20 - Жамазиәл-ахир, 1446 жыл.
     21 - Желтоқсан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Әдеп-ахлақ / Ислам ахлақы / НИҒМЕТТЕРГЕ ШҮКІР ЕТУ БӨЛІМІ

НИҒМЕТТЕРГЕ ШҮКІР ЕТУ БӨЛІМІ

126 – Аллаһу та’ала былай деді: «Ей, Мұса! Кімде-кім, берген ниғметімді, мен жібергенін біліп, өзім таптым деп санамаса, ниғметтеріме шүкірін өтеген болады. Бір құлым ризығын өзінің еңбегінің нәтижесі деп біліп, менен келгендігін білмесе, ниғметке шүкір етпеген болады.» Адамдарға лайық болғаны – әрдайым өзіне берілген ризықтарды Аллаһу та’аладан деп білу. Бұған «Хамд ету» делінеді. Және осыларды бергені үшін күндіз-түні шүкір және тәсбих пен тахмид ету. Мұса алейһиссалам осы сөздерді естігенде: «Йа, Раббым! Барлық кәламдарың (сөздерің) – ақиқат» - деді.