19 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     21 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Иман ниғметіне қалай шүкір ету керек?

Иман ниғметіне қалай шүкір ету керек?

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Аллаһ үшін жасалған әрбір істе махаббат болады. Дүниелікті көздеп орындалған істе махаббат болмайды. Шынайы махаббат Аллаһтан келеді. Бұған Аллаһ разылығын көздеп әрекет ететіндер, достық құрғандар және үйленгендер қауышады. Нәпсін қандыру үшін құрылған некеде шынайы махаббат болмайды. Ол неке қысқа уақытта сотта бітуі мүмкін. Өйткені мұның іргетасы дұрыс қойылмаған. Саудада да осылай. Көптеген мекемелер құрылуынан біршама уақыт өткеннен кейін қайтадан тарап кетуде. Өйткені арадаға мақсат – Аллаһтың разылығы болмауымен қатар, сүйіспеншілік пен бірлік те Аллаһ разылығы үшін болмаған.

Дүниелікке берілгендер үш нәрсе үшін өмір сүреді: мансап, ақша және атақ-даңқ. Алайда бұлардың Аллаһтың алдында еш қадірі жоқ.

Бір мұсылман діни кітап оқыған кезінде білімді болады, бірақ ықыласты болмайды. Ықылас бір мүршид-и кәмілден (жетілдіре алатын үлкен ғалым, ұстаз, әулие) үйреніледі, мұның қайнар көзі осы. Су қажет болған адам су құбырына барғанындай, ықыласты болуды қалаған адам да мүршид-и кәміл болған әулиелерді жақсы көруі керек. Осы әулиелерге қауышқан адамнан бақыттырақ басқа ешкім жоқ. Олардың кітабын жақсы көріп оқыған адам да сол әулиелерден көп пайдаланады, ықылысқа да қол жеткізеді.

Ақыр заманда шайтанның және иман дұшпандарының әр түрлі айлаларының алдында Әһли сүннет сенімінде болу және осы дұрыс иманды қорғау тек Имам Раббани хазреттері сияқты әулиенің махаббаты мен иелігі арқылы жүзеге асады. Ол үшін, осы әулиелердің махаббатына қауышқаннан кейін, әрі көп шүкір ету, әрі қатты қорқу керек. Өйткені бір зат неғұрлым құнды болса, оның дұшпаны да, одан айрылып қалу қаупі де, соғұрлым қуатты болады. Осы тұрғыдан қатты қуану керек, әрі қатты қорқу да керек.

Ең үлкен ниғмет – дұрыс иман. Аллаһу та'ала қолымыздан алып қоймауы үшін бұл ниғметке шүкір ету керек. Аллаһу та'ала Мужадәлә сүресінде осы иман ниғметіне бір-бірімізді, дін бауырларымызды жақсы көру арқылы шүкір етуіміз керек екенін білдіруде.

Хубби филлаһ және буғди филлаһ, яғни Аллаһ үшін жақсы көру және Аллаһ үшін жек көру – дініміздің тірегі. Егер әулиелерді жақсы көретіндер бір-бірін жақсы көрмесе, ол әулиелерден фәйз келмейді. Әулиелерді жақсы көретіндігін айтқан адам олардың сүйіктілерін жақсы көрмей, керісінше жақсы көрмейтіндерін ұнататын болса, демек сөзі өтірік деген сөз. Мұсылманда хубби филлаһ пен буғди филлаһтың бар болуының белгісі бар: Егер ол мұсылманды басқа мұсылмандар жақсы көретін болса, оның бойында хуббы филлаһ бар деген сөз. Егер мунафиқтар (екі жүзділер) жақсы көрмесе, оның бойында буғди филлаһ бар деген сөз.