Жабайы жемістерді жеу
Сұрақ: Таудағы жемістер жабайы жануарлардың ризығы болғандықтан, біздің жеуіміз жаиз болмайды деп жатады. Осы себептен долана, итмұрын, мүкжидек, жабайы алмұрт, қозықұйрық жеу күнә болады ма? Дәл солай жануарлардың ризығы болған басқа да жабайы жануарларды жеу жаиз емес пе? Жауап: Бәрін жеуге болады. Аяти карима мен хадис шәрифтерде бұлардың халал екендігі айқын білдірілген. Құран кәрімде былай делінеді: «Аллаһтың пенделері үшін жаратқан (жерден шығарған) әшекей мен таза ризықтарды кім харам қыла алады?» (Араф 32) «Жердегі барлық нәрсені сендердің қажеттіліктеріңді өтеу үшін жараттым.» (Бақара 29) Бәриқа кітабындағы хадис шәрифте Аллаһу та'ала: «Ей, Адам баласы, сендерді өзім үшін жараттым. Жанды-жансыз барлық нәрсені сендер үшін жараттым» деген. Демек, жабайы жеміс-жидектер де, жабайы жануарлар да адамзат үшін жаратылған. Ешкім, Құран кәрімде де білдірілгеніндей, Аллаһу та'аланың халал қылғанын харам қыла алмайды. Кішкентай балық үлкен балықтың олжасы болуы мүмкін. Бір киік арыстанның нәсібі болуы мүмкін. Бір қоян бір жануардың ризығы болуы мүмкін. Бірақ бұлар адамдардың да ризығы, олжасы болуы мүмкін. Тауда өсіп шыққан жеміс-жидектердің, шөптердің және жануарлардың желінуіне тыйым салу дінімізге қайшы. Осы тұрғыдан, нақли негізге сүйенбейтін, ойдан жазылған кітаптар оқу дұрыс емес. Егер пәленше ғалымның кітабында осылай жазылған деп, нақли негіз алмайтын болса, ол кітап құнды емес. |