Ол мені көрді
Әһли хикмет ғұламалар былай деген: Тозақтан құтылуды, яғни дұрыс мұсылман болуды не пенденің өзі таңдайды, дұға етеді, сұрайды, не Аллаһу та'ала сый ретінде беріп таңдайды. Құтылудың басқа жолы жоқ. Яғни Аллаһу та'ала хидаятты (дұрыс жолды) не әділетпен береді, не сый ретінде береді. Бір кісі қолдарын жайып «Йа, Раббым, маған хидаят бер, мен дінімді дұрыс үйренгім келеді, мені қате жолдардан қорға!» деп дұға етсе, Аллаһу та'ала бұл құлын құтқаратыны нақты. Оның алдына сүйікті бір құлын немесе осындай бір әулиені жақсы көретін, оны танитын, кітаптарын оқитын бір шәкіртін кездестіреді, осылайша оны құтқарады. Бір адамның құтылуы үшін міндетті түрде жол көрсетушіге қажеттілігі бар. Басқаша құтылуы мүмкін емес. Әділетпен құтылу дегеніміз осы. Кейбір адамдар бар, осылай дұға етуді мүлдем ойламаған болса да, өмірін қалыпты сүріп жатқан болса да, Аллаһу та'ала оны не жомарттығынан, не жақсы бір мінезі үшін, яки бір мұсылманның дұғасын алғаны үшін таңдап, хидаятқа қауыштырады. Ал кейбірлерін ешбір еңбексіз, себепсіз таңдайды. Яғни осылай таңдалғандар жерден көкке дейін жақсылық жасаса да, бұл ниғметтің шүкірін өтей алмас еді. Бұл Аллаһу та'аланың қайтарымсыз сыйы, ихсаны. Силсила-и алийа ғұламаларын жақсы көріп, олардың жолында болғандар осындай. Жүнәйд Бағдади хазреттері теңіздің жағалауында қолын жемге толтырып алған бір Мәжусиді (отқа табынатын адамды) балықтарға жем беріп жатқанын байқайды, одан былай сұрайды: - Сен не істеп жатырсың? - Балықтарға жем беріп жатырмын, сауабын аламын. - Жақсы, бірақ сенің сауап алуың үшін алдымен калима-и шаһадат айтып мұсылман болуың, Аллаһқа және расулына иман келтіруің керек. Мұсылман болмаған адам жақсылық жасаумен сауап ала алмайды. - Менің осы балықтарға жем беріп жатқанымды сен айтып жатқан Аллаһың көріп тұр ма? - Әрине көріп тұр, Ол білмейтін, көрмейтін ештеңе жоқ. - Олай болса, маған осының өзі жетеді. Бірнеше жылдан кейін Жүнәйд Бағдади хазреттері қажылыққа барады. Балықтарға жем беріп отырған адамның тауаф жасап жатқанын көреді. Одан «Бұл жерде не жұмысың бар?» деп сұрағанында, ол адам күлімдеп: «Көрді, көрді, ей Жүнәйд, Ол мені көрді» дейді. «Қалай көрді?» деген сұрағына былай жауап береді: - Сен кеткеннен кейін ішімде бір нұр жарқырай бастады, қарасам, балықтардың бәрі калима-и шаһадат айтып жатты, мен де калима-и шаһадат айта бастадым. Раббымыз мені көрді, Ол көргендіктен мен осында келдім. Саған айтар бір насихатым бар: Ей, Жүнәйд, жақсылық жаса, теңізге таста, балық көрмесе де Халиқ (жаратқан) көреді. |