19 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     21 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Нәпісті әлсірету үшін ғибадат ету керек

Нәпісті әлсірету үшін ғибадат ету керек

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Ең құнды ғибадат – намаз. Өйткені намаз Аллаһу та'аланы күнде еске түсіретін зікір. Зікір – еске алу, ойлау деген сөз. Бес уақыт намаз тек бес рет қана еске түсірмейді. «Намазға қанша уақыт қалды, әлі бір сағат бар, әлі жарты сағат бар, он минут қалды, дәрет алайын» сияқты ойлар арқылы Аллаһу та'ала күніне бес рет, бірақ әрбірінде бірнеше рет еске алынған, зікір етілген болады. Осылайша намаз Оны зікір етуге себеп болуда.

Жүректің (көңілдің) емі – зікір. Аллаһқа деген сүйіспеншілік Аллаһты зікір ететін жүректерге орналасады. Бұған себеп болатын – намаз. Намаздың ғибадаттар арасында ең құнды болуы осы себептен. Аллаһты зікір еткен жүректерден дүниеге деген сүйіспеншілік шығады. Дүниелікке деген сүйіспеншілік жүректен шыққан кезде Аллаһқа деген сүйіспеншілік өздігінен келеді. Дүниелікке деген сүйіспеншіліктің шығуы үшін Аллаһу та'аланың есімін көп айту, Оны еске алу керек немесе бір мүршиди кәмілді жақсы көру керек. Мүршиди кәміл басқа мемлекетте болса да, қайтыс болып кетсе де, фәйз береді. Осындай бір мүршиди кәмілді, мысалы Имам Раббани хазреттері, Сәйид Абдулхаким Арваси хазреттері сияқты Силсила-и алийа ғалымдарының бірін қатты жақсы көру керек. Ал оларды жақсы көру үшін олардың кітаптарын күнде, аздап болса да, оқу керек. Оқыған кезде оларға деген сүйіспеншілік жүрекке орналасады.

Нәпіс – Аллаһтың дұшпаны. Әр адамның ең үлкен дұшпаны – өзінің нәпсі. Нәфси әммара (тәрбие көрмеген нәпіс) өлмеу керек. Өйткені оның да пайдасы тиеді. Нәпіске қарсы жасалған жиһадты жеңген адам періштелерден жоғары болады. Сондықтан нәпіс өлмеу керек, тәрбиелену керек, әлсіреу керек. Әлсіреген кезде ол адамды алдай алмайды. Нәпісті әлсірету ғибадат жасау арқылы жүзеге асады. Нәпістің ең үлкен дұшпаны – ғибадат. Аллаһу та'ала мұсылмандарды қатты жақсы көргендіктен, намаз оқуды әмір етті. Намаз оқу – Аллаһу та'аланың сондай мейірімі, әр намазда нәпіс қор болады, әлсірейді, адамның жүрегін алдай алмайтындай болады. Осылайша адам нәпсінің зиянынан құтылады.

Ғибадаттардың қабыл болуы үшін Аллаһ үшін орындау, ал сахих болуы үшін шарттарына сай орындау керек. Мысалы намаздың сахих болуы үшін алдымен ғұсыл мен дәреттің сахих болуы керек. Дәрет қате алынған болса, намаз да қате болады. Осы тұрғыдан әуелі ғибадаттардың шарттарын үйреніп, соған сай орындау керек. Қабыл болуы үшін, яғни уәде етілген үлкен сауапқа қауыша алу үшін ықыласпен, яғни тек Аллаһ үшін орындау керек.