Жеті жүз ғалымның жауабы
Әһли хикмет ғұламалар былай деген: Аллаһ деген адамның жәрдемшісі Аллаһ, ақша деген адамның жәрдемшісі болмайды. Ақша, мал-мүлік қайырлы немесе қайырсыз болады. Бұл ақшаны табуға және жұмсауға байланысты. Ақшаның жұмсалған жерінен келген жері белгілі болады. Қайырлы мал-мүлік Аллаһ жолында жұмсалады. Қайырсыз мал-мүлік нәпістің, шайтанның жолында, яғни Аллаһу та'аланың разылығы болмаған жерлерде қолданылады. Ал бұл нәрсе – пәлекет. Ең үлкен байлық – қанағат. Қанағат – Хақ та'аланың бергеніне разылық таныту деген сөз. Көп ақша табуға тырысқан адам, бәлкім, көп ақша табады, бірақ тозақ отына да ұшырауы мүмкін. Халал мал-мүліктің есебі, харам болғанының азабы бар. Сондықтан ақша қолдану қару-жарақ қолданудай шеберлікті талап етеді. Қолданылуын білмесе, қателікпен атылған оқ біреуді өлтіруі мүмкін, оқты атқан адам да жазаланады. Ал ақшаны қате қолдану одан да жаман, адамды тозаққа жетелейді. Шақиқ Бәлхи хазреттері былай деген: 700 ғалымға бес сұрақ қойдым. Бәрінің жауабы бірдей дерлік болды. Мынадай жауаптар берді: 1) «Ақылды деп кімге айтылады?» деп сұрадым. «Дүниелікке мән бермейтін адамға» деп жауап берді. Дүниелікке мән бермейтін адам ахиретке мән береді. Ахиретті маңызды деп санаған адам мәңгі бақытқа қауышады. 2) «Зерек деп кімге айтамыз?» деп сұрадым. «Алданбайтын адамға» деп жауап берді. Қай мағынада алданбайды? Барлық мағынада алданбайды. Дін мәселелерінде алданбайды, сауда-саттықта алданбайды. Алданбауымен қатар басқаларды да алдамайды. Өйткені дінімізде алдауға да, алдануға да болмайды. 3) «Дәруиш деп кімге айтамыз?» деп сұрадым. «Аллаһу та'аланың разылығын Оның пенделерінің разылығынан үстем санайтын адамға дәруиш делінеді» деп жауап берді. Демек, дәруиш – адамдарды разы қылу үшін емес, Аллаһу та'аланы разы қылу үшін өмір сүреді. Адамдардың талаптары мен қалаулары Аллаһу та'аланың талаптарымен қатар келетін болса, ол әрдайым Хақ та'аланың тарапын таңдайды. 4) «Бай деп кімге айтылады?» деп сұрадым. «Қанағат еткен адамға» деп жауап берді. Адамдардың нәпсі тоюды білмейтін хәюла деп аталатын хайуанға ұқсайды. Ешқашан «Маған осы жетеді» деп айтпайды. Бәрін қалайды. 5) «Сараң деп кімге айтамыз?» деп сұрадым. «Аллаһу та'аланың берген аманатын өзінікі деп санаған, өзіне тиесілі деп ойлаған адамға айтылады» деп жауап берді. Алайда Аллаһу та'ала бұл ниғметтерді қолдансын және пенделеріне берсін деп тапсырды. Бұлардың ешбірі бізде жоқ еді. Аллаһу та'ала берген осы ниғметтерді Оның разылық танытқан, бұйырған жерлеріне жұмсау керек. Оның құлдарының мұқтаждықтарына көмектесуге тырысу керек. Әйтпесе, керісінше істеудің жауапкершілігі ауыр болады. |