20 - Жамазиәл-ахир, 1446 жыл.
     21 - Желтоқсан, 2024 жыл.   


САБЫР БӨЛІМІ

205 – Сабыр – дерт пен қиыншылықтарға шағымданбау деген сөз. Дерт пен қиыншылықтардан құтылу үшін «Сә'адети Әбәдийа» кітабының 110-шы бетін оқыңыз. Үш нәрсеге сабыр етсең, үлкен дәрежеге қол жеткізесің:

1) Қандай да бір бәле-жалаға сабыр етудің үш жүз сауабы бар. Бәле-жалаға қарсы шара қолдану, шешімін іздеу, дұға ету сабырдың сауабын азайтпайды.

2) Ислам білімдерін үйренген кездегі қиналуға және ғибадаттарды орындауда сабыр етуге жәннатта алты жүз дәреже беріледі.

3) Күнә істемеу үшін сабыр ету.

Нәпістің қалауларына қарсы сабыр етудің жеті жүз дәрежесі бар. Басқа келген қиыншылық үшін де әр деміне жеке бір дәреже және сауап алады. Мал-мүліктен, бала-шағадан айрылу үлкен қиыншылық болып саналады, бұларға сабыр еткендерді Аллаһу та’ала «Таразының басына алып келуге ұяламын» деген.

206 – Өлімнен қорықпа! Және өлімді қалама! Пайғамбарымыз алейһиссалам  былай деген: «Өлімді еске алыңдар және дұға етіп: "Йа, Раббым! Менің өлімім қайырлы болса, мені өлтір, ұзақ өмір сүру қайырлы болса, маған ұзақ өмір бер!" деп сұраңдар.»

Жаназаларда қызмет ет! Аллаһ разылығы үшін мәйіттің қабіріне бір күрек топырақ таста! Сол тастаған топырағың қияметте таразыңа қойылады. Жаназада жасалатын қызметтер «Сә'адети Әбәдийа» кітабымызда ұзақ жазылған.