29 - Жамазиәл-ахир, 1446 жыл.
     30 - Желтоқсан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Әдеп-ахлақ / Ислам ахлақы / ҚАЗЫЛЫҚ (СОТ) ЖӘНЕ ШАҒЫМДАНУШЫЛАР БӨЛІМІ

ҚАЗЫЛЫҚ (СОТ) ЖӘНЕ ШАҒЫМДАНУШЫЛАР БӨЛІМІ

166 – Сотқа бір ісің түскен кезде қазының алдында шағымданушымен немесе жауапкермен ұрыс-керіс шығарма! Не сұралса, тек соған ғана жауап бер! Егер куәгер ретінде барған болсаң, ешкімнің әсерінде қалмай, ешкімнен қорқпай, Аллаһ разылығы үшін шындықты сөйле! Залымдарға шындықты айтып, мұсылманның малын, жанын, намысын құртудан сақтан! Болмашы бір іспен дереу сотқа жүгіре берме! Әрдайым татуласу, келісу тарапын таңда! Әрі өзің әуре болмайсың, әрі мұсылманды кешіру сауабын аласың. Онсыз да, бітімге келу – үкімдердің ең жоғарысы.

Әркімнің өзіндік қасиетіне және дәрежесіне қарап сөйлесу керек. Бір ауылдық адаммен қалай сөйлескен болсаң, білімді адаммен де дәл солай сөйлеспе! Әр адаммен ол түсіне алатындай сөйлес және адамның жасына, біліміне және абыройына қарап сөйлес! Сөйлегенде ұқыпты бол, қалай болса солай сөйлеме! Сот және үкімет қызметкерлерімен сөйлесуге мәжбүр болсаң, онда алдын ала мұсылмандармен ақылдас! Ақылдасу сүннет болып табылады және үлкен сауап, әрі өте пайдалы. Олармен мудара жасап, күлімдеп сөйлес, дөрекі сөйлеспе және саған келген кездерінде оларға тағам немесе бір нәрсе ұсынып, сый-сияпат көрсет! Қызметкерлермен әзілдеспе, өзіңді құрметтеткіз!