20 - Жамазиәл-ахир, 1446 жыл.
     21 - Желтоқсан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Әдеп-ахлақ / Ислам ахлақы / ҒАЛЫМДАРМЕН СҰХБАТТАСУ ӘДЕБІ

ҒАЛЫМДАРМЕН СҰХБАТТАСУ ӘДЕБІ

164 – Әһли сүннет сенімінде болған және харамнан сақтанатын ғалымдарды зиярат ет және сұхбаттарына қатыс! Итиқадтары, сенімдері бұзылған, екі жүзді, дін наданы болғандардан немесе Ислам дініне мойынсұнбайтындардан сақтан, оларға жолама! Өйткені [мазһабсыздар және] екі жүзділер – діннің сатқындары. Аллаһу та’ала хадис құдсида былай деген: «Достарымды адамдардың арасына жасырамын, оларды ешкім білмейді.» Егер бұл адамдардың сөздері, әрекеттері және ғибадаттары Әһли сүннет ғалымдарының “рахимә-һумуллаһу та’ала” кітаптарында жазылғандарға сәйкес болса, сол кезде сұхбаттарына тұрақты түрде қатыс және насихаттары мен дұғаларын алуға тырыс!

165 – Дінін білетін, намаз оқитын, харамдардан сақтанатын, әйелі мен қыздарын ашық-шашық жүргізбейтін және әйел-еркек аралас отырмайтын ғалымдарға «Ислам ғалымы» делінеді. Олардың жанында әдеппен отыр, олардан пайдаланудың маңызы үлкен! Олардан ғибрат, насихат және фәйз алуға тырыс! Фәйз алғанда жүрегің нұрланады. Айналаңа нұр шашасың. Олардың қасында отырғанда көп сөйлеме, сөйлесең де орнын біліп сөйле! Олардың діни білімі жоғары болғандары – үлкен қазына. Оларды ренжітпе, көңілдерін қалдырма, дұғасын алуға тырыс және олардан айрылған кезде сәлеммен кететін бол, хал-жағдайын сұра! Екі кісі сөйлесіп жатқанда сөздеріне араласпа! Біреу түшкіріп «Әлхамдулиллаһ» деген кезде, оған «Йәрхамукаллаһ» деп айтудың сауабы көп. Көшеде жүргенде үлкендердің және ғалымдардың алдында жүрме, жолын кеспе!

[«Фәтәуа-и Хиндийа» кітабының бесінші том, 379-шы бетінде былай делінеді: «Әркіммен мудара етіп сұхбаттасу керек. Яғни үнемі жылы сөзді, күлімдеген жүзді болу керек. Жақсы және жаман болса да, сунни және адасқан болса да, әркіммен кездескенде осындай болу керек. Бірақ, жамандарға және мазһабсыздарға мудахана етпеу керек, оның адасқан жолына разысың деген ой бермеу керек.» Мудара – Ислам дінінің сыртына шықпай, адамдардың көңілін аулау деген сөз. Мудахана – біреудің көңілін алғанда Ислам дінінің сыртына шығу, күнәға түсу деген сөз.]