын қаласаң, өзіңді мұсылмандардан жоғары санама! Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) былай деді: «Бір адам иманының кәміл болуын қаласа, өзіне ынсап берсін[яғни қарапайым болуға тырыссын] және кедей бола тұра садақа берсін! Осы екі мінез иманды кәміл дәрежесіне жеткізеді.»

84 – Алкагольді ішімдіктер харам. Шарап пен иман бірге тұрмайды. Хазреті Осман (радиаллаһу анһ) былай деді: «Аллаһу та’алаға ант етемін, ішкілікті қолына алып ішпекші болған кезде, иман сол ішкілікке: "Ей, малғұн, тоқта! Мен шығайын, содан кейін сен кір!" – дейді.» Адамнан иман шықпай тұрып шарап кірмейді. Егер шын көңілімен шынайы тәубе етсе, иман қайтадан жүрегіне кіреді.

85 – Әһли сүннет ғалымдары (рахимә-һумуллаһу та’ала) білдіргеніндей, үлкен күнә істеу күпір емес. Үлкен күнә істеу иманды жоқ қылмайды. Хадис шәриф күнә екеніне сенбеген немесе күнәні жаман деп санамаған адамның иманы кететіндігін хабар беруде. Немесе "Үлкен күнәні үздіксіз істейтін адам тәубе етпесе, соңғы демінде иманы кетеді" деп білдірген.

86 – Иманыңның әлсіз болмауын қаласаң, яғни үнемі өзіңмен болып, Аллаһу та’аланың құзырына онымен бірге шығуды қаласаң, мына дұғаны күніне қырық рет оқы: «Йа хаййу йа қаййум йа зәлжәләли уәл икрам, уа лә илаһа иллә әнта».

Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) былай деді: «Төрт нәрсе иманды кетіреді: Бірінші және екіншісі - білгенімен амал етпей, білмегенімен амал ету. Үшінші және төртіншісі – білмегенін үйренуге ұялып, үйреніп жүрген адамға бөгет болу.» [Дінін, илмихалын үйренбейтін адамның иманы сақ болмайды. Осындай надан болып қалған адам масондардың, имансыздардың және діндегі реформашылардың өтіріктеріне алданып, иманын жоғалтады.]