29 - Жамазиәл-ахир, 1446 жыл.
     30 - Желтоқсан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Әдеп-ахлақ / Ислам ахлақы / ЗУХД ПЕН ТАҚУА БӨЛІМІ

ЗУХД ПЕН ТАҚУА БӨЛІМІ

142 – Әрдайым зухд және тақуалықты ұстан! Яхия ибн Муаз “рахимә-һуллаһу та’ала” [258 жылы Нишапурда қайтыс болды] былай деген: «Зухд дегеніміз – дүниелік әшекейлерді тәрк ету деген сөз. Өйткені пайғамбарымыз: «Дүниені жақсы көру – барлық қателіктердің бастапқы нүктесі. Өзін дүниеліктен сақтаған адамдар – захид болғандар» – деді.»

143 – Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) былай деді:«Үмбетім үш нәрсені жақсы көреді, бірақ ол үшін нәрсе олардың иелігі емес:

1) Денедегі жанды жақсы көру,

2) Мал-мүлікті жақсы көру,

3) Дүниені жақсы көру.» [Дүние – арабша сөз. Жаратылыстану ғылымында «Ең жақын нәрсе» дегенді білдіреді. Жер шары күннен, айдан, жұлдыздардан жақынырақ болғандықтан, жер шарына «Дүние» делінеді. Қияметтен бұрынғы заман қияметтен кейінгі заманнан жақынырақ болғандықтан, біріншісіне «Дүние өмірі», екіншісіне «Ахирет өмірі» делінеді. Дүние сөзінің діни терминдік мағынасы: «Ең зиянды, жаман нәрсе» дегенді білдіреді. Күпірге себеп болатын нәрселер, харамдар, мәкрухтар – дүние. Мубахтар Ислам үкімдеріне мойынсұнуға бөгет болған кезде дүние болады. Махаббат – жақсы көру, үнемі бірге болуды қалау, бірге болудан рахат, ләззат алу деген сөз. Адам жақсы көргенін еш ұмыта алмайды. Махаббаттың орны – жүрек (көңіл). Жүрек, көңіл дегеніміз – ет бөлшегінде орналасқан бір қуат. Осы қуатқа «Көңіл» дейміз. Бір нәрсені үйрену ақыл арқылы жүзеге асады. Ақыл – ми деп аталатын ет бөлшегінде орналасқан. Күпірді, харамды, мәкрухтарды жақсы көру, ұнату күпір болады. Парыздарды, сүннеттерді ұнатпау да күпір болады, дүние болады. Мұсылман болу үшін дүниеге деген сүйіспеншілікті жүректен шығару керек. Дүниені ойлауды да жүректен шығарған адамға «Салих» мұсылман делінеді. Дүние болса да, мубах болса да, масиуаны, яғни Аллаһу та’аладан басқа барлық нәрселерді ойлауды жүректен шығаруға «Фәна-филлаһ» делінеді. Осы дәрежеге жеткен мұсылманға «Уәли»,яғни«Әулие» делінеді. Әулие барлық нәрсені үйренеді, біледі. Ислам үкімдеріне мойынсұнуда, дүниелік істерде ақылын қолданады. Есеп-қисабында, кәсібінде, саудасында ешқашан қателік жібермейді. Бірақ, ақылындағы ойлар жүрегіне әсерін тигізбейді, жұқпайды. Дүниені ойлайтын жүрек – ауру.  Жүректің таза болуы – дүние деген нәрселерді жақсы көруден, ойлаудан құтылуы деген сөз. Жүрек ауруының емі – Ислам дініне мойынсұну және Аллаһу та’аланы көп зікір ету, яғни есімдері мен сипаттарын еске алу, жүрекке орналастыру. Кәміл мүршидтің сұхбаты немесе кітаптарының оқылуы осы емделуді оңай қылады. Осы сұхбатқа, сол кітаптарға қауышу – дүние мен ахирет бақытына қауышуға себепші. Осындай емделуге пайдасы тимейтін сұхбаттың және кітаптардың еліктетуші, жалған, зиянды екендігі, пәлекетке себеп болатындығы аңғарылады.] Халал жолмен келген және зекеті берілген нәрселер және ысырап етілмейтін мубахтар дүние болып саналмайды. Мал-мүлік сенікі емес, сен өлгеннен кейін мирасқорлардың иелігі. Ал сен күнәларыңмен бірге кетесің.

144 – Адамның өмірі ұзақ, ризығының мол болуы – Аллаһу та’аланың берген емтиханы. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) былай деді: «Ей, Әбу Хурайра! Аллаһтан басқа ештеңеге үміттенбе! Аллаһқа тәуекел ет! Бір қалауың бар болса, Аллаһу та’аладан сұра! Аллаһу та’аланың илаһи әдеті – барлық нәрсені бір себеппен жаратады. Бір істің орындалуы үшін себебіне жабысу, содан соң Аллаһу та’аланың жаратуын күту қажет. Тәуекел де осыдан тұрады.»

Жер мен көктегі барлық болмыстар бір жерге жиналса да, Аллаһу та’ала қаламағанша, саған түйірдей жамандық жасай алмайды.

«Фәтәуа-и Хиндийа» кітабының бесінші том, 379-шы бетінде былай делінеді: Зілзала болған кезде үйден шығып, ашық жерге бару керек. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) жолдағы қисық дуалдың алдынан жүгіріп өтті. «Аллаһу та’аланың қаза мен тағдырынан қашып жатырсың ба?» деп сұрағандарға: «Аллаһу та’аланың тағдырынан қайтадан оның тағдырына қашып жатырмын» деп жауаптады.

145 – Қабірде сұрақ қоюшы періштелерге былай жауап бересің:

Раббым – Аллаһу та’ала, Пайғамбарым – хазреті Мұхаммед алейһиссалату уәссәләм, дінім – Ислам діні, кітабым – Құран кәрім, құбылам – қасиетті Қағба, сенімде мазһабым – Әһли сүннет уәл жамағат, амалдағы мазһабым – Имам Ағзам Әбу Ханифа мазһабы. [Қиямет күні адамдарды ұстанған мазһабының имамдарының есімдерімен шақырылатындығы, мәселен «Ханафилар келіңдер! Сүннилер келіңдер!» делінетіндігі «Рухул баян» тәфсірінде, Исра сүресінің 71-ші аятында жазылған.]

Бұларды қазірден жаттап ал, балаларыңа да үйрет!

Халал азық жеумен және харамнан сақтанумен денеңді тазала! Көңіліңде мұсылмандарға дұшпандық сақтамаумен және ешкім жайында жаман ойламаумен жүрегіңді, Рамазан айында ораза тұтумен, нәпсіңе қарсы тұрумен, өтірік, ғайбат, жала және малаяни (бос сөз) айтпаумен рухыңды тазала! Өтірік, ғайбат, жала және малаяни айту харам болып табылады. Әйелдердің, қыздардың басы, қолдары, аяқтары ашық күйде көшеге шығуы харам болып табылады. Оларға және ашық жүруіне рұқсат берген еркектеріне өте үлкен күнә жазылады. Әйелдердің бір тұтас жамылғымен орануы шарт емес. Бас орамалы және плащпен жабынуы да жақсы болады.

Мынаны да біліп қой, малаяниді тәрк етумен, яғни пайдасыз сөз сөйлемеумен адамның иманы нұрланады.

Қолың харамды ұстамауы керек, құлақ харам болған нәрсені тыңдамауы керек, аяқ харам болған жерге бармауы керек, асқазан да харам болған нәрсені жемеуі керек, көз де харам болған нәрсеге қарамауы керек, тіл де харам болған нәрсені сөйлемеуі керек. Осы сияқты, адамның денесіндегі мүшелердің бәрінің хараммен байланысын үзу қажет, сонда құтыласың. Әйтпесе өзіңнің шаруаңды бітірген боласың. Көз харам бір нәрсені байқамай немесе ғафлетте көрген болса, күнә болмайды. Бірақ, сол нәрсеге қайта қарау күнә болады. Кездейсоқ қараған кезде, басты басқа жаққа бұру керек.

146 – Осы айтқан насихаттарымды ұстанып, олармен амал ететін болсаң, Аллаһу та’аланың құзырында, пайғамбарлардың “алейһимуссалауату уәттаслимат” алдында, періштелер мен барлық адамдардың назарында жүзің ақ болады.

Басқа да пайдалы мәліметтер: «Фәтауа-и Хиндийа» кітабының бесінші том, 350-ші беттен бастап былай делінеді: «Кәрі әйелдер мен еркектердің қабірді зиярат етуі сүннет болып табылады. Үйде және қабір басында Құран кәрім оқып, сауабын рухтарына бағыштау керек және оларға дұға ету керек. Қабірді қолмен сипау, қабірді сүю – христиандардың әдеті. 122-ші бетке қараңыз! Ата-ананың қабірін сүю жаиз. Көпшілік жерленетін мазараттардың ішіне кесене салу мәкрух. [Уаххабилер айтқанындай ширк емес. Қабірдің үсті балықтың арқасындай көтеріңкі болуы керек, тегіс болмауы керек. Қабірдің ішінде ізбес және цемент қолданбау керек, қабырғаны кесекпен не таспен қалау керек. Өз меншігі болған жерде кесене жасау мәкрух та болмайды.] Қабірдің үстіне гүл еккен жақсы болады. Христиандар жасағандай, жұлынған гүл, венок қою мәкрух болады. Адасқан сектанттардың айтқан илаһилері мен билеулері, айналулары харам. Оларды тамашалау да харам. Сазды аспаптардың барлық түрін шалу харам. Тек тойда, мейрамда, қажылық жолында және соғыста даң, дабыл қағу жаиз.

[«Хадиқа» және «Бәриқа» кітаптарында айқын білдіріледі, бөтен әйел-қыз айтқан әр түрлі өлеңдерді, хикаяларды тыңдау, басқалардың Исламды бұзушы, құлдыратушы, дінді мазақ етуші, харамды мақтаушы, ғибадаттарды төмен көрсетуші, шахуатты, зинаны, ұятсыздықты, намыссыздықты, үкіметке, заңға қарсы шығуды үгіттеуші, бауырды бауырға дұшпан қылушы сөздерін және сазды аспаптың барлық түрін өздерінен, радиолардан және теледидардан тыңдау харам болып табылады. Өзі тыңдамаса да, бұларды үйде сақтаудың да харам екендігі осы екі кітапта ұзақ жазылған. Әрі халал, пайдалы, әрі харам, зиянды болған нәрсені, яғни халалға да, харамға да бірдей себепші болатын нәрсені үйге кіргізу жаиз емес.]

Өліп қалмайтындай шамада ішіп-жеу парыз. Өлмейтіндей мөлшерде және емделу мақсатында дәрі қолдану сүннет. Адамның және шошқаның етін ешбір себеппен жеу жаиз емес, харам. Еркектің әйел сүтін дәрі ретінде ішуі жаиз. Мұсылман дәрігер «Шипаға тек осылармен қол жеткізе аласың, пайдасы тиетін басқа дәрі жоқ» десе, шарап, зәр, қан мен өлексені дәрі ретінде қабылдау жаиз. Бірақ кірпі, жыланның еті жаиз емес. Еркектің және әйелдің сағыз шайнауы жаиз. Құран кәрім оқып науқасқа үрлеу, жазып тұмар ретінде тағу, ыдысқа жазып суын ішу жаиз. Көшеден жиналған шөп-шаламды жағып, түтінімен назар тиген баланың жан-жағынан айналдыру, шошынған балаға қорғасын құю және шипаны Аллаһу та’аладан күту жаиз. Назар тимеуі үшін егістікке жануардың бас сүйегін және соған ұқсас нәрселерді ілу жаиз. Дене мүшелері пайда болмаған баланы түсіру үшін дәрі қолдану жаиз. Ұл баланы сүндеттеу уақыты жеті мен он екі жастың арасында. Одан кіші немесе үлкен болса да болады. Әлсіз болған қарт мұсылман, сүндетке отыруға шыдай алмайтын болса, тәрк етіледі. Үзірмен уәжіптің өзін тәрк ету жаиз болғанда, сүннетті тәрк ету абзал болады. Әйелдердің, қыздардың құлақтарын тестіруі жаиз. Үйдің қажеттілікке қарай үлкен болуы жаиз. Бөлменің қабырғасына кілем ілу, суықтан сақтану маысатымен асылған болса, жаиз. Сән ниетімен болса, мәкрух. Үстінде жанды нәрсенің суреті бар болса, харам болады.» 322-ші бетте былай делінеді: «Құран кәрімді оқу үшін емес, тек берекеттену, пайдалану үшін үйде сақтау жаиз, тіпті сауапты. Биік жерде айтылған азанды аудан тұрғындарының барлығы естімесе, бәріне естірту үшін Уақф (қор)қа түсетін ақшаға мұнара жасату жаиз. Мұнарасыз-ақ бәрі еститін болса, ондауақфтың ақшасына жасату жаиз болмайды. [Мұнарадан және ешбір жерден микрофонмен азан айту жаиз емес. «Жәннат жолы илмихалы»кітабына қараңыз!]