Перiштелерге сену
Екiншi шарт Перiштелерге иман
Уә Мәлаикатиһи: Аллаһу та’аланың перiштелерiне сендiм деу. Олар да Аллаһу та’аланың құлдары. Барлығы Аллаһу та’аланың әмiрлерiне мойынсұнады. Күнә iстемейдi. Еркек пен әйел болып бөлiнбейдi, үйленбейдi, iшiп-жемейдi, ұйықтамайды. Олар нұрдан жаралған, ақылды. Бұлардың ең үлкендері төртеу. 1. Жәбрәйiл алейһиссалам. Перiштелердiң ең үлкенi. Аллаһ пен пайғамбарлар арасында елшiлiк жасау оның басты мiндетi. 2. Исрафил алейһиссалам. Қиямет күнi сура деген аспапты үрлеу міндеттелген. Алғашқы үрлеуінде Аллаһу та’аладан басқа барлық тірі жан өледі, екіншісінде қайта тіріледі. 3. Микаил алейһиссалам. Табиғат құбылыстарын басқару, рызығының жіберілуі, молшылық, тапшылық, қымбатшылық, арзаншылық және де әр бір затты әрекет еттірумен міндеттелген. 4. Әзрейіл алейһиссалам. Адамдардың жанын алуға мiндеттелген. Бұлардан соң төрт сынып перiште бар. Хамалаи Арш делiнген перiштелер де төртеу. Аллаһтың құзырында болатын перiштелерге Муқаррабин делiнедi. Азап перiштелерiнiң үлкендерiне Кәрубиян, рахмет перiштелерiне Руханиян делiнедi. Жәннат перiштелерiнiң үлкенiнiң аты Ридуан, Тозақтын перiштелерiнiң үлкенiнiң аты Малик, Тозақ перiштелерiне Зәбани делiнедi. Саны жағынан ең көп болған махлұқ періштелер. Көктерде олар ғибадат етпеген бос жер жоқ. |