20 - Жамазиәл-ахир, 1446 жыл.
     21 - Желтоқсан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Әдеп-ахлақ / Ислам ахлақы / ЖҰМАНЫҢ ӘДЕБІ ЖАЙЫНДА

ЖҰМАНЫҢ ӘДЕБІ ЖАЙЫНДА

161 – Анықтама: Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) былай деген: «Жұма – кедейлердің қажылығы, мүминдердің мейрамы, аспандағылардың мейрамы және жәннатта да мейрам күні. Күндердің ең жақсысы, ең құрметтісі – жұма.» Тағы бір хадис шәрифте: «Жұма күні – жақсылықтардың қазынасы және жақсы нәрселердің бастауы»делінген. Басқа бір хадис шәрифте: «Мұса алейһиссалам: "Йа, Раббым! Маған сенбі күнін бердің, Мұхаммед алейһиссаламның үмбетіне қай күнді бересің?" деп сұрады. "Оларға жұма күнін беремін" деген жауап берілді. "Аллаһым! Жұма күнінің қасиеттілігі мен сауабы қандай?" деп сұрады. "Ей, Мұса! Жұма күні жасалған бір ғибадатқа сенбі күні жасалған жүз мың ғибадаттың сауабы беріледі" деген жауап берілді. Сонда Мұса алейһиссалам "Йа, Раббым! Мені Мұхаммед алейһиссаламның үмбетінен қыл" деп дұға етті.» Құран кәрімде жұма күні туралы айтылған аяти кариманы келтіргенде, Жәбірейіл алейһиссалам былай деді: «Йа, Мұхаммед (алейһиссалату уәссәләм)! Егер Мұса алейһиссаламның үмбеті Жұма күнінің қадірін білгенде, бұзауға табынудан, яһуди болудан құтылатын еді. Егер Иса алейһиссаламның үмбеті де білгенде, христиан болудан қорғанатын еді.» Жұма күнінің қасиетін білдіретін хадис шәрифтер «Сәадети Әбәдийа» кітабының бірінші бөлім, 71-ші тармағының соңында кеңінен баяндалған.

Бір хадис шәрифте былай делінеді: «Жұма күні келгеніне қуанған бір мүминге қияметке дейін күн сайын көп сауап берілетіні соншалық, санын Аллаһу та’ала ғана біледі.» Бір хадис шәрифте: «Жұма күні қайтыс болған мүминдерге шәһидтің сауабы беріледі және қабір азабынан оны қорғайды» делінеді. «Тәрғибус-салат»-тың 123-ші бетінде хадис шәрифте: «Жұма күні таң намазынан бұрын үш рет "Әстағфируллаһәл азыйм әлләзи лә илаһә илла һуәл-хаййәл-қаййума уә әтубу илайһ" кәлимасын оқыған адамның және ата-анасының барлық күнәлары кешіріледі» делінген.

Жұма күнінің 20 сүннеті мен әдебі бар. Мұхаммед Расулуллаһты (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) жақсы көретіндердің осыларды орындауы керек:

1) Жұманы бейсенбі күнінен қарсы алу. Мысалы, жаңа және таза киімдерді дайындау керек, барлық тірліктерді бітіріп, жұманы ғибадатпен өткізуге тырысу керек. Бейсенбіде екіндіден кейін тәсбих және истиғфар айту керек. Жұма түнінде жұбайымен ғұсыл алу керек. Екеуіне де құл азат еткендей сауап беріледі.

2) Жұма күні, жұма намазына ғұсыл алу керек. Осы ғұсылға қатысты көптеген хадис шәрифтер бар болғандықтан, парыз деген ғалымдар да бар.

3) Шашты қию керек. Сақалдың бір тұтамнан артығын қырқу және тырнақтарды алу керек, әрі ақ киім кию керек. [Сақалдың бір тұтамнан қысқа болуы бидғат болып, үлкен күнә екендігі «Бәриқа»-да жазылған.]

Ғалымдардың көбінің үкімі бойынша, сақал өсіру сүннет. «Сахибәйн»деп аталатын екі құнды хадис кітабының бірі болған «Мүслим» кітабында жазылған, Хазреті Айша “радиаллаһу анһа” жеткізген хадис шәрифінде:«Он нәрсе фытраттан (адамилықтан): Мұртты қысқарту, сақал өсіру, мисуак, мазмаза (ауызды шаю), истиншақ (мұрынды шаю), тырнақ алу, саусақтың буындарын жуу, қолтық пен шапты тазалау, кіші дәреттен истибра жасау» делінеді.Бұл хадис шәрифті Ибн Нужәйм “рахимә-һуллаһу та’ала” «Бахрур-раиқ» кітабында және имам Зәйлаи “рахимә-һуллаһу та’ала” «Тәбйинул-хақайық» кітабында, ғұсылдың парыздарын баяндаған жерінде жазған және мұндағы "фытрат" сөзінің "сүннет" деген мағынаны білдіретінін мәлімдеген. Бұл хадис шәриф сақал қою басқа пайғамбарлардың да сүннеті екендігін, Мұхаммед алейһиссаламның дінінің белгісі емес екендігін, осы себептен «Сүннети зәуәид» екендігін айқын білдіруде. Бұл сүннеттер «Ширатул ислам»-да да жазылған. Сақалдың әркелкі түрлері бар. Яһуди сақалы, христиан сақалы, шии сақалы, уаххаби сақалы, коммунист сақалы және Ислам сақалы. Тек Ислам сақалын қою ғана сүннет болып табылады. Оның түрі – ұзындығы бір тұтам болған, беттің барлық жерінде болған сақал. Мұндай болмаған сақал сүннет емес, бидғат болады. Мұхаммед Хадими “рахимә-һуллаһу та’ала” «Бәриқа»кітабында былай деген: «Хадис шәрифте: «Мұртты қысқа, сақалды ұзын қылыңдар» деп бұйырылған. Сондықтан, сақалды қыруға, қырқуға және сүннет өлшемінен қысқа қылуға тыйым салынды. Сақалды бір тұтам етіп өсіру сүннет. Сақалды бір тұтамнан қысқа қылу жаиз емес. Бір тұтамнан астамын қысқарту да сүннет.» Бір тұтам дегеніміз – жақтағы сақалдың басталған жерінен төрт елі шамасындағы ұзындықта болуы деген сөз. Сүннет болған, тіпті мубах болған нәрсені сұлтан әмір еткенде, оны орындау уәжіп болады. Сұлтанның және барлық мұсылмандардың жасауы әмір деген сөз. Мұндай жерлерде сақалды бір тұтам ұзарту уәжіп болады. Бір тұтамнан қысқа қылу немесе қыру – уәжіпті тәрк ету болады, тахримән мәкрух болады. Мұндай болмаған жерлерде және Дарул харбта зұлымдық көрмеу, напақаны табу немесе әмри маруф жасай алу, мұсылмандарға, ислам дініне қызмет ете алу, дінін, намысын қорғай алу үшін де сақалды қысқарту жаиз болмаса да, қыру жаиз, тіпті қажет болады. Үзірсіз қыру мәкрух болады. Сақалды бір тұтамнан қысқа қылып қойып, осылайша сүннетті орындағанына сену бидғат болады. Сүннетті өзгерту болады. Бидғат істеу адам өлтіруден де үлкен күнә болып табылады. Осындай қысқа болған сақалды бір тұтамға дейін өсіру уәжіп болады. Ибн Абидин “рахимә-һуллаһу та’ала” намаздың мәкрухтарын баяндағанда былай деді: «Бір муәккәд сүннетті орындау бір мәхрухты істеуге себеп болса, бұл сүннет тәрк етіледі, орындалмайды. Бір нәрсенің орындалуында сүннет немесе бидғат екені күмәнді болса, ол амал орындалмайды, тәрк етіледі.» Әдет бойынша сақалды қысқарту мәкрух. Фитна шығармау үшін сақалды қыру жаиз болады. Ал қысқа сақалмен сүннетті орындағанына сену бидғат болады. Екі жағдайда да сақалды қыруы қажет болады.

4) Жұма намазына мүмкіндігінше ерте бару керек. Алғашқы мұсылмандар көп сауап алу үшін мешітке жұма намазына таң қараңғысынан баратын еді.

5) Алдыңғы сапқа өту үшін жамағаттың иықтарынан аттамау керек.

6) Мешітте намаз оқып жатқан кісінің алдынан өтпеу керек. Қабырға немесе тіректің артынан өту керек.

7) Ерте барып, бірінші сапқа отыру керек.

8) Имам мінберге шыққаннан кейін еш сөйлемеу керек, азанды да қайталамау керек. Сөйлеген адамға белгі беріп те жауап бермеу керек. Имамның да сөйлеуі және хұтбадан басқа нәрселер айтуы харам болуымен қатар, хұтба да бұзылған болады. Хұтба бұзылғандықтан, жұма намазы да қабыл болмайды. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) «Хұтба дегеніміз – екі рәкат намаз деген сөз» деген.Хұтбаны қысқа қылу сүннет. Ұзарту мәкрух. Хұтбада төрт халифаның есімдерін жоғары дауыспен оқу – Әһли сүннеттің белгісі, оқуды қаламайтындардан қашу керек.

9) Намаздан кейін Фатиха, Кафирун, Ихлас, Фәлақ және Нас сүрелерін жеті рет оқу керек.

10) Екіндіге дейін мешітте қалып, ғибадат ету керек.

11) Діндар болған және Әһли сүннет ғалымдарының “рахимә-һумуллаһу та’ала” кітаптарынан оқып айтып беретін ғалымдардың дәрісіне қатысу керек. Осындай салих бір ұстаздың дәрісіне бір сағат қатысу, мың рәкат нәпіл намаздан абзалырақ.

12) Жұма күні дұғаның қабыл болатын уақытын іздеу керек, ол үшін үздіксіз ғибадат жасау керек.

13) Жұма күні көп салауат айту керек.

14) Құран кәрім және Кәһф сүресін оқу керек.

15) Аз болса да, көп болса да садақа беру керек.

16) Ата-ананы немесе олардың және салих мұсылмандардың, әулиелердің қабірлерін зиярат ету керек. Әулиелердің рухтарынан фәйз алу керек.

17) Жұбайының және бала-шағасының тамақтарын мол және дәмді қылып әзірлеу керек.

18) Көп намаз оқу керек. Намаздан қарызы бар болғандар қаза намаздарын оқу керек, қазасы болмағандар намазды нәпіл ниетімен оқу керек.

19) Жұма күнін тек ғибадат болған істермен өткізу керек.

20) Екінді намазынан кейін жайнамаздың үстінде қолдан келгенше «Йа Аллаһ, йа Рахман, йа Рахим, йа Қауи, йа Қадир» деп оқып, кейін дұға ету керек.

162 – Жұма күні жақсы және жаңа киімдеріңді ки! Жаңа киімің болмаса, таза киім ки және сәлдеңді отырып орама, тұрып ора! Әдемі иістер себініп, жұмаға бар. Өйткені періштелер әдемі иісті ұнатады. Әдемі иіс себіну ерлерге сүннет, ал әйелдердің көшеге шығарда себінуі және басы мен қолдарын ашуы харам болып табылады. Өйткені әйелдердің иіссу себуі мен көшеге ашық-шашық шығуы еркектердің назарын тартады. Әйелдер тек үй ішінде ғана сәнденіп, иіссу себіне алады. Жұмаға бара жатқанда тәсбих және зікір ет! Әр қадамыңа он сауап жазылады.

163 – Жұма күні, мүмкін болса, ғұсыл алып (толық шомылып) мешітке бар. Намазға ерте бар, хұтбаны ести алатындай жақын жерде отыр! Хұтба оқылып жатқанда ешкіммен сөйлеспе! Жан-жағыңа қарама және бұрылма! Өйткені, хұтба оқылып жатқанда сөйлеу күнә, әрі жұманың құндылығын жоғалтады. Мешітке кірген кезде қай жер бос болса, сол жерге отыр! Жамағаттың мазасын алып, алға өтуге тырыспа! Алдыңғы саптарда отыр! Кешігіп келсең, ешкімнің мазасын алма, жамағатты оңға, солға жантайтып, алға өтуге тырыспа! Алға өтемін деп бауырларыңды қинама. Өзі жүре алмайтын қарттың және ауру адамның жұма намазын оқуы парыз емес.