20 - Жамазиәл-ахир, 1446 жыл.
     21 - Желтоқсан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Әдеп-ахлақ / Ислам ахлақы / СЫЛА-И РАХИМ БӨЛІМІ

СЫЛА-И РАХИМ БӨЛІМІ

155 - Мұсылман және дін жолында жүретін туысқандарын зиярат еткен (оларды көруге, қонаққа барған) кісіге, жетпіс нәпіл қажылықтың сауабы беріледі. Хал-жағдайын сұрап бару өте үлкен сауап. Сенімі бұзық болған, мазһабсыз болған туыстарды зиярат ету сауап емес.

156 – Ұл-қызыңа әдептілікті және ислам әріптерімен Құран кәрім оқуды және ілім үйрет! Көршілеріңді, туыстарыңды және махремдеріңді зиярат ет! Хат жазып, қал-жағдайларын сұрап тұр! Махрем емес яғни бөтен әйелдермен кездеспе!

157 - Балаларыңды кіші жастан бастап оқыт! Бәрінен бұрын Аллаһу та’ала разы болатын, әмір еткен нәрселерін үйрет! Жақсы мұсылман болып өсуіне күш-жігеріңді сал! Баланы өскеннен кейін тәрбиелеу қиын болады. Балаларыңның және жұбайыңның қателіктерін кешір. Пайғамбарымыз алейһиссалам: «Садақаның ең жақсысы, бала-шағасын азықтап, киіндіру» деген. Ұлыңды, қызыңды және жолдасыңды харамнан, күнәдан және жаман достардан қорға!

Қызың мектеп бітіргеннен кейін ақша табуы үшін жұмыс істеткізбе. Өйткені әйелі мен қыздарының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін әкенің жұмыс істеп, табыс табуы парыз. Қыздың жұмыста басы мен қолы ашылса, әкесіне де күнә жазылады. Оны [теңі, лайықты адам шыққанда] дереу үйлендір. Аллаһу та’ала оның ризығын күйеуіне жібереді. Бай болса да, кедей болса да Аллаһу та’аланың әмірлерін орындайтын, текті кісіге бер! Күйеубалаңды көп мәһір және көп зат беруге мәжбүрлеме. Қызыңды кәрі кісіге және діннен хабары жоқ, ғылымхалды білмейтін, харамнан сақтанбайтын адамға берме!

Ескерту: Қызың мен ұлыңды балиғат жасына жеткенде тезірек үйлендір, харамнан ертерек сақтансын. Бұл заманда үйленбеген жастардың харамнан құтылулары мүмкін емес. Ұлыңды тозақтан сақтауды қаласаң, ертерек үйлендір! Кедейліктен қорықпа! Аллаһу та’ала оларға да мал-мүлік береді. Тәуәккүл етушілерден бол! Ұлыңа жесір әйел емес, қыз алып бер! Себебі адамның махаббаты алғаш көрген адамында болады. 

[Сыла-и рахим: Туыстарды, яғни әке-шеше, ата-әже, бала-шаға, немере, сүт және неке арқылы туысдарды зиярат ету, көмек беру, оларға қамқор болу дегенді білдіреді.

Махрем: Жақын туыс. Діни тұрғыдан үйленуі өмір бақи харам болған, тегі жағынан туыс, сүт арқылы туыс немесе үйлену себебімен неке бойынша харам болған адам.

Тәуәккүл: Аллаһу та’алаға өзін тапсыру. Бір істі бастағанда себебіне жабысқаннан кейін, яғни себебін орындағаннан кейін Аллаһу та’алаға сену, көңілдің барлық істе Аллаһу та’алаға сенуі.]