Қасым бин Мұхаммед
Қасым бин Мұхаммед хазреттері – табииннің ұлыларынан және Мәдинадағы жетілген, «Фукаха-и сәб'а» деп аталатын жеті үлкен ғалымның бірі. Силсилә-и алийа деп аталатын үлкен ғалымдар және әулиелердің үшіншісі. Әкесі Мұхаммед – хазреті Әбу Бәкірдің баласы. Имам Зәйнәлабидиннің де жиені болып келеді. Әкесі шәһид етіліп, кіші жаста жетім қалғанында, әпкесі хазреті Айша анамыздың қолында өсті. Сахабалардың көбінің қолында жетілген және олардан ілім үйреніп, әпкесі хазреті Айша бастаған, Әбу Хурайра, Ибн Аббас және Ибн Омар сияқты әйгілі сахабалардан хадис шәриф риуаят етті. Тасаууф ілімінде жетік маман еді. Уәра мен тақуада теңдесі және ұқсасы жоқ еді. Расулуллаһ алейһиссалам тасаууф ілімінің осы жоғары марифеттерінің бәрін бұл тұлғаның әкесі болған хазреті Әбу Бәкір Сыддықтың жүрегіне ағызды. Ол рух ілімінде де жетік маман болды. Хазреті Әбу Бәкір Сыддық та Расулуллаһтан алған осы фәйздерді сахабалардан Салмани Фарисидің жүрегіне ағызды. Рухты жоғарылатқан және оны азықтандырған бұл марифеттерге Мұхаммед бин Қасым да Салмани Фарисидің сұхбаттарына қатысып жетіліп, рух маманы болған еді. Силсилә-и алийа ғұламаларының төртіншісі болған имам Жафәр Садық та Қасым бин Мұхаммедтің сұхбаттарынан фәйз алды. Хадис және фиқһ ілімінде заманының ең үлкені еді. Ілімде және тақуалықта теңдесі кездеспейтін дәрежеге жеткен еді. Көп хадис шәриф жеткізді. Ілімін барлық адамдар қадірлейтін еді. Омар бин Абдулазиз: «Егер біреуді орныма халифа ретінде таңдауым қажет болғанда еді, Қасымды таңдар едім» деген. Діни мәселелерге қатысты өте нәзік қарайтын, тек ашық мағыналы болғандарына ғана фәтуа беретін еді. Әр күні таңертең Мәсжид-и Нәбиге келіп, екі рәкат намаз оқитын, кейін Расулуллаһтың минбері мен қабірі арасында отырып, сұралған мәселелерге фәтуа беретін еді. Мазһаб имамдарымыздан Малик бин Әнас та ол жайында: «Қасым – бұл үмбеттің фақихтарынан еді» деген. (Фақих – фиқһ ғалымы.) Ол өзі былай айтып берген: «Бір күні әпкем хазреті Айшаның жанына бардым. Одан «Анашым (әпкешім), мені сүйікті пайғамбарымыздың қасиетті қабіріне апарыңыз!» дедім. Осыған орай маған Хужрә-и са'адатты ашты. Үш қабір көрдім. Тым жоғары да емес, жермен бірдей де емес еді. Үстілеріне қызыл жұмыр тастары төселген еді. Сүйікті пайғамбарымыздың қасиетті қабірі бәрінен ілгеріде еді. Хазреті Сыддықтың басы пайғамбарымыздың мүбәрәк арқасы жағында, хазреті Омардың басы да Расулуллаһ мырзамыздың аяғы жағында орналасқан еді.» Қасым бин Мұхаммед хазреттері Мекке мен Мәдина арасында Кудәйд деп аталатын жерде, 725 жылы қайтыс болды. Қайтыс болуынан бұрын көзінен айрылды. Қайтыс болатынын түсінген кезінде баласына: «Менің үстімдегі мына киімдерім кебінім болсын» деді. Ол кезде үстінде көйлек, жамылғы және шапаны бар еді. Баласы: «Әкешім, мұны екі қабаттап шығарсақ болмайды ма?» деп сұрады. Сонда баласына: «Атам Әбу Бәкір де осылай үш бөлшекті кебінмен оранған еді. Біз үшін өлшем – олар. Осыншамасы жеткілікті, кейін тірілердің жаңа киімдерге өлілерге қарағанда көбірек қажеттілігі бар» деп жауаптады. |