20 - Жамазиәл-ахир, 1446 жыл.
     21 - Желтоқсан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Әдеп-ахлақ / Ислам ахлақы / ТӘЖДИД-И ИМАН (ИМАН ЖАҢАЛАУ) ДҰҒАСЫ

ТӘЖДИД-И ИМАН (ИМАН ЖАҢАЛАУ) ДҰҒАСЫ

Йа, Раббым! Балиғат жасымнан осы сәтке дейін Ислам дұшпандарына және бидғатшыларға алданып, ұстанған қате, бұзылған сенімдеріме және бидғат, күнә болған сөздеріме, тыңдағандарыма, көргендеріме және істегендеріме өкіндім. Ендігәрі осындай қате нәрселерге сенбеуге және қате істемеуге бел байладым. Пайғамбарлардың алғашқысы – Адам алейһиссалам және соңғысы, біздің сүйікті пайғамбарымыз – Мұхаммед алейһиссалам. Осы екі пайғамбарға және екеуінің арасында келген пайғамбарлардың барлығына иман еттім. Олардың барлығы хақ, садық және айтқандарының бәрі рас.

«Әмәнту биллаһ уә бима жә-ә мин индиллаһ, алә мурадиллаһ, уә әмәнту би-Расулуллаһ уә бимә жә-ә мин инди Расулиллаһ алә муради Расулиллаһ, әмәнту биллаһи уә Мәләикатиһи уә кутубиһи уә Русулиһи уәл йәумил ахири уә билқадари хайриһи уә шәрриһи миналлаһи та’ала уәл бә’су бә’дәл мәути хаққун әшһәду ән лә илаһа иллаллаһ уә әшһәду әнна Мухаммадән абдуһу уә расулуһ.»

Тәждид-и иман және таждид-и неке дұғасы: «Аллаһумма инни уриду ән ужәддидәл иманә уәнникаһа тәждидән биқаули лә илаһа иллаллаһ Мухаммадур расулуллаһ.»

102 – Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) жаңа киім киген сайын мына дұғаны оқитын еді: «Әлхамду лиллаһилләзи кәсани мә урийа биһи әурати.»

[Үлкен Ислам ғалымы, 14-ші хижри ғасырдың мужаддиді – Сәйид Абдулхаким Мырза “рахметуллаһи алейһ” Стамбұлдың әр түрлі мешіттеріндегі уағыздарында, медресесіндегі, Уәфа лицейіндегі дәрістерінде және жеке сұхбаттарында «Таза және жаңа киім киіңдер! Мансап және абырой иелері сияқты киініңдер! Халал болған киімдерді, тағамдарды және сусындарды қажеттілікке қарай қолданыңдар! Барған жерлеріңде мінездеріңмен, сөздеріңмен Исламның ұлылығын, қадірін көрсетумен қатар, киімдеріңмен де құрмет пен қарым-қатынас құрыңдар! Әр түрлі дәмді тағамдармен және тәтті, салқын шербеттермен денелеріңді, нәпістеріңді рахат және жақсы ұстаңдар!» дейтін еді. Сәйид Абдулхаким Мырзаның осы кеңестері Мұхаммед бин Сүлейман Бағдадидың “рахимә-һумуллаһу та’ала” «Хадиқат-ун-надийа» кітабында да ұзақ жазылған. Бұл кітап араб тілінде жазылған, 1397 [м.1977] жылы Стамбұлда офсеттік баспада Хақиқат Кітап үйі тарапынан басылып шығарылған.]